Отдел образования акимата города Лисаковска


Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау
Вебмастер Lis-Edu.Kz 13:49 12 февраля 2013 г. Просмотров: 4058

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы

 

 

ҮЗIНДI:



Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды
ұсыну үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыру ұсыну үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1, 2-қосымшаларға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, 3-тармағының 21) тармақшасына, 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат осы Стандарттың 3, 4-қосымшаларында тiзбесi көрсетiлген облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың бiлiм басқармаларының фойелерiнде орналасқан стендтерде, сондай-ақ облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдiктерiнiң және бiлiм басқармасының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесi осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектепте тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз етiлгенi туралы анықтаманы қағаз түрiнде бере отырып, жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң жеке санаттарына тегiн ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнiнде дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк мекемелердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы):
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi өмiр сүру деңгейiнен төмен, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
      3) отбасыларда тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      4) төтенше жағдайлардың нәтижесiнде шұғыл көмектi қажет ететiн отбасылардан шыққан балаларға;
      5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы балаларға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш беру бес жұмыс күнiн (өтiнiш түскен мерзiмнен бастап бес күн iшiнде) құрайды;
      2) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң барынша шектi уақыты (тiркеу кезiнде) – 30 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң барынша шектi уақыты – 30 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет оқу жылы бойы көрсетiледi:
      белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жұмыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Алдын ала жазылу және жедел ресiмдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушыларға, оның iшiнде дене мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшiн жағдай жасалған облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы жалпы бiлiм беретiн мектептердiң ғимараттарында көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы жалпы бiлiм беретiн мектепке мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) осы стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдар санаты үшiн өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      2) осы стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар санаты үшiн табысы туралы мәлiметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түскен табыстары, балаларға төленетiн алимент түрiндегi және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      3) осы стандарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген отбасыларда тәрбиеленетiн адамдар санаты үшiн, уәкiлеттi органның жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеудi бекiту туралы шешiмi;
      4) осы стандарттың 6 тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негiзiнде алқалық орган айқындайды. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетiлген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттарды сұратуға құқылы.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алуға арналған өтiнiштiң үлгiсi және қажеттi құжаттар тiзбесi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң фойесiнде орналастырылады, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептiң қызмет көрсетуге жауапты қызметкерiнен алуға болады.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар аталған қызметтi көрсетуге жауапты жалпы бiлiм беретiн мектеп қызметкерiнiң кабинетiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес қызметтi алатын күнiн көрсете отырып, қолхат берген жалпы бiлiм беретiн мектептiң жауапты қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, өтiнiштi қабылдап алған күнi мен нөмiрi көрсетiлген қажеттi құжаттарды қабылдап алғаны жөнiнде қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi жалпы бiлiм беретiн мектептiң жауапты қызметкерi мемлекеттiк қызметтi алушының өзi немесе оның өкiлi өтiнiш берген жағдайда (ресми бекiтiлген тиiстi құжаттар болған жағдайда) өтiнiш түскеннен бастап 5 күн өткен соң берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартуға мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық тапсырмауы негiз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Қызмет көрсетудiң негiзгi қағидаттары:
      1) Қазақстан Републикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттiк қызметтi уақытында ұсыну;
      5) сыпайылық және нақтылық.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандарттың 8-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi бiлiм беру органдарының қызметкерлерi уәкiлеттi лауазымды тұлғаның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiредi және шағымды дайындауға көмек көрсетедi.
      21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi бiлiм беру органдарының кеңселерi арқылы аталған стандарттың 3, 4-қосымшаларына сәйкес жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Шағым беру кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiне еркiн нысанда жазылған өтiнiш және қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы ұсынған құжаттардың көшiрмелерi кiредi.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы бойынша наразылық болса, қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiне мына мекенжай бойынша берiледi: Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 11-кiреберiс, 945-кабинет.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы бiлiм беру органдарына шағым беру үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiштi еркiн нысанда өз қолымен жазады.
      25. Қабылданған шағым облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы бiлiм беру органдарының кiрiс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiштiң  күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
      26. Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта немесе электронды пошта арқылы хабарланады.

Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2012 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход