Отдел образования акимата города Лисаковска


№482 - Мемлекеттiк қызмет көрсету регламенттерiн бекiту туралы
Вебмастер Lis-Edu.Kz 16:12 12 февраля 2013 г. Просмотров: 4499

Мемлекеттiк қызмет көрсету регламенттерiн бекiту туралы

Қостанай облысы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 31 қазандағы № 482 қаулысы. Қостанай облысының Әдiлет департаментiнде 2012 жылғы 28 қарашада № 3901 тiркелдi

 

 


 

      РҚАО ескертпесi.
      Мәтiнде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк қызмет көрсету регламенттерi бекiтiлсiн:
      1) "Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу";
      2) "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру";
      3) "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау";
      4) "Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру";
      5) "Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау";
      6) "Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау";
      7) "Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау";
      8) "Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау";
      9) "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау";
      10) "Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау";
      11) "Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау";
      12) "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау";
      13) "Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай облысының әкiмi                   Н. Садуақасов

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қостанай облысы
      әкiмдiгiнiң бiлiм
      басқармасы"
      ММ бастығы
      ______ М. Жүндiбаев

Әкiмдiктiң        
2012 жылғы 31 қазандағы   
№ 482 қаулысымен    
бекiтiлген       

"Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы – жеке тұлға (бұдан әрi - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi - ҚФБ);
      3) уәкiлеттi орган – қалалық және аудандық бiлiм бөлiмдерi.

2. Жалпы ережелер

      2. "Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексiнiң 124 – 125-баптарының негiзiнде көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы анықтама (бұдан әрi – анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелдi жауабын ұсыну болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның ғимараттарында көрсетiледi. Уәкiлеттi органдардың тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер Стандарттың 1-қосымшасында келтiрiлген.
      Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн уәкiлеттi органдардың ғимараттарында күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыруға арналған орындар, қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.
      Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      1) демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi;
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, "Нормативтiк құқықтық актiлер" бөлiмi);
      2) уәкiлеттi органдардың орын-жайларында орналасқан стендiлерде орналасады.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) алушы осы Регламенттiң 13-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күндi (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
      2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берген күнi сол жерде алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
      9. Уәкiлеттi орган:
      1) алушы осы Регламенттiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда;
      2) қызмет көрсету үшiн шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттарда жалған немесе бұрмаланған мәлiметтер анықталған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы уәкiлеттi органға осы Регламенттiң 13-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) уәкiлеттi органның маманы алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат бередi;
      3) уәкiлеттi органның басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) уәкiлеттi органның басшысы анықтамаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) уәкiлеттi органның маманы алушыға анықтаманы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Құжаттардың қабылдануы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның маманы арқылы жүзеге асырылады.
      Барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат берiледi, онда мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiледi.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) жеке тұлғаның аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерi бастықтарының атына өзiнiң қорғаншы (қамқоршы) болуға ниетi туралы өтiнiшi еркiн нысанда ресiмделедi;
      2) егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет бiлдiрген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келiсiмi;
      3) егер қорғаншы (қамқоршы), тәрбиешi болуға ниет бiлдiрген адам некеде тұрған болса, алушының және жұбайының (зайыбының) жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi;
      4) Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес қорғаншы (қамқоршы), тәрбиешi болуға ниет бiлдiрген адам некеде тұрған болса, қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет бiлдiрген адамның және жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
      5) егер алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;
      6) алушының өмiрбаяны еркiн нысанда ресiмделедi;
      7) алушыға жұмыс орнынан берiлген мiнездеме;
      8) жұмыс орнынан анықтама;
      9) жалақысы туралы анықтама;
      10) тұрғылықты жерiнен анықтама;
      11) некеде тұратыны туралы куәлiк (некеде тұрған болса);
      12) алушының және оның жұбайының (зайыбының) сотталмағаны туралы анықтама.
      Аталған құжаттарды тапсырғаннан кейiн баланы тәрбиелеуге үмiткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексерiп-қарау жүргiзiледi, оның қорытындысы бойынша акт дайындалады.
      Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) берiлетiн әр бала үшiн қорғаншылық (қамқоршылық) ресiмдеуге ниет бiлдiрген адам мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мектеп әкiмшiлiгi растаған баланың келiсiмi (егер бала 10 жастан асса);
      2) баланың туу туралы куәлiгi;
      3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзiндi;
      4) ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi, сот үкiмi немесе шешiмi, ата-анасының ауруы немесе iздестiрiлуi туралы анықтама, бала некеде тумаған жағдайда № 4 нысандағы анықтама);
      5) баланың бiлiм алу орнынан анықтама;
      6) зейнетақы алатын балаларға зейнетақы кiтапшасы, алименттердi өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;
      7) аға-iнiлерi мен апа-қарындастары және олардың орналасқан жерлерi туралы анықтама;
      8) тұрғын үйiнiң бар немесе жоқ екендiгi туралы құжаттар.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары көшiрмелерiмен қоса берiледi, кейiн құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлер (өтiнiш нысандары) уәкiлеттi органның орын-жайларында үстелдерде орналастырылады не уәкiлеттi органның мамандарында болады.
      15. Анықтама алушының жеке қатысуымен берiледi.
      Егер алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде бармаған жағдайларда уәкiлеттi орган дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екi ай сақталуын жүзеге асырады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) уәкiлеттi органның маманы;
      2) уәкiлеттi органның басшысы.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға уәкiлеттi органның басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Жетiмдердi, ата-анасының   
қамқорлығынсыз қалған балаларды 
әлеуметтiк қамсыздандыруға   
арналған құжаттарды ресiмдеу"  
мемлекеттiк қызмет көрсету   
регламентiне        
1-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң)
дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Уәкiлеттi
органның
маманы

Уәкiлеттi
органның
басшысы

Уәкiлеттi органның
маманы

3

Әрекеттiң
(үдерiстiң
рәсiмнiң,
операция-
ның)
атауы және
олардың
сипаттама
сы

Осы
Регла-
менттiң 13-тар-
мағында
көрсетiлген
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп
түскен
құжаттардың
және
деректердiң
толықтығын
және
сенiмдiлi-
гiн тек-
серу, мем-
лекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне
қол қою

Алушыға мемлекеттiк
қызмет көрсетудiң
нәтижесiн беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға
барлық
құжаттарды
алғаны
туралы
қолхатты
беру

Анықтама немесе қызмет
көрсетуден бас тарту туралы
дәлелдi жауап

5

Орындау
мерзiмдерi

20 минуттан
аспайды

Күнтiзбелiк 30 күн (құжаттарды
қабылдаған күн және берген күн
мемлекеттiк қызмет көрсету
мерзiмiне кiрмейдi)

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

-

 

"Жетiмдердi, ата-анасының   
қамқорлығынсыз қалған балаларды  
әлеуметтiк қамсыздандыруға  
арналған құжаттарды ресiмдеу" 
мемлекеттiк қызмет көрсету   
регламентiне        
2-қосымша         

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң        
2012 жылғы 31 қазандағы  
№ 482 қаулысымен   
бекiтiлген      

"Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелмейтiн ұлты қазақ тұлғалар (бұдан әрi - алушылар);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi - ҚФБ);
      3) ТжКБ ұйымдары – мемлекеттiк қызмет көрсететiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары.

2. Жалпы ережелер

      2. "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 43-бабының негiзiнде көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет ақысыз көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi жатақхана берiлетiнi туралы жолдама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет ТжКБ ұйымдарында көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету мақсатында күту үшiн және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажеттi құжаттар тiзбесi мен құжаттарды рәсiмдеу үлгiлерi бар стендiлермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орындар). Дене мүмкiндiктерi шектеулi алушылар кедергiсiз қол жеткiзуi үшiн ғимараттарда пандусы бар кiреберiс қарастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүргiзiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат ТжКБ ұйымдарының веб-сайттарында, сонымен қатар ТжКБ ұйымдарының фойесiнде орналасқан стендтерде орналастырылады.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) алушы осы Регламенттiң 12-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 20 минуттан артық емес;
      2) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берген сәттен бастап күнтiзбелiк 7 күннен аспайды.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттардың толық топтамасы ұсынылмағанда. Алушы көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiзде қарастырылады;
      2) ТжКБ ұйымдарында жатақханаларында орын болмағанда.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы ТжКБ ұйымына осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) ТжКБ ұйымының маманы алушыға барлық құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi;
      3) ТжКБ ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) ТжКБ ұйымының басшысы жатақхана берiлетiнi туралы жолдамаға немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) ТжКБ ұйымының маманы алушыға жатақхана берiлетiнi туралы жолдаманы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. ТжКБ ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Алушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жатақханадан орын беру туралы өтiнiш;
      2) 3x4 көлемiндегi 6 фотосурет;
      3) 086-У нысандағы медициналық анықтама;
      4) факультет деканатының қолдаухаты;
      5) отбасы болған жағдайда отбасының құрамы туралы анықтама;
      6) ата-анасының бiреуi немесе ата-аналары қайтыс болған жағдайда ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болғаны туралы анықтама (жетiмдер үшiн);
      7) отбасында 4 және одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көп балалы отбасының балалары үшiн);
      8) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      9) оқу орнынан анықтама.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу туралы өтiнiштер нысандары ТжКБ ұйымдарының фойесiнде орналасады немесе мамандарда болады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар ТжКБ ұйымдарының оқу бөлiмiне тапсырылады.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсырған кезде алушыға барлық құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:
      1) сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қосымша құжаттардың атауы мен саны;
      4) күнi (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      5) құжаттарды рәсiмдеуге өтiнiштi қабылдап алған ТжКБ өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, оның байланыс деректерi.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру алушының (заңды өкiлiнiң) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) ТжКБ ұйымының маманы;
      2) ТжКБ ұйымының басшысы.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға ТжКБ ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Техникалық және кәсiптiк  
бiлiм беру ұйымдарында,  
жоғары оқу орындарында   
оқитындарға жатақхана беру" 
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне       
1-қосымша         

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

ТжКБ
ұйымының
маманы

ТжКБ
ұйымының
басшысы

ТжКБ ұйымының
маманы

3

Әрекеттiң
(үдерiстiң,
рәсiмнiң,
операция-
ның)
атауы және
олардың
сипаттамасы

Осы Регла-
менттiң
12-тарма-
ғында
көрсетiлген
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп түскен
құжаттардың
және
деректердiң
толықтығын
және
сенiмдiлiгiн
тексеру,
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне
қол қою

Алушыға
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiн беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға
барлық
құжаттардың
қабылданған
туралы
қолхат беру

Жатақхана берiлетiнi туралы
жолдама немесе қызмет
көрсетуден бас тарту туралы
дәлелдi жауап

5

Орындау
мерзiмдерi

20 минуттан
аспайды

Күнтiзбелiк 7 күннен аспайды

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

-

"Техникалық және кәсiптiк  
бiлiм беру ұйымдарында,  
жоғары оқу орындарында   
оқитындарға жатақхана беру" 
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне       
2-қосымша         

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi
арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң       
2012 жылғы 31 қазандағы  
№ 482 қаулысымен    
бекiтiлген      

"Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушылар – негiзгi орта (жалпы негiзгi), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсiптiк (кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары (кәсiптiк жоғары) бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар (бұдан әрi - алушылар);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi - ҚФБ);
      3) ТжКБ ұйымы – мемлекеттiк қызмет көрсететiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымы.

2. Жалпы ережелер

      2. "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 26-бабы және "Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысы (бұдан әрi - Үлгi қағидалар) негiзiнде көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. ТжКБ ұйымы көрсететiн қызмет көрсету ТжКБ ұйымы бекiтетiн және құрылтайшымен келiсiлген қызмет көрсету тарифiне сәйкес ақылы негiзде жүргiзiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрық немесе қызмет көрсетуден бас тартатындығы туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет меншiк нысанына қарамастан алушыларға, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға қызмет көрсету үшiн жағдай қарастырылған училищелерде, колледждерде және жоғары техникалық мектептерде көрсетiледi. Оқу орындарының фойесi бланкiлердi толтыру үлгiлерi бар ақпараттық стендтермен жарақтандырылады. Күту жағдайы және қажеттi құжаттарды даярлауға қолайлы болуы үшiн бөлмелер креслолармен және орындықтармен жабдықталған.
      Мемлекеттiк қызмет:
      1) оқудың күндiзгi нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
      2) оқудың кешкi және сырттай нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
      3) өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шiлде аралығында жүзеге асырылады.
      Түсу емтихандары күндiзгi оқу бөлiмiне 1 тамыз бен 28 тамыз, кешкi және сырттай оқу бөлiмiне 1 тамыз бен 25 қыркүйек, өнер және мәдениет мамандықтарына немесе шығармашылық емтиханы 21 шiлде мен 28 шiлде аралығында өткiзiледi.
      Техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм алушылар құрамына қабылдау күндiзгi оқу бөлiмiне 25 тамыз бен 30 тамыз, кешкi және сырттай оқу нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүргiзiледi;
      4) белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн жұмыс күндерi көрсетiледi;
      5) қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының интернет-ресурстарында және фойелерiнде орналасқан стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң (www.edu.gov.kz) ресми сайтында орналастырылады.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) алушы осы Регламенттiң 12-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдау кезеңiнде – 60 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн жүгiнген сәттен – өтiнiш түскен күнiнен бастап Үлгi қағидаларда белгiленген бiлiм алушы қатарына қабылдау кезеңiне күндiзгi оқу нысанына 30 тамызға, сырттай оқу нысанына 30 қыркүйекке дейiн.
      Құжаттар тiркелген күннен бастап бiр аптадан аспайтын мерзiмде қабылдау комиссиясы оқуға түсушiлерге түсу емтихандарына жiберiлгендiктерi туралы хабарлайды.
      9. Алушының осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болады, бас тарту себептерi жазбаша негiзделедi.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы ТжКБ ұйымының қабылдау комиссиясына осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) ТжКБ ұйымының қабылдау комиссиясы алушыға Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны жөнiнде қолхат бередi;
      3) ТжКБ ұйымының қабылдау комиссиясы алушымен ұсынылған құжаттарды қарайды және оқуға түсушiлерге түсу емтихандарына жiберiлгендiгi туралы хабарлайды;
      4) ТжКБ ұйымының басшысы конкурстың қорытындыларын қарайды және оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрыққа немесе қызметтi ұсынудан бас тартатындығы туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) ТжКБ ұйымының қабылдау комиссиясы алушыға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрықты немесе қызметтi ұсынудан бас тартатындығы туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. ТжКБ ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды (қабылдау комиссиясының маманы).

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) бiлiмi туралы құжаттар (түпнұсқа);
      3) бiлiм беру ұйымына оқуға қабылдау туралы өтiнiш;
      4) № 086-У нысанындағы медициналық анықтама флюрография суретiмен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшiн медициналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысы) қоса берiледi;
      5) 3х4 көлемдегi 4 фотосурет.
      Алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды заңды өкiлдерi жеке өздерi ұсынады.
      Шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар мәртебесiн анықтайтын, тұрғылықты жерге тiркелгендiгi туралы белгiсi бар құжатты ұсынады:
      1) шетелдiк – шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
      2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлiгi;
      3) босқын – босқынның куәлiгi;
      4) пана iздеушi тұлға – пана iздеушi тұлғаның куәлiгi;
      5) оралман – оралманның куәлiгi.
      Оқуға түсушiлерден түскен өтiнiштер бiлiм беру ұйымының тiркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тiркеледi.
      Кешендi тестiлеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшiн ағымдағы жылы кешендi тестiлеуге қатысқан өткен жылғы түлектер) немесе ҰБТ нәтижелерi туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысқан бiтiрушiлер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және Үлгi қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа жiберiледi.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алуға арналған өтiнiштiң үлгiсi оқу орнының фойесiнде орналастырылады, сондай-ақ оқу орнының қабылдау комиссиясы мамандарынан алуға болады.
      14. Өтiнiш, сондай-ақ барлық қажеттi құжаттар ТжКБ ұйымдарының қабылдау комиссиясына тапсырылады.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн алушылардың ұсынған құжаттары "Бiлiм алушылар қатарына түсушiлердi тiркеу кiтабына" тiркеледi. Құжаттарды өткiзген тұлғаларға құжаттарды қабылданғаны жөнiнде Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтiнiштi қабылдап алған күндi және нөмiрiн, қолхат берген қабылдау комиссиясы мүшесiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, қолхат берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру алушының (заңды өкiлiнiң) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) ТжКБ ұйымының қабылдау комиссиясы;
      2) ТжКБ ұйымының басшысы.
      18. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға ТжКБ ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Техникалық және кәсiптiк   
бiлiм беру бағдарламалары   
бойынша кадрлар даярлауды   
жүзеге асыратын бiлiм беру  
ұйымдарына құжаттарды қабылдау 
және оқуға қабылдау"     
мемлекеттiк қызмет көрсету   
регламентiне        
1-қосымша         

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

ТжКБ ұйымының
қабылдау
комиссиясы

ТжКБ
ұйымының
қабылдау
комиссиясы

ТжКБ
ұйымының
басшысы

ТжКБ
ұйымы
ның
қабы-
лдау
коми-
сси-
ясы

3

Әрекеттiң
(үдерiс-
тiң,
рәсiмнiң,
операция-
ның)
атауы
және
олардың
сипатта-
масы

Осы
Регламенттiң
12-тармағында
көрсетiлген,
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қарау

Конкурс-
тың
қорытын-
дыларын
қарау,
мемле-
кеттiк
қызмет
көрсету-
дiң
нәтижесi
не қол
қою

Алушы
ға
мемле
кет-
тiк
қыз-
мет
көрсе
тудiң
нәти-
жесiн
беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға
Стандарттың
1-қосымшасына
сәйкес
құжаттардың
қабылданғаны
жөнiнде
қолхат беру

Оқуға
түсушiлерге
түсу
емтихандары-
на жiберiл-
гендiгi
туралы
хабарлау

Оқуға қабылдау
туралы жалпы
бұйрық немесе
қызметтi
ұсынудан бас
тартатындығы
туралы дәлелдi
жауап

5

Орындау
мерзiмде-
рi

60 минуттан
аспайды

Бiр аптадан
аспайтын
мерзiмде

Күндiзгi оқу
нысанына
30 тамызға
дейiн;
Сырттай оқу
нысанына
30 қыркүйекке
дейiн

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

4

-

"Техникалық және кәсiптiк   
бiлiм беру бағдарламалары   
бойынша кадрлар даярлауды  
жүзеге асыратын бiлiм беру  
ұйымдарына құжаттарды қабылдау 
және оқуға қабылдау"     
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне        
2-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты айғақтайтың сызба

 

Әкiмдiктiң     
2012 жылғы 31 қазандағы 
№ 482 қаулысымен   
бекiтiлген     

"Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (бұдан әрi - алушылар);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi - ҚФБ).

2. Жалпы ережелер

      2. "Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңы 4-бабының 9) тармақшасына және "Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына сәйкес көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi бiлiм туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымы) көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орын). Дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың мемлекеттiк қызметтi кедергiсiз алуға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн ғимараттарда арнайы жабдықталған пандус қарастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден бастап 18.00-ға дейiн көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүргiзiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат бiлiм беру ұйымдарының веб-сайттарында орналастырылады.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) алушы осы Регламенттiң 12-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берген сәттен бастап күнтiзбелiк 10 күн iшiнде.
      9. Осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады. Алушы көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiзде қарастырылады.
      Алушы мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартылғаны туралы дәлелдi жауапты бiлiм беру ұйымынан алады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы бiлiм беру ұйымына осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) бiлiм беру ұйымы алушыға барлық құжаттардың алынғаны туралы қолхат бередi;
      3) бiлiм беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) бiлiм беру ұйымының басшысы бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты беру жөнiндегi шешiмдi қабылдайды;
      5) бiлiм беру ұйымы алушыға бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. Бiлiм беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) құжатты жоғалтқан азаматтың бiлiм беру ұйымы басшысының атына оның жоғалу жағдайы баяндалған өтiнiшi;
      2) құжаттың нөмiрi және берiлген күнi көрсетiлген құжаттың жоғалғаны жөнiндегi газеттен үзiндi;
      3) туу туралы куәлiктiң немесе жеке куәлiктiң көшiрмесi;
      4) жоғалған заттарды табу бюросынан анықтама.
      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат бiлiм беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар бiлiм беру ұйымдарына тапсырылады.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырған жағдайда алушыға барлық құжаттардың алынғаны туралы қолхат берiледi, онда:
      1) сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) ұсынылған құжаттардың атаулары және саны;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) құжаттардың ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған бiлiм беру ұйымы өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, оның байланыс деректерi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн жеткiзу алушының (заңды өкiлiнiң) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) бiлiм беру ұйымы;
      2) бiлiм беру ұйымының басшысы.
      18. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға бiлiм беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Бiлiм туралы құжаттардың   
телнұсқаларын беру"     
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне        
1-қосымша         

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Бiлiм беру
ұйымы

Бiлiм беру
ұйымының
басшысы

Бiлiм беру
ұйымы

3

Әрекеттiң
(үдерiстiң,
рәсiмнiң,
операцияның)
атауы және
олардың
сипаттамасы

Осы
Регламенттiң
12-тармағын-
да көрсетiл-
ген,
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп түскен
құжаттардың
және
деректердiң
толықтығын
және
сенiмдiлiгiн
тексеру,
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiн
беру туралы
шешiм
қабылдайды

Алушыға
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiн
беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға
барлық
құжаттардың
алынғаны
туралы
қолхат беру

Бiлiм туралы құжаттың
телнұсқасы немесе қызмет
көрсетуден бас тарту
туралы дәлелдi жауап

5

Орындау
мерзiмдерi

20 минуттан
аспайды

Күнтiзбелiк 10 күннен
аспайды

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

-

"Бiлiм туралы құжаттардың  
телнұсқаларын беру"   
мемлекеттiк қызмет көрсету 
регламентiне       
2-қосымша         

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы
өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң       
2012 жылғы 31 қазандағы 
№ 482 қаулысымен   
бекiтiлген      

"Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы – Қазақстан Республикасының 6-18 жастағы азаматы (бұдан әрi - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi - ҚФБ).

2. Жалпы ережелер

      2. "Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңына, "Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына сәйкес көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызметстандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқу үшiн ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттiк қызмет барлық санаттағы азаматтар үшiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi бiлiм беру ұйымының бiлiм беру ұйымына оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша және аталған бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) есепке ала отырып, орта бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымы) ғимараттарында көрсетiледi.
      Күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшiн ғимарат креслолармен және орындықтармен жабдықталған.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 13.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетiп ресiмдеу қарастырылмаған.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдары ғимараттарының ақпараттық стендтерiнде орналастырылады.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi алушылар қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап бiр жұмыс күнiн құрайды:
      1) өтiнiш берiлген күнi (тiркеу кезiнде) сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күту уақыты – 30 минут;
      2) өтiнiш берiлген күнi сол жерде көрсетiлетiн алушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң соңғы нәтижесiн (бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу мерзiмi – 3 айдан аспауы керек, себебi оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық бiлiм алушылар үшiн ортақ болып табылады.
      9. Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болуы мүмкiн:
      1) осы Регламенттiң 12-тармағында қарастырылған құжаттар топтамасының толық берiлмеуi;
      2) құжаттарда дәйексiз немесе бұрмаланған фактiлердiң (мәлiметтердiң) анықталуы;
      3) аталған бiлiм беру ұйымында сұратылған бiлiм беру деңгейiнiң жоқтығы немесе сәйкес келмеуi;
      4) алушының оқу көрсеткiшiнiң таңдалған бiлiм беру ұйымының мәртебесiне сәйкес келмеуi;
      5) аталған бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағына тұрғылықты жерiнiң сәйкес келмеуi.
      Аталған бiлiм беру ұйымдарында қажеттi оқыту бейiнi жоқ болса, алушыға аудан (қала) аумағындағы басқа да жалпы бiлiм беретiн мектептерде таңдаған оқыту бейiнi бойынша бос орындардың болуы туралы ақпарат берiледi.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы бiлiм беру ұйымының кеңсесiне осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) бiлiм беру ұйымы кеңсесiнiң жауапты тұлғасы алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi;
      3) бiлiм беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) бiлiм беру ұйымының басшысы бiлiм беру ұйымының бiлiм беру ұйымына оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығына немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) бiлiм беру ұйымы кеңсесiнiң жауапты тұлғасы алушыға бiлiм беру ұйымының бiлiм беру ұйымына оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. Бiлiм беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы бiлiм беру ұйымына өтiнiш бiлдiрген жағдайда мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) баланың заңды өкiлдерiнен өтiнiш (еркiн нысанда);
      2) туу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) денсаулығы туралы анықтама (денсаулық паспорты);
      4) тұратын жерiнен анықтама немесе тұратын жерiн растайтын басқа құжат;
      5) 3х4 көлемiндегi 2 дана фотосурет.
      Бастауыш бiлiм беру ұйымына 1-сыныпқа келушi баланың заңды өкiлдерiнен өтiнiш ағымдағы жылғы 1 маусымнан 30 тамызға дейiн жүргiзiледi.
      1-сыныпқа қабылдау кезiнде жеке меншiк бiлiм беру ұйымдарынан басқа бастауыш бiлiм беру ұйымдары емтихан мен тестiлеу жүргiзбейдi.
      13. Бiлiм беру ұйымына құжаттарды қабылдау немесе оқуға қабылдау бойынша мемлекеттiк қызметтi алуға үмiткер алушы таңдаған оқыту бейiнiне сәйкес бiлiм беру ұйымының мәртебесiн, бiлiм беру деңгейiн, сондай-ақ, бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) ескергенi жөн.
      14. Алушының құжаттары бiлiм беру ұйымының кеңсесiне жауапты тұлғаға тапсырылады.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттарды тапсыру кезiнде алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:
      1) өтiнiштi қабылдау нөмiрi және уақыты;
      2) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды қабылдаушы жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты.
      16. Қызмет көрсету нәтижесiн жеткiзу тәсiлi бiлiм беру ұйымына өтiнiш берушiнiң жеке қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) бiлiм беру ұйымы кеңсесiнiң жауапты тұлғасы;
      2) бiлiм беру ұйымының басшысы.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға бiлiм беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Бастауыш, негiзгi орта,     
жалпы орта бiлiм берудiң     
жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары 
бойынша оқыту үшiн ведомстволық   
бағыныстылығына қарамастан   
бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды  
қабылдау және оқуға қабылдау"   
мемлекеттiк қызмет көрсету   
регламентiне         
1-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Бiлiм беру
ұйымы
кеңсесiнiң
жауапты
тұлғасы

Бiлiм беру
ұйымының
басшысы

Бiлiм
беру
ұйымы
кеңсесi-
нiң
жауапты
тұлғасы

3

Әрекеттiң
(үдерiстiң,
рәсiмнiң,
операцияның)
атауы және
олардың
сипаттамасы

Осы
Регламенттiң
12-тармағында
көрсетiлген,
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп түскен
құжаттардың
және
деректердiң
толықтығын
және
сенiмдiлiгiн
тексеру,
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне
қол қою

Алушыға
мемлекет-
тiк
қызмет
көрсету-
дiң
нәтижесiн
беру

4

Аяқтау нысаны

Алушыға қажет
құжаттардың
қабылданғаны
туралы
қолхатты беру

Бiлiм беру ұйымының
бiлiм беру ұйымына
оқуға қабылдау туралы
жалпы бұйрығы немесе
қызмет көрсетуден бас
тарту туралы дәлелдi
жауап

5

Орындау
мерзiмдерi

30 минуттан
аспайды

3 айдан аспауы керек,
себебi оқуға қабылдау
туралы бұйрық барлық
бiлiм алушылар үшiн
ортақ болып табылады

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

-

"Бастауыш, негiзгi орта,     
жалпы орта бiлiм берудiң    
жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары  
бойынша оқыту үшiн ведомстволық   
бағыныстылығына қарамастан    
бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды  
қабылдау және оқуға қабылдау"   
мемлекеттiк қызмет көрсету    
регламентiне          
2-қосымша           

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi
арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң       
2012 жылғы 31 қазандағы  
№ 482 қаулысымен   
бекiтiлген      

"Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы – денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемi бiлiм беру ұйымына бару мүмкiндiгi жоқ жеке тұлға (бұдан әрi - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi-ҚФБ).

2. Жалпы ережелер

      2. "Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңы, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 ақпандағы № 100 қаулысымен бекiтiлген Арнаулы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 974 бұйрығымен бекiтiлген Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтiп жатқан мүгедек балалар үшiн оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртiбi туралы ереже және Оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртiбi туралы ережесi негiзiнде көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi бiлiм беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет орта бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымы)ғимараттарында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетiлетiн бөлме көлемi, орналасуы және сырт пiшiнi жағынан сапалы қызметтердi ұсыну талаптарына сай келедi. Күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшiн бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.
      Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiнгi түскi үзiлiспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу және жедел ресiмдеу қарастырылмаған.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдары ғимараттарының ақпараттық стендтерiнде орналастырылады.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      алушы осы Регламенттiң 12-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күнi.
      9. Бiлiм беру ұйымдары осы Регламенттiң 12-тармағында қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда алушыға себептерiн көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы бiлiм беру ұйымына осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) бiлiм беру ұйымының басшысы алушыға құжаттарды алған күнi белгiленген тiзiмдеме бередi;
      3) бiлiм беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) бiлiм беру ұйымының басшысы бiлiм беру ұйымының бұйрығына немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) бiлiм беру ұйымының басшысы алушыға бiлiм беру ұйымының бұйрығын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. Бiлiм беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды (бiлiм беру ұйымының басшысы).

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегiiс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) медициналық көрсеткiштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттiлiгi туралы қорытынды: жергiлiктi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрiгерлiк-консультациялық комиссия бередi;
      2) мүгедек баланы үйде оқыту үшiн бiлiм беру бағдарламасы түрiнiң қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) бередi;
      3) бiлiм беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркiн нысанда жазған өтiнiшi;
      4) алушы ата-аналарының бiреуiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарының көшiрмесi;
      5) алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшiрмесi;
      6) мекенжай анықтамасы;
      7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама.
      13. Алушылардың құжаттары бiлiм беру ұйымының басшысына тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде алушыға алатын күнi белгiленген тiзiмдеме берiледi.
      15. Қызмет көрсету нәтижесiн беру алушының заңды өкiлiнiң жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      бiлiм беру ұйымының басшысы.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға бiлiм беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Бастауыш, негiзгi орта,     
жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына  
денсаулығына байланысты     
ұзақ уақыт бойы бара алмайтын  
балаларды үйде жеке тегiн   
оқытуды ұйымдастыру үшiн    
құжаттарды қабылдау"     
мемлекеттiк қызмет      
көрсету регламентiне      
1-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

 

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының)
әрекетi

1

Әрекеттiң

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Бiлiм беру ұйымының басшысы

3

Әрекеттiң
(үдерiстiң
рәсiмнiң,
операция-
ның)
атауы және
олардың
сипаттама-
сы

Осы
Регламент-
тiң 12-
тармағында
көрсетiлген
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп түскен
құжаттардың
және
деректердiң
толықтығын
және
сенiмiдiлiгiн
тексеру,
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне
қол қою

Алушыға
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiн беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға
құжаттарды
алған күнi
белгiленген
тiзiмдеме
беру

Бiлiм беру ұйымының бұйрығы
немесе қызмет көрсетуден бас
тарту туралы дәлелдi жауап

5

Орындау
мерзiмдерi

Құжаттарды
тапсырғанда
бiрден
берiледi

3 жұмыс күнi

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

-

"Бастауыш, негiзгi орта,   
жалпы орта бiлiм беру     
ұйымдарына денсаулығына   
байланысты ұзақ уақыт    
бойы бара алмайтын балаларды  
үйде жеке тегiн оқытуды    
ұйымдастыру үшiн құжаттарды  
қабылдау" мемлекеттiк    
қызмет көрсету       
регламентiне       
2-қосымша         

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң        
2012 жылғы 31 қазандағы  
№ 482 қаулысымен   
бекiтiлген       

"Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы – мектепке дейiнгi жастағы балалардың заңды өкiлдерi (бұдан әрi - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi-ҚФБ);
      3) мектепке дейiнгi ұйым – мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы.

2.Жалпы ережелер

      2. "Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабы 6) тармақшасының және 14-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының негiзiнде көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейiнгi ұйым мен заңды өкiлдер арасында жасалатын шарт немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет барлық үлгiдегi және түрдегi мектепке дейiнгi ұйымдар (бұдан әрi - МДҰ) ғимараттарында, тiкелей басшының кабинетiнде көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызмет МДҰ-ға өтiнiш жасаған жағдайда МДҰ басшысымен бекiтiлген заңды өкiлдердi қабылдау кестесiне сәйкес екi жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң интернет-ресурсында "Мемлекеттiк қызметтер" бөлiмiнде, сондай-ақ МДҰ ғимараттарының ақпараттық стендтерiндеорналастырылады.
      8. Мемлекеттi қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      1) алушы осы Регламенттiң 12-тармағында айқындалған құжаттарды МДҰ-ға тапсыру және басшыдан қажеттi кеңес алу сәтiнен бастап – кемiнде 30 минут уақытты құрайды;
      2) алушының өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минуттан артық емес;
      3) өтiнiш берген күнi сол жерде алушыға көрсетiлетiн қызметтiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – кемiнде 30 минутты құрайды.
      9. Егер осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы МДҰ-ға осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) МДҰ басшысы келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады, алушыға Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес шарт бланкiлерiн бередi;
      3) МДҰ басшысы МДҰ мен заңды өкiлдер арасында жасалатын шартқа немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      4) МДҰ басшысы алушыға МДҰ мен заңды өкiлдер арасында жасалатын шартты немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. МДҰ-да мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды (МДҰ басшысы).

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегiiс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы МДҰ-ға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) қалалық (аудандық) Бiлiм бөлiмi, ауылдық жерде – әкiмдiк берген жолдама;
      2) баланың денсаулық паспорты;
      3) эпидемиялық ортасы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен анықтама.
      Мектепке дейiнгi ұйымдарда бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргiзiледi.
      13. Шарт бланкiлерiн МДҰ басшысы бередi.
      Шарт 2 данада жасалады.
      14. Алушылар (заңды өкiлдер) толтырған шарт МДҰ басшысына тапсырылады (бiр данасы МДҰ басшысында сақталады, екiншiсi алушының (заңды өкiлдерiнiң) қолында қалады).
      15. Алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат талап етiлмейдi.
      16. Мемлекеттiк қызмет МДҰ-да алушының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      МДҰ басшысы.
      18. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға МДҰ басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Мектепке дейiнгi бiлiм беру  
ұйымдарына құжаттарды қабылдау  
және балаларды қабылдау"    
мемлекеттiк қызмет      
көрсету регламентiне     
1-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң

1

2

3

2

ҚФБ атауы

МДҰ басшысы

3

Әрекеттiң
(үдерiстiң
рәсiмнiң,
операция-
ның)
атауы және
олардың
сипаттама-
сы

Осы
Регламенттiң
12-тармағында
көрсетiлген,
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау,
келiп түскен
құжаттардың
және
деректердiң
толықтығына
және сенiмдiлiгiне
тексерiстi
жүзеге асыру

Мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне
қол қою

Алушыға
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiн беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға
Стандарттың
1-қосымшасына
сәйкес шарт
бланкiлерiн
беру

МДҰ мен заңды өкiлдер
арасында жасалатын шарт
немесе қызметтi ұсынудан бас
тарту туралы дәлелдi жауап

5

Орындау
мерзiмдерi

30 минуттан
кем емес

2 жұмыс күн iшiнде

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

-

"Мектепке дейiнгi бiлiм беру   
ұйымдарына құжаттарды қабылдау  
және балаларды қабылдау"     
мемлекеттiк қызмет        
көрсету регламентiне      
2-қосымша            

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң       
2012 жылғы 31 қазандағы  
№ 482 қаулысымен    
бекiтiлген      

"Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы – жеке тұлға (7-18 жас аралығындағы дамуында мүмкiндiктерi шектеулi балалар) (бұдан әрi - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi - ҚФБ).

2. Жалпы ережелер

      2. "Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 16-бабына сәйкес көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi бiлiм беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабы болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарға, меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта бiлiм беретiн арнайы бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрi - арнайы бiлiм беру ұйымы) ғимараттарында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетiлетiн бөлме көлемi, орналасуы және сырт пiшiнi жағынан сапалы қызметтердi ұсыну талаптарына сай келедi. Күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшiн бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.
      Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күнделiктi сағат 08.00-ден бастап 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат арнайы бiлiм беру ұйымдарының ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz. сайтында орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алу туралы ақпаратты арнайы бiлiм беру ұйымдарының стендтерiне орналастыру қажет.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      құжаттарды қарау өтiнiш түскен сәттен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
      9. Алушының осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық тапсырмауы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы арнайы бiлiм беру ұйымына осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) арнайы бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi;
      3) арнайы бiлiм беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) арнайы бiлiм беру ұйымының басшысы бiлiм беру ұйымының бұйрығына немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) арнайы бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға бiлiм беру ұйымының бұйрығын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. Арнайы бiлiм беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) жолдамасы;
      2) қабылдау туралы өтiнiш (еркiн үлгiде);
      3) туу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      4) бiлiм алушының қорытынды аттестаттаудан өткенiн куәләндыратын және тиiстi бiлiм беру деңгейi бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартты меңгергенiн растайтын бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжат (куәлiк, аттестат);
      5) 3x4 көлемiндегi 2 фотосурет;
      6) медициналық анықтама;
      7) екпе паспорты;
      8) жылдың ортасында бiр мектептен басқа мектепке ауысқан жағдайда мектептiң мөрiмен расталған және қол қойылған бағалар ведомосы мен мектептiң психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумының шешiмi (мамандардың жалпы пiкiрi).
      13. Толтырылған өтiнiштер, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасына тапсырылады.
      14. Өтiнiштiң қабылдау нөмiрi мен күнi, құжатты қабылдап алушының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген қолхат алушының осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат болып табылады.
      15. Мемлекеттiң қызмет көрсетудiң нәтижесiн алу тәсiлi – алушының жеке қатысуы болып табылады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) арнайы бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы;
      2) арнайы бiлiм беру ұйымының басшысы.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға арнайы бiлiм беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Арнайы жалпы бiлiм беретiн   
оқу бағдарламалары бойынша    
оқыту үшiн мүмкiндiктерi     
шектеулi балалардың құжаттарын  
қабылдау және арнайы бiлiм беру  
ұйымдарына қабылдау"      
мемлекеттiк қызмет көрсету    
регламентiне          
1-қосымша           

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Арнайы бiлiм
беру ұйымының
жауапты
тұлғасы

Арнайы бiлiм
беру ұйымының
басшысы

Арнайы
бiлiм беру
ұйымының
жауапты
тұлғасы

3

Әрекеттiң
(үдерiстiң,
рәсiмнiң,
операция-
ның)
атауы және
олардың
сипаттамасы

Осы
Регламенттiң
12-тармағында
көрсетiлген,
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп түскен
құжаттардың
және
деректердiң
толықтығын
және
сенiмдiлiгiн
тексеру,
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне
қол қою

Алушыға
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiн
беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға
құжаттарды
қабылдау
туралы
қолхатты беру

Бiлiм беру ұйымының
бұйрығы немесе қызмет
көрсетуден бас тарту
туралы дәлелдi жауабы

5

Орындау
мерзiмдерi

Құжаттарды
тапсырғанда
бiрден
берiледi

3 жұмыс күн iшiнде

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

-

"Арнайы жалпы бiлiм беретiн  
оқу бағдарламалары бойынша   
оқыту үшiн мүмкiндiктерi   
шектеулi балалардың      
құжаттарын қабылдау және   
арнайы бiлiм беру      
ұйымдарына қабылдау"    
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне        
2-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң       
2012 жылғы 31 қазандағы  
№ 482 қаулысымен   
бекiтiлген     

"Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы – 3 жастан 18 жасқа дейiнгi жеке тұлға (бұдан әрi - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi - ҚФБ).

2. Жалпы ережелер

      2. "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 1-бабының 38-1), 39) тармақшаларына; 4-бабының 19) тармақшасына; 5-бабының 44-5) тармақшасына; 6-бабының 2-тармағының 14) тармақшасына; 6-бабының 3-тармағының 5), 10) тармақшаларына; 6-бабының 4-тармағының 5), 9) тармақшаларына; 23-бабының 1-тармағына, 2-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармағына; 26-бабының 12-тармағына; 40-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi балаларға қосымша бiлiм беру ұйымына Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес баланың заңды өкiлi мен балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негiзiнде қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрi – қосымша бiлiм беру ұйымы) ғимараттарында көрсетiледi, алушыларға, оның iшiнде даму мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшiн жағдай қарастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген кестеге сәйкес түскi үзiлiспен 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      Алдын ала жазылу және қызметтi жедел ресiмдеу қарастырылмаған.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарында орналастырылған стендтерде, сондай-ақ, бiлiм бөлiмдерiнiң ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiштi қарастыру 3 жұмыс күнiн құрайды (балалардың музыкалық, көркемөнер, шығармашылық және спорт мектептерi үшiн 15 күн);
      2) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызметтi алу үшiн күту (тiркелу кезiнде) уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес;
      3) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      9. Алушының осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы бас тарту себептерiн жазбаша негiздей отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы қосымша бiлiм беру ұйымына осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) қосымша бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға қажет құжаттардың алынғаны туралы қолхат бередi;
      3) қосымша бiлiм беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) қосымша бiлiм беру ұйымының басшысы балаларға қосымша бiлiм беру ұйымына Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес баланың заңды өкiлi мен балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негiзiнде қабылданғаны туралы бұйрыққа немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) қосымша бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға балаларға қосымша бiлiм беру ұйымына Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес баланың заңды өкiлi мен балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негiзiнде қабылданғаны туралы бұйрықты немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. Қосымша бiлiм беру ұйымында мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттардың қабылдауын жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарына мынадай құжаттарды тапсыруы керек:
      1) балаларды қосымша бiлiм беру ұйымдарына тiркеу туралы заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi;
      2) баланың туу туралы куәлiгiнiң, жеке басын куәландыратын құжатының (бар болған жағдайда) көшiрмесi;
      3) бала мен заңды өкiлдерiнiң мәлiметтерi бар сауалнама;
      4) қызмет көрсету талаптары көрсетiлген шарт (қажеттiлiгiне қарай);
      5) қажеттiлiгiне қарай денсаулығы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi балаларға қосымша бiлiм беру ұйымының фойесiнде, сондай-ақ қосымша бiлiм беру ұйымдарының уәкiлеттi органының ресми сайтында орналастырылады.
      14. Осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттар аталған қызметтi ұсынуға жауапты тұлғаның кабинетiне тапсырылады.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық құжаттарды тапсыру кезiнде алушыға өтiнiштi алу мерзiмi мен нөмiрi, құжаттарды қабылдап алған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, қызметтi алу мерзiмi көрсетiлiп қолхат берiледi.
      16. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi туралы ақпаратты алу үшiн алушы өтiнiш түскеннен кейiн 3 жұмыс күнi өткен соң бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес жауапты тұлғаға жеке өзi баруы тиiс.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) қосымша бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы;
      2) қосымша бiлiм беру ұйымының басшысы.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға қосымша бiлiм беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Балаларға қосымша бiлiм  
беру бойынша қосымша    
бiлiм беру ұйымдарына   
құжаттар қабылдау және   
оқуға қабылдау"       
мемлекеттiк қызмет көрсету 
регламентiне        
1-қосымша         

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Қосымша бiлiм
беру ұйымының
жауапты тұлғасы

Қосымша бiлiм
беру ұйымының
басшысы

Қосымша
бiлiм беру
ұйымының
жауапты
тұлғасы

3

Әрекеттiң
(үдерiстiң
рәсiмнiң,
операция-
ның)
атауы және
олардың
сипаттама-
сы

Осы
Регламенттiң
12-тармағында
көрсетiлген,
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп түскен
құжаттардың
және
деректердiң
толықтығын
тексеру,
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне қол
қою

Алушыға
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiн
беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға қажет
құжаттардың
алынғаны туралы
қолхатты бередi

Балаларға қосымша бiлiм
беру ұйымына Стандарттың
2-қосымшасына сәйкес
баланың заңды өкiлi мен
балаларға қосымша бiлiм
беру ұйымдарының арасында
жасалған шарт негiзiнде
қабылданғаны туралы бұйрық
немесе мемлекеттiк
қызметтi көрсетуден бас
тарту туралы дәлелдi жауап

5

Орындау
мерзiмдерi

30 минуттан
аспайды

3 жұмыс күнi (балалардың
музыкалық, көркемөнер,
шығармашылық және спорт
мектептерi үшiн 15 күн)

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

-

"Балаларға қосымша бiлiм    
беру бойынша қосымша бiлiм   
беру ұйымдарына құжаттар   
қабылдау және оқуға қабылдау"  
мемлекеттiк қызмет көрсету   
регламентiне         
2-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң       
2012 жылғы 31 қазандағы  
№ 482 қаулысымен   
бекiтiлген      

"Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы – жеке тұлға (бұдан әрi - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi - ҚФБ).

2. Жалпы ережелер

      2. "Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 5-тармағына және "Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы  № 1256 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама немесе қызмет көрсетудi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес алушының тұрғылықты жерi бойынша кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi аппараттарының (бұдан әрi - әкiмдiк) ғимараттарында көрсетiледi, алушыларға, оның iшiнде дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшiн жағдай қарастырылған. Күту залдары толтырылған бланктердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлермен жарақталған.
      Мемлекеттiк қызмет оқу жылы бойы көрсетiледi:
      1) белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн;
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттiк қызмет тәртiбi туралы толық ақпарат Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген әкiмдiктердiң фойесiнде, сондай-ақ облыс әкiмдiгiнiң, бiлiм басқармасының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн жүгiну 5 жұмыс күнiн құрайды;
      2) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты (тiркеу кезiнде) – 30 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
      9. Алушының осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын тапсырмауы мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартуға негiз болады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы әкiмдiкке осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) әкiмдiктiң маманы алушыға қажеттi құжаттарды алғаны туралы қолхат бередi;
      3) кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтамаға немесе қызмет көрсетудi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) әкiмдiктiң маманы алушыға жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтаманы немесе қызмет көрсетудi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. Әкiмдiкте мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) бiлiм алушының (тәрбиеленушiнiң) заңды өкiлiнiң баланы жалпы бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына тегiн тасымалдаумен қамтамасыз етуге арналған Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтiнiшi;
      2) баланың туу туралы куәлiгiнiң немесе жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы және көшiрмесi;
      3) Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес оқу орнынан анықтама.
      Туу туралы куәлiктiң, жеке куәлiктiң түпнұсқасы көшiрмемен салыстыру үшiн берiледi және кейiн алушыға қайтарылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алуға арналған өтiнiштiң үлгiсi әкiмдiктiң фойесiнде орналастырылады, сондай-ақ әкiмдiктiң мамандарында болады.
      14. Өтiнiштiң, баланың туу туралы куәлiгiнiң немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi және оқу орнынан алынған анықтама аталған қызметтi көрсетуге жауапты әкiмдiктiң әлеуметтiк мәселеге жетекшiлiк ететiн маманының кабинетiне тапсырылады.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес барлық қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде алушыға өтiнiштi алу мерзiмi мен нөмiрi, құжаттарды қабылдап алған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, қызметтi алу мерзiмi көрсетiлiп қолхат берiледi.
      16. Алушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi алушының өзi немесе оның өкiлi өтiнiш берген жағдайда (ресми куәландырылған тиiстi құжаттар болған кезде) өтiнiш түскеннен кейiн 5 жұмыс күнi өткен соң берiледi.
      Анықтама беру туралы мәлiмет Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес анықтаманы есепке алу кiтабында тiркеледi.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) әкiмдiктiң маманы;
      2) кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi.
      18. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Шалғайдағы ауылдық елдi   
мекендерде тұратын балаларды  
жалпы бiлiм беру ұйымдарына   
және үйлерiне керi тегiн    
тасымалдауды ұсыну үшiн    
құжаттар қабылдау"     
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне         
1-қосымша           

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Әкiмдiктiң
маманы

Кенттiң,
ауылдың
(селоның),
ауылдық
(селолық)
округтiң әкiмi

Әкiмдiктiң
маманы

3

Әрекеттiң
(үдерiс-
тiң,
рәсiмнiң,
операция-
ның)
атауы
және
олардың
сипатта-
масы

Осы
Регламент-
тiң 12-
тармағында
көрсетiлген
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп түскен
құжаттардың
және
деректердiң
толықтығын және
сенiмдiлiгiн
тексеру,
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне қол
қою

Алушыға
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiн беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға
қажеттi
құжаттарды
алғаны
туралы
қолхатты
беру

Жалпы бiлiм беретiн
бiлiм беру
ұйымдарына және
үйлерiне тегiн
тасымалдауды
қамтамасыз ету
туралы анықтама
немесе қызмет
көрсетудi ұсынудан
бас тарту туралы
дәлелдi жауап

5

Орындау
мерзiмде-
рi

30 минуттан
аспайды

5 жұмыс күнi

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

-

"Шалғайдағы ауылдық     
елдi мекендерде тұратын   
балаларды жалпы бiлiм беру  
ұйымдарына және үйлерiне   
керi тегiн тасымалдауды   
ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" 
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне         
2-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң        
2012 жылғы 31 қазандағы   
№ 482 қаулысымен    
бекiтiлген        

"Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы – мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнiң бiлiм алушысы мен тәрбиеленушiсi (бұдан әрi - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi - ҚФБ).

2. Жалпы ережелер

      2. "Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, 3-тармағының 21) тармақшасына, 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектепте тегiн тамақпен қамтамасыз етiлгенi туралы анықтаманы қағаз түрiнде бере отырып, жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң жеке санаттарына тегiн тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнiнде дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет алушыларға, оның iшiнде дене мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшiн жағдай жасалған облыстың, қаланың, ауданның жергiлiктi атқарушы органының қарамағындағы жалпы бiлiм беретiн мектептердiң ғимараттарында көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызмет оқу жылы бойы көрсетiледi:
      белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жұмыс күндерi демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Алдын ала жазылу және жедел ресiмдеу қарастырылмаған.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Стандарттың 3, 4 - қосымшаларында тiзбесi көрсетiлген облыстың бiлiм басқармасының, аудандардың, қалалардың бiлiм беру бөлiмдерiнiң фойелерiнде орналасқан стендтерде, сондай-ақ облыстың бiлiм басқармасының, аудандардың, қалалардың бiлiм беру бөлiмдерiнiң интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш беру бес жұмыс күнiн (өтiнiш түскен мерзiмнен бастап бес күн iшiнде) құрайды;
      2) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң барынша шектi уақыты (тiркеу кезiнде) – 30 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн алушыға қызмет көрсетудiң барынша шектi уақыты – 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартуға алушының осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық тапсырмауы негiз болады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы жалпы бiлiм беретiн мектепке осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) жалпы бiлiм беретiн мектептiң жауапты қызметкерi алушыға қажеттi құжаттарды қабылдап алғаны жөнiнде қолхат бередi;
      3) жалпы бiлiм беретiн мектептiң басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) жалпы бiлiм беретiн мектептiң басшысы жалпы бiлiм беретiн мектепте тегiн тамақпен қамтамасыз етiлгенi туралы анықтамаға немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнiнде дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) жалпы бiлiм беретiн мектептiң жауапты қызметкерi жалпы бiлiм беретiн мектепте тегiн тамақпен қамтамасыз етiлгенi туралы анықтаманы немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнiнде дәлелдi жауапты бередi.
      11. Жалпы бiлiм беретiн мектепте мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы жалпы бiлiм беретiн мектепке мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) Стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдар санаты үшiн өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      2) Стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар санаты үшiн табысы туралы мәлiметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түскен табыстары, балаларға төленетiн алимент түрiндегi және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      3) Стандарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген отбасыларда тәрбиеленетiн адамдар санаты үшiн, уәкiлеттi органның жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеудi бекiту туралы шешiмi;
      4) Стандарттың 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негiзiнде алқалық орган айқындайды. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетiлген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттарды сұратуға құқылы.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алуға арналған Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес өтiнiштiң үлгiсi және қажеттi құжаттар тiзбесi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң фойесiнде орналастырылады, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептiң қызмет көрсетуге жауапты қызметкерiнен алуға болады.
      14. Осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттар аталған қызметтi көрсетуге жауапты жалпы бiлiм беретiн мектеп қызметкерiнiң кабинетiне тапсырылады.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық құжаттарды тапсыру кезiнде алушыға Стандарттың 7-қосымшасына сәйкес қызметтi алатын күнiн көрсете отырып, қолхат берген жалпы бiлiм беретiн мектептiң жауапты қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, өтiнiштi қабылдап алған күнi мен нөмiрi көрсетiлген қажеттi құжаттарды қабылдап алғаны жөнiнде қолхат берiледi.
      16. Алушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн жеткiзу алушы немесе оның өкiлi жеке өтiнiшпен жүгiнген кезде (ресми бекiтiлген тиiстi құжаттар болған жағдайда) өтiнiш түскеннен бастап 5 жұмыс күн өткен соң жүзеге асырылады.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) жалпы бiлiм беретiн мектептiң жауапты қызметкерi;
      2) жалпы бiлiм беретiн мектептiң басшысы.
      18. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға жалпы бiлiм беретiн мектептiң басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Жалпы бiлiм беретiн    
мектептерде бiлiм алушылар  
мен тәрбиеленушiлердiң   
жекелеген санаттарына тегiн 
тамақтандыруды ұсыну үшiн   
құжаттар қабылдау"     
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне        
1-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Жалпы бiлiм
беретiн
мектептiң
жауапты
қызметкерi

Жалпы бiлiм
беретiн
мектептiң
басшысы

Жалпы
бiлiм
беретiн
мектептiң
жауапты
қызмет-
керi

3

Әрекеттiң
(үдерiстiң
рәсiмнiң,
операция-
ның) атауы
және
олардың
сипатта-
масы

Осы
Регламенттiң
12-тармағында
көрсетiлген,
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп түскен
құжаттардың
және дерек-
тердiң
толықтығын және
сенiмдiлiгiн
тексеру,
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне қол
қою

Алушыға
мемлекет-
тiк
қызмет
көрсету-
дiң нәти
жесiн
беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға қажеттi
құжаттарды
қабылдап алғаны
жөнiнде
қолхатты беру

Жалпы бiлiм беретiн
мектепте тегiн тамақпен
қамтамасыз етiлгенi
туралы анықтама немесе
қызмет көрсетуден бас
тартатыны жөнiнде дәлелдi
жауап

5

Орындау
мерзiмдерi

30 минуттан
аспайды

5 жұмыс күнi

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

-

"Жалпы бiлiм беретiн     
мектептерде бiлiм алушылар  
мен тәрбиеленушiлердiң    
жекелеген санаттарына    
тегiн тамақтандыруды ұсыну  
үшiн құжаттар қабылдау"  
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне         
2-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң       
2012 жылғы 31 қазандағы  
№ 482 қаулысымен    
бекiтiлген       

"Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы – бiлiм беру ұйымындағы күн көрiсi төмен отбасыдан шыққан бiлiм алушы мен тәрбиеленушi (бұдан әрi - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi - ҚФБ).

2. Жалпы ережелер

      2. "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, 3-тармағының 11) тармақшасына, 4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi - Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет жергiлiктi және республикалық бюджет есебiнен тегiн көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес алушының тұрғылықты жерi бойынша аудандардың, қалалардың бiлiм бөлiмдерiнiң (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және бiлiм беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетiледi, онда алушыларға, оның iшiнде дене мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған.
      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және қызметтi жедел көрсетусiз уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымдарының бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес күнтiзбелiк жыл iшiнде жүргiзiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат бiлiм беру ұйымдарындағы стендтерде, сондай-ақ, өңiрлердегi бiлiм бөлiмдерiнiң ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берген күннен бастап күнтiзбелiк 10 күндi құрайды;
      2) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызметтi алғанға дейiн күтетiн (тiркелу кезiнде) барынша шектi уақыт – 30 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызмет көрсететiн барынша шектi уақыт – 30 минуттан аспайды.
      9. Алушының осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметтi ұсыну үшiн белгiленген тұлғалар санаттарына сай келмеуi бас тарту себептерiн жазбаша негiздей отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымына осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi;
      3) уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымының басшысы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамаға немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдаманы немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. Уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) ата-аналардан өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар беретiн мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      4) денсаулығы жағдайы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
      13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымындағы мемлекеттiк қызметтi ұсынуға жауапты тұлғаға тапсырылады.
      14. Уәкiлеттi орган және бiлiм беру ұйымы құжаттарды қабылдау кезiнде алушыға тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:
      1) сұрау салуды қабылдау нөмiрi мен күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса тiркелген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орыны;
      5) құжаттарды ресiмдеу үшiн өтiнiштi қабылдағанның тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, оның байланыс деректерi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға жеткiзу алушының (заңды өкiлiнiң) өзi келген жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы;
      2) уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымының басшысы.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Аз қамтылған отбасы     
балаларының қала сыртындағы  
және мектеп жанындағы   
лагерьлерде демалуы үшiн   
құжаттарды қабылдау"    
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне       
1-қосымша        

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекетi

1

Әрекеттiң

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Уәкiлеттi
орган мен
бiлiм беру
ұйымының
жауапты
тұлғасы

Уәкiлеттi орган
мен бiлiм беру
ұйымының
басшысы

Уәкiлеттi
орган мен
бiлiм беру
ұйымының
жауапты
тұлғасы

3

Әрекеттiң
(үдерiстiң
рәсiмнiң,
операция-
ның) атауы
және
олардың
сипаттама-
сы

Осы
Регламенттiң
12-тармағында
көрсетiлген,
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп түскен
құжаттардың
және дерек-
тердiң
толықтығын және
сенiмдiлiгiн
тексеру,
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне қол
қою

Алушыға
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiн
беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға
тиiстi
құжаттарды
қабылдағаны
туралы
қолхатты беру

Қала сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерге
жолдама беру немесе
қызметтi көрсетуден бас
тарту туралы дәлелдi жауап

5

Орындау
мерзiмдерi

30 минуттан
аспайды

Күнтiзбелiк 10 күн

6

Келесi
әрекеттiң
нөмiрi

2

3

-

Аз қамтылған отбасы       
балаларының қала сыртындағы   
және мектеп жанындағы лагерьлерде  
демалуы үшiн құжаттарды қабылдау"  
мемлекеттiк қызмет көрсету    
регламентiне         
2-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Әкiмдiктiң      
2012 жылғы 31 қазандағы  
№ 482 қаулысымен   
бекiтiлген     

"Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы "Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы – жеке тұлға (бұдан әрi - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер – мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қатысушылар (уәкiлеттi органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың iшкi жүйелерi) (бұдан әрi – ҚФБ);
      3) экстернат – бiлiм алушы сабаққа үнемi қатыспай-ақ тиiстi бiлiм беру бағдарламасының оқу пәндерiн өз бетiмен оқитын оқыту нысандарының бiрi.

2. Жалпы ережелер

      2. "Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) алушыларға "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 27-бабына, 6-бабының 3-тармағының 25-7) тармақшасына, 4-тармағының 21-3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау жүргiзудiң үлгi ережесiне сәйкес көрсетiледi және "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген "Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет стандартымен (бұдан әрi -Стандарт) белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттiк қызмет меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын орта бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымы) және аудандар мен қалалардың бiлiм бөлiмдерiнiң ғимаратында жүзеге асырылады.
      Ғимараттың iшiндегi қызмет көрсетiлетiн орынжайлар көлемi, орналасуы және кескiнi жағынан сапалы қызмет көрсетуге арналған талаптарға сай келедi. Күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшiн креслолар мен орындықтар қойылған.
      Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      Алдын ала жазылу және жеделдетiп қызмет көрсету қарастырылмаған.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдары ғимараттарының ақпараттық стендтерiнде орналастырылады.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi алушы осы Регламенттiң 12-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнiн құрайды.
      9. Мынадай:
      1) алушы осы Регламенттiң 12-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынбаған жағдайда;
      2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы бiлiм беру ұйымдарында оқуға мүмкiндiгi жоқ тұлғаларға;
      3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе оқушылардың халықаралық алмасу желiсiнде шетелде бiлiм алушыларға;
      4) негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы бiлiм беру ұйымына осы Регламенттiң 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға құжаттардың алынған күнi туралы белгi қойылған тiзiмдеме бередi;
      3) бiлiм беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейiн келiп түскен құжаттардың және деректердiң толықтығына және сенiмдiлiгiне тексерiстi жүзеге асырады;
      4) бiлiм беру ұйымының басшысы экстернат нысанында оқуға рұқсат беруге немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
      5) бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға экстернат нысанында оқуға рұқсат берудi немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi.
      11. Бiлiм беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекет (өзара iс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы өтiнiштi еркiн үлгiде ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей бiлiм беру ұйымы басшысының атына бередi.
      Өтiнiшке қоса:
      1) бiлiм алушылардың денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтiк сараптаманың анықтама-қорытындысын;
      2) бiлiм алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар алмасу желiсi бойынша шетелде бiлiм алғандығын растайтын құжатты;
      3) бiлiм алушылардың соңғы оқыған сыныбында берiлген үлгерiм табелiнiң көшiрмесiн (нотариалды расталған) ұсынады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi барлық құжаттарды тапсырған кезде алушыға алынған күнi туралы белгi қойылған тiзiмдеме берiледi.
      14. Экстерндi қорытынды аттестаттауға жiберу туралы шешiм бiлiм беру ұйымының педагогикалық кеңесiнде қабылданады.
      Тұлғаларды экстернат нысанындағы аттестаттауға жiберу туралы бұйрықты бiлiм беру ұйымы шығарады.
      15. Көрсетiлген қызмет нәтижесiн жеткiзу алушының жеке қатысуымен болады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ әрекет етедi:
      1) бiлiм беру ұйымының жауапты тұлғасы;
      2) бiлiм беру ұйымының басшысы.
      17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмi көрсетiле отырып, әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға бiлiм беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.
      Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi iске асыруға жауап бередi.

"Негiзгi орта, жалпы     
орта бiлiм беру ұйымдарында  
экстернат нысанында оқытуға 
рұқсат беру"       
мемлекеттiк қызмет көрсету 
регламентiне       
1-қосымша        

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектiлiгi мен өзара iс-әрекетiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерiстiң (жұмыстар барысының, ағынының)
әрекетi

1

Әрекет-
тiң №

1

2

3

2

ҚФБ
атауы

Бiлiм беру
ұйымының
жауапты
тұлғасы

Бiлiм беру
ұйымының
басшысы

Бiлiм беру
ұйымының жауапты
тұлғасы

3

Әрекет-
тiң
(үдерiс-
тiң,
рәсiмнiң
опера-
цияның)
атауы
және
олардың
сипатта-
масы

Осы Регла-
менттiң
12-тарма-
ғында
көрсетiлген
алушымен
ұсынылған
құжаттарды
қабылдау

Келiп түскен
құжаттардың
және дерек-
тердiң
толықтығын
және
сенiмдiлiгiн
тексеру,
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiне
қол қою

Алушыға
мемлекеттiк
қызмет
көрсетудiң
нәтижесiн беру

4

Аяқтау
нысаны

Алушыға
құжаттардың
алынған
күнi туралы
белгi
қойылған
тiзiмдеменi
беру

Экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру немесе қызметтi
ұсынудан бас тарту туралы
дәлелдi жауап

5

Орындау
мерзiм-
дерi

Құжаттарды
тапсырғанда
бiрден
берiледi

15 жұмыс күн

6

Келесi
әрекет-
тiң
нөмiрi

2

3

-

"Негiзгi орта, жалпы орта   
бiлiм беру ұйымдарында    
экстернат нысанында    
оқытуға рұқсат беру"    
мемлекеттiк қызмет көрсету  
регламентiне       
2-қосымша         

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды дәйектiлiгi арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

 

Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2012 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход