Отдел образования акимата города Лисаковска


Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу
Вебмастер Lis-Edu.Kz 13:45 12 февраля 2013 г. Просмотров: 3996

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы

 

 

ҮЗIНДI:



Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысына   
қосымша       

«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Алматы және Астана қалаларының бiлiм басқармалары, қалалық және аудандық бiлiм бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексiнiң 124 – 125-баптарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет стандарты туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмi);
      2) уәкiлеттi органдардың орын-жайларында орналасқан стендiлерде орналасады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы анықтама (бұдан әрi – анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелдi жауабын ұсыну болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күндi (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
      2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттiк қызметтi алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      1) демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның ғимараттарында көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) жеке тұлғаның аудандық, қалалық бөлiмдер, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың бiлiм басқармалары бастықтарының атына өзiнiң қорғаншы (қамқоршы) болуға ниетi туралы өтiнiшi еркiн нысанда ресiмделедi;
      2) егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет бiлдiрген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келiсiмi;
      3) егер қорғаншы (қамқоршы), тәрбиешi болуға ниет бiлдiрген адам некеде тұрған болса, мемлекеттiк қызметтi алушының және жұбайының (зайыбының) жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi;
      4) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет бiлдiрген адамның және некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
      5) егер мемлекеттiк қызметтi алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының өмiрбаяны еркiн нысанда ресiмделедi;
      7) мемлекеттiк қызметтi алушыға жұмыс орнынан берiлген мiнездеме;
      8) жұмыс орнынан анықтама;
      9) жалақысы туралы анықтама;
      10) тұрғылықты жерiнен анықтама;
      11) некеде тұратыны туралы куәлiк (некеде тұрған болса);
      12) мемлекеттiк қызметтi алушының және оның жұбайының (зайыбының) сотталмағаны туралы анықтама.
      Аталған құжаттарды тапсырғаннан кейiн баланы тәрбиелеуге үмiткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексерiп-қарау жүргiзiледi, оның қорытындысы бойынша акт дайындалады.
      Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) берiлетiн әр бала үшiн қорғаншылық (қамқоршылық) ресiмдеуге ниет бiлдiрген адам мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мектеп әкiмшiлiгi растаған баланың келiсiмi (егер бала 10 жастан асса);
      2) баланың туу туралы куәлiгi;
      3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзiндi;
      4) ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi, сот үкiмi немесе шешiмi, ата-анасының ауруы немесе iздестiрiлуi туралы анықтама, бала некеде тумаған жағдайда № 4 нысандағы анықтама);
      5) баланың бiлiм алу орнынан анықтама;
      6) зейнетақы алатын балаларға зейнетақы кiтапшасы, алименттердi өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      7) аға-iнiлерi мен апа-қарындастары және олардың орналасқан жерлерi туралы анықтама;
      8) тұрғын үйiнiң бар немесе жоқ екендiгi туралы құжаттар.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары көшiрмелерiмен қоса берiледi, кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарылады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлер (өтiнiш нысандары) уәкiлеттi органның орын-жайларында үстелдерде орналастырылады не уәкiлеттi органның мамандарында болады.
      13. Толтырылған бланкiлер, нысандар, өтiнiштер және мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi басқа да құжаттар уәкiлеттi органның маманына тапсырылады.
      14. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат берiледi, онда мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiледi.
      15. Анықтама мемлекеттiк қызметтi алушының жеке қатысуымен берiледi.
      Егер мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде бармаған жағдайларда уәкiлеттi орган дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екi ай сақталуын жүзеге асырады.
      16. Уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған;
      2) қызмет көрсету үшiн шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттарда жалған немесе бұрмаланған мәлiметтер анықталған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi орган мамандарының мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысты iс-қимылы мына қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушылармен жұмыс кезiнде сыпайылық
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) өтiнiштердi қарау кезiнде лауазымды тұлғалар қызметiнiң ашықтығы;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпиялылық.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Уәкiлеттi органның қызметi бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi орган мамандарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсетудi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      21. Қызмет көрсетудiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым мемлекеттiк қызмет көрсететiн орын бойынша уәкiлеттi орган басшысының атына немесе әкiмдiкке берiледi.
      22. Қызмет тиiстi деңгейде көрсетiлмеген жағдайда шағым демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн уәкiлеттi органға берiледi.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Уәкiлеттi органға шағым беру үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы еркiн нысанда өз қолымен жазылған өтiнiштi бередi.
      25. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның кiрiс ақпаратын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау нәтижелерi мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
       26. Мемлекеттiк қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнде 010000, Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 11-кiреберiс, 939-каб. мекенжайынан, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес бiлiм бөлiмдерiнен, сондай-ақ комитеттiң www.bala-kkk.kz сайтынан ала алады.

Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2012 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход