Отдел образования акимата города Лисаковска


Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
Вебмастер Lis-Edu.Kz 13:48 12 февраля 2013 г. Просмотров: 4404

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы

 

 

ҮЗIНДI:



Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау
және балаларды қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) барлық типтегi және үлгiдегi мектепке дейiнгi ұйымдар (бұдан әрi – МДҰ) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабы 4) тармақшасының және 14-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң интернет-ресурсында «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi аяқтау нысаны осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес МДҰ мен заңды өкiлдер арасында жасалатын шарт болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет мектепке дейiнгi жастағы балалардың заңды өкiлдерiне (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттi қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды МДҰ-ға тапсыру және басшылардан қажеттi кеңес алу сәтiнен бастап – кемiнде 30 минут уақытты құрайды.
      2) мемлекеттiк қызметтi алушының өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес.
      3) өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттiк қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – кемiнде 30 минутты құрайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет МДҰ-ға өтiнiш жасаған жағдайда МДҰ басшысы белгiлеген заңды өкiлдердi қабылдау кестесiне сәйкес екi жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет МДҰ ғимаратында, тiкелей басшының кабинетiнде көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы МДҰ-ға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) қалалық (аудандық) Бiлiм басқармасы, ауылдық жерде – әкiмдiк берген жолдама;
      2) баланың денсаулық паспорты;
      3) эпидемиялық ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен анықтама.
      Мектепке дейiнгi ұйымдарды бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргiзiледi.
      12. Шарт бланкiлерiн МДҰ басшысы бередi.
      Шарт 2 данада жасалады.
      Бала тiркеуден кейiн мемлекеттiк қызмет көрсететiн МДҰ-да жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларына, бекiтiлген сабақ кестесiне сәйкес оқыту және күтiлу құқығына ие болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алушылар (заңды өкiлдер) толтырған шарт МДҰ басшысына тапсырылады (бiр данасы МДҰ басшысында ақталады, екiншiсi мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлiнiң) қолында қалады).
      14. Мемлекеттiк қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етiлмейдi.
      15. Мемлекеттiк қызмет МДҰ-да мемлекеттiк қызметтi алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Егер осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымының қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) мектепке дейiнгi бiлiмнiң зайырлы, адамгершiлiк, дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтар, балалардың өмiрi мен денсаулығының басымдылығы, тұлғаның еркiн дамуы;
      2) адамның конституциялық құқықтары мен еркiндiгiн құрметтеу;
      3) тәрбиенiң, оқыту мен дамытудың бiрлiгi;
      4) кәсiби этика мен мәдениеттi, қызметтiк борышты атқару кезiндегi заңдылықты сақтау;
      5) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;
      6) мектепке дейiнгi ұйым қызметiнiң айқындылығы мен басқарудың демократиялық стилi;
      7) сапалы мектепке дейiнгi бiлiм алуға баршаның тең құқылығы.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекеменiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын бiлiм беру саласының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың (бұдан әрi – Уәкiлеттi орган) бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызметтi алушыға МДҰ басшысының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiредi.
      21. Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасымен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 3-қосымашсында мекенжайы көрсетiлген тиiстi жергiлiктi атқарушы органның бiлiм бөлiмiне шағымданады.
      22. Мемлекеттiк қызметтi алушы шағымды Уәкiлеттi органға бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес бередi.
      23. Уәкiлеттi органның шағымды қарастыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
       24. Мемлекеттiк қызметтi алушы ресми түрде апелляцияға беру немесе шағымдану үшiн еркiн үлгiде өтiнiш бередi. Өзiмен бiрге тұлғасын растайтын құжаты болуы тиiс.
      25. Қабылданған шағым бiлiм бөлiмiнiң кiрiс ақпараттары журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
       Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2012 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход