КГУ "Средняя школа №6" отдела образования акимата г. Лисаковска
Выступление на гор заседание
Вебмастер СШ №6 14:44 22 ноября 2012 г. Просмотров: 7587

№6 орта мектебінің қазақ тілі  мұғалімдерінің ПЗ-ның 2008-2009 оқу жылына арналған МАБ және ҰБТ дайындық жүйесі

№6 орта мектебінің қазақ тілі  мұғалімдерінің ПЗ-ның 2008-2009 оқу жылына арналған МАБ және ҰБТ дайындық жүйесі

 

Әр білім беру мекемесінің педагогикалық қызметінің тиімді ұйымдастыруының негізгі көрсеткіші ретінде мектеп бітірушілердің МАБ,ҰБТ түріндегі мемлекеттік аттестация тапсыруының нәтижелері болып табылады. Мемлекеттік аттестацияның бұл түрлері оқушылардың жетістіктеріне сыртқы тәуелсіз бағалауын қамтамасыз етеді.

Біздің білім беру мекемемізде оқушылардың негізгі орта және жалпы орта білім беру  курсына нәтиже аттестациясына дайындық жұмысын ұйымдастыру  үшін  келесі мақсат пен міндеттері анықталған:

 

Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ, МАБ сапалы дайындықты қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- қазақ тілі мұғалімдерінің нәтижеге бағытталған мұғалім құзырлығын  жетілдіру үшін белсенділігін арттыру;

 - ҰБТ, МАБ дайындық барысында оқушылардың білім сапасының артуы мен төмендеуіне әсер ететін факторларды анықтау;

- оқушылардың дамуын, оқу-тәрбиелеу үрдісінің сапалы көрсеткіштерінің артуына бағытталған мұғалімдер қызметін бағалау.

Мектеп деңгейінде мұғалімдердің дидактикалық қамтамасыз ету жүйесі, мектеп әкімшілігінің басқару қызметі,  оқушылар мен ата-аналармен жұмыс жасаудың шаралар кешенін енгізетін МАБ мен ҰБТ-ге дайындалу бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Жоспардағы қызмет келесі бағыттар бойынша құрастырылды:

  • ұйымдастыру-әдістемелік қызметі / 9, 11 сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің сапалық құрамын және педагогтердің кәсіби деңгейін анықтау мақсатында мәліметтер банкін жасау, мемлекеттік аттестацияға дайындықты қамтамасыз ететін мұғалімдердің жеке жоспарлар жасауына әдістемелік көмек көрсету;
  • оқу-әдістемелік қызметі / 9, 11 сынып оқушылардың мектепішілік кешендік  немесе сыртқы ҰБТ ҚП-де сынама тестілеу ұйымдастыру, пән бойынша жеке және топтық косультациялар өткізу үшін жұмыстар ұйымдастыру, түзету жұмыстарын іске асыру;
  • бақылау-диагностикалық қызметі / мұғалімдердің сынама тестілеудің сараптамасын және сапалы мониторингін өткізу мақсатында оқыту өлшемдерін жасау;
  • сараптау қызметі / пәндік зертхана деңгейінде өткізілетін отырыстарда МАБ, ҰБТ дайындығына сараптама жасау, кездесетін мәселелерді анықтап шешу жолдарын ұсыну;
  •  ғылыми-әдістемелік қызметі / мемлекеттікаттестацияға дайындалу бойынша практикалық семинарларды өткізу,  педагогтердің кәсіби құзырлықтарын арттыру бойынша қызмет ұйымдастыру.

Мемлекеттік аттестацияға дайындық барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» директоры И.Ө. Сағандықов мырзаның бекітуімен ұсынылған тест спецификациясын негіз қылып ұйымдастырамыз.

 

 Орыс  сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша тақырыптар тізбесі /МАБ/

9 сынып

Тақырып

Тақырыпшалар

01

Лексика

01. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары, мақал-мәтел.

02. Синоним

03. Антоним

02

Фонетика.

01. Дыбыс, әріп, алфавит.

02. Жуан және жіңішке дауыстылар

03

Дауыссыз дыбыстар.

01. Үнді дауыссыз дыбыстар

02. Қатаң дауыссыз дыбыстар

03. Ұяң  дауыссыз дыбыстар

04

Буын.

01. Ашық, бітеу, тұйық буын.

05

Үндестік заңы.

01. Буын үндестігі. /жалпы түсінік/

06

Сөзжасам.

01. Түбір сөз

 

 

02. Жұрнақ. Туынды түбір мен түбірлес сөздер.

07

Морфология. Зат есім.

01. Жалпы, жалқы зат есім.

02. Негізгі, туынды зат есім.

03. Зат есімнің жалғаулары.

08

Сын есім.

01. Сын есімнің түрлері.

09.

Сан есім.

01. Сан есімнің түрлері. Есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік сан есімдер.

10.

Есімдік

01. Жіктеу, сілтеу, жалпылау есімдіктері.

11.

Етістік.

01. Болымды, болымсыз етістік.

02. Етістіктің түрлері. Негізгі, туынды, дара, күрделі.

03. Етістіктің шақтары.

04. Етістіктің райлары.

12.

Шылау.

01. Септеулік шылаулар.

02. Жалғаулықтар.

03. Демеуліктер

13.

Синтаксис. Сөйлем. Сөйлем мүшелері.

01. Синтаксис. Сөйлем мүшесі, тұрлаулы мүшелер.

02. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

14.

Жай сөйлем.

01. Жай сөйлемнің түрлері.

15.

Құрмалас сөйлем.

01. Құрмалас сөйлем.

16.

Қаратпа сөз. Қыстырма сөз.

01. Қаратпа сөз және оның тыныс белгісі.

02. Қыстырма сөз және оның тыныс белгісі

17.

Төл сөз.

01. Төл сөз. Автор сөзі.

18.

Одағай сөз.

01. Одағайдың түрлері.

02. Одағайлардың жазылу емлесі және тыныс белгісі.

19.

Мәтінмен жұмыс. Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел.

01. Рәміздер.

02. Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары.

03. Мерекелер.

20.

 Қазақстан Республикасының географиялық орны.

01. Жері, шекарасы, картасы.

02. Табиғаты,   ауа райы, өзен-көл, таулары, өсімдік, хайуанаттар әлемі, экологиясы

03. Қазақстан қалалары.

21.

Қазақстанның мәдениеті, өнері.

01. Театр, кино, саз, мүсін, көркем өнер.

02. Белгілі мәдениет, қоғам, өнер, спорт қайраткерлері

22.

Елтану.

01. Киіз үй.

02. Қазақ хандары мен билері, батырлары, ғалымдары, ғарышкерлері.

23.

Қоршаған орта.

01. Мен. Менің достарым. Үй. Үй іші. Ата-ана.

02. Жыл мезгілдері. Уақыт.

03. Мектеп. Мектеп өмірі. Сынып.

 

9 сынып оқушылары үшін бағалау критериялары:

70 % - 21 сұрақ

80 % - 24 сұрақ

90 % - 27 сұрақ

 

«3» - 21- 23 сұрақ

«4» - 24 -26  сұрақ

«5» - 27 - 30 сұрақ

 

Сынама тестілеу нәтижелері

"меңгерген"

"меңгермеген"

ұпайлар саны

 9-дан 30 –ға дейін

0-ден  8-ге дейін

 

 

 

 

 

 

11 сынып ҰБТ тест спецификациясы

Тест жоспары:

Лексика -4 тапсырма

Фонетика мен орфография – 4тапсырма

Сөзжасам -3 тапсырма

Морфология -4 тапсырма

Синтаксис -4 тапсырма

Мәтіндермен жұмыс -6 тапсырма

 

 Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Фонетика мен графика: Дыбыстардың жіктелуі, буын түрлерін айыра білу дағдылары;

Лексика: тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу;

Сөзжасам: Сөзжасам процестерін білу;

Морфология: морфологиялық құбылыстардың мағынасын, тұлғалық жағын саралай білу;

Синтаксис: тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу;

Мәтіндермен жұмыс: қазақша сөйлей, жаза білу дағдылары.

 

Мазмұны

1.

Лексика.

2.

Фонетика. Дауысты дыбыстар.

3.

Фонетика. Дауыссыз дыбыстар.

4.

Фонетика. Буын.

5.

Фонетика. Үндестік заңы.

6.

Сөзжасам.

7.

Морфология. Зат есім.

8.

Морфология. Caн есім.

9.

Морфология. Сан есім.

10.

Морфология. Есімдік.

11.

Морфология. Етістік.

12.

Морфология. Шылау.

13.

Синтаксис. Сөйлем. Сөйлем мүшелері.

14.

Синтаксис. Жай сөйлем.

15.

Синтаксис. Құрмалас сөйлем.

16.

Синтаксис. Қаратпа сөз. Қыстырма сөз.

17.

Синтаксис. Төл сөз.

18.

Морфология. Одағай сөз.

19.

Мәтіндермен жұмыс. Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел.

20.

 Мәтіндермен жұмыс. Қазақстан Республикасының географиялық орны.

21.

Мәтіндермен жұмыс. Қазақстанның мәдениеті, өнері.

22.

Мәтіндермен жұмыс. Елтану.

23.

Мәтіндермен жұмыс. Қоршаған орта.

 

2008 жылғы 10 қараша күніне келесі нәтижелер:

 

Тестілеу

Оқушылар саны

Үлгерім

Сапа

Орта үпай

№ 1

24

100

94,4

19

№ 2

24

100

87

15,5

№ 3

24

100

87

16

№ 4

23

100

95

17,2

№ 5

23

100

69,6

16,6

 

 

Орынд. Күйшінова Ж.Т., № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің ПЗ жетекшісі

Последние новости:
Последние статьи:
Популярные новости:
Популярные статьи:
Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2013 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
 
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход