Отдел образования акимата города Лисаковска


қызмет регламенті
Вебмастер Lis-Edu.Kz 02:11 2 февраля 2015 г. Просмотров: 2377

 

Әкімдіктің

2014 жылғы «___»_________

№ ___ қаулысымен бекітілді

 

   

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1.«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратымен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 «Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі анықтама.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.

 

 

2.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі-құжаттар топтамасын) қабылдау болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұтынушыдан құжаттарды алу туралы қолхатты беруді жүзеге асырады - 20 минуттан аспайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 15 минуттан кешіктірмей береді.

Нәтижесі-құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхатты беру.

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, тиісті бұрыштаманы қояды.

Нәтижесі-көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бұрыштамасы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерттейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын 3 жұмыс күнінен кешіктірмей дайындайды.

Нәтижесі-мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына 1жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды;

Нәтижесі-мемлекеттік қызметті көрсетудің қол қойылған нәтижесі;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді- 20 минуттан аспайды.

Нәтиже- көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.

 

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің, көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхатты беруді жүзеге асырады- 20 минуттан аспайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 15 минуттан кешіктірмей береді.

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3 сағаттан кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және құжаттар топтамасын орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттар топтамасын зерттейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және шешімді қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасына қол қою туралы шешімді қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 20 минуттан аспайды.

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өтуінің блок-схемасы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

 

___________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

 

 

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,

әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өтуінің блок-схемасы

 

 

       
 

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхатты беруді жүзеге асырады - 20 минуттан аспайды. көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 15 минуттан кешіктірмей береді

   
 

 

 

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3 сағаттан кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды және орындау үшін жауапты орындаушыға құжаттарды береді

 

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қою туралы шешімді қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2012 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход