Отдел образования акимата города Лисаковска


Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
Вебмастер Lis-Edu.Kz 13:48 12 февраля 2013 г. Просмотров: 4096

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы

 

 

ҮЗIНДI:



Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейтiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырыстары есебiнен балаларға қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорындар болып табылатын балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарында көрсетiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 1-бабының 38-1), 39) тармақшаларына; 4-бабының 19) тармақшасына; 5-бабының 44-5) тармақшасына; 6-бабының 2-тармағының 14) тармақшасына; 6-бабының 3-тармағының 5), 10) тармақшаларына; 6-бабының 4-тармағының 5), 9) тармақшаларына; 23-бабының 3-тармағына; 26-бабының 12-тармағына; 40-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарында орналастырылған стендтерде, сондай-ақ, бiлiм бөлiмдерiнiң ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесi қосымша бiлiм беру ұйымына осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес баланың заңды өкiлi мен балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негiзiнде қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет 3 жастан 18 жасқа дейiнгi жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштi қарастыру 3 жұмыс күнiн құрайды (балалардың музыкалық, көркемөнер, шығармашылық және спорт мектептерi үшiн 15 жұмыс күнi);
      2) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызметтi алу үшiн күту (тiркелу кезiнде) уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      3) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      8. Мемлекеттiк қызметтi алушы жеке өтiнiш берген жағдайда мемлекеттiк қызметтi өтiнiш түскеннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдары жұмыстарының белгiленген кестесiне сәйкес жауапты тұлға жүзеге асырады.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген кестеге сәйкес түскi үзiлiспен 9.00- ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      Алдын ала жазылу және қызметтi жедел ресiмдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушыларға, оның iшiнде даму мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға қызмет көрсету жағдайлары қарастырылған балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарына мынадай құжаттарды тапсыруы керек:
      1) балаларды қосымша бiлiм беру ұйымдарына тiркеу туралы заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi;
      2) баланың туу туралы куәлiгiнiң, жеке басын куәландыратын құжатының (бар болған жағдайда) көшiрмесi;
      3) бала мен ата-анасының мәлiметтерi бар сауалнама;
      4) қызмет көрсету талаптары көрсетiлген шарт (қажеттiлiгiне қарай);
      5) қажеттiлiгiне қарай денсаулығы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi балаларға қосымша бiлiм беру ұйымының фойесiнде, сондай-ақ қосымша бiлiм беру ұйымдарының уәкiлеттi органының ресми сайтында орналастырылады.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар аталған қызметтi ұсынуға жауапты тұлғаның кабинетiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiштi алу мерзiмi мен нөмiрi, құжаттарды қабылдап алған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, қызметтi алу мерзiмi көрсетiлiп қолхат берiледi.
      15. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi туралы ақпаратты алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiш түскеннен кейiн 3 жұмыс күнi өткен соң бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес жауапты тұлғаға жеке өзi баруы тиiс.
      16. Мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Қызметтi ұсынудың негiзгi қағидаттары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушы белгiленген уақытта алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттiк қызметтi уақытылы ұсыну;
      5) сыпайылылық және әдептiлiк болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет сапасы мен қолжетiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi қажеттiлiгi қарай балаларға қосымша бiлiм беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Осы стандарттың 4-қосымшасында мекенжайы көрсетiлген аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерi уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiредi және шағымды дайындауға жәрдемдеседi.
      21. Шағымдар пошта арқылы жазбаша түрде немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде, не кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағым беру барысында қажеттi құжаттардың тiзбесiне еркiн үлгiде жазылған өтiнiш кiредi.
      Жұмыс және қосымша бiлiм беру ұйымдары мен бөлiмдер басшыларының қабылдау кестесi белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады.
      22. Мемлекеттiк қызмет сапасыз ұсынылған және дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым осы стандарттың 4-қосымшасында мекенжайы көрсетiлген тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың бiлiм бөлiмдерiне жолданады.
      23. Мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Жоғары тұрған органдарға шағым жолдау үшiн мемлекеттiк қызметтi алушының еркiн үлгiде өз қолымен жазған арызы берiледi.
      Қажет болған жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы арызға сапасыз қызмет көрсетiлгенiн растайтын құжаттарды қоса бередi.
      25. Қабылданған шағымдар бiлiм бөлiмдерiнiң кiрiс ақпараттар журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
       Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2012 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход