Отдел образования акимата города Лисаковска


Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау
Вебмастер Lis-Edu.Kz 13:50 12 февраля 2013 г. Просмотров: 4278

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы

 

ҮЗIНДI:



Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау»
мемлекеттiк қызмет стандарты

      1. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары, аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) және республиканың бiлiм беру ұйымдары көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, 3-тармағының 11) тармақшасына, 4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат бiлiм беру ұйымдарындағы стендтерде, сондай-ақ, өңiрлердегi бiлiм бөлiмдерiнiң ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет бiлiм беру ұйымдарындағы күн көрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берген күннен бастап күнтiзбелiк 10 күндi құрайды;
      2) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызметтi алғанға дейiн күтетiн (тiркелу кезiнде) барынша шектi уақыт – 30 минуттан аспайды.
      3) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызмет көрсететiн барынша шектi уақыт – 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет жергiлiктi және республикалық бюджет есебiнен тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және қызметтi жедел ресiмдеусiз уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымдарының бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес жүргiзiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушыларға, оның iшiнде дене мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған уәкiлеттi органның және бiлiм беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
       1) ата-аналардан өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар беретiн мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      4) денсаулығы жағдайы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
     12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi бiлiм беру ұйымының фойесiнде, сондай-ақ, өңiрлердiң бiлiм бөлiмдерiнiң ресми сайттары мен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар тiзбесi уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымындағы мемлекеттiк қызметтi ұсынуға жауапты тұлғаға тапсырылады.
      14. Уәкiлеттi орган және бiлiм беру ұйымы барлық қажеттi құжаттарды қабылдау кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:
      1) өтiнiштi қабылдау нөмiрi мен күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса тiркелген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орыны;
      5) құжаттарды ресiмдеу үшiн өтiнiштi қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, оның байланыс деректерi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi мемлекеттiк қызметтi алушыға жеткiзу мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлiнiң) өзi келген жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметтi ұсыну үшiн белгiленген тұлғалар санаттарына сай келмеуi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Қызметтi көрсетудiң негiзгi қағидалары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттiк қызметтi уақытылы ұсыну;
      5) сыпайылық және әдептiлiк болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет сапасы мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi қажеттiлiгiне қарай уәкiлеттi басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Осы стандартқа 1-қосымшада мекенжайлары көрсетiлген уәкiлеттi органдар уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiредi және шағымды дайындауға жәрдемдеседi.
      21. Шағымдар пошта бойынша жазбаша түрде немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде немесе уәкiлеттi органның кеңселерi арқылы қолма-қол қабылданады.
      Уәкiлеттi орган басшыларының жұмыс және қабылдау кестесi белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады.
      22. Мемлекеттiк қызмет сапа бойынша наразылық болса және дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым тиiстi жергiлiктi атқарушы органның бiлiм бөлiмiне берiледi.
      23. Мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Шағымда тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күнi көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызметтi алушы қол қоюы тиiс. Шағым беру кезiнде субъектiнiң атауы немесе шағым берiлген лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөнi, сондай-ақ арыздың себептерi мен талаптары көрсетiледi.
      Қажет болған жағдайларда мемлекеттiк қызметтi алушы арызға уәкiлеттi орган ұсынған мемлекеттiк қызметтiң сапасыз екенiн растайтын құжаттарды қоса бередi.
      25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кiрiс ақпараты журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
       Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2012 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход