КГУ "Средняя школа №6" отдела образования акимата г. Лисаковска
Мемлекеттiк қызмет стандарты
Вебмастер Lis-Edu.Kz 20:20 12 февраля 2013 г. Просмотров: 7163

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген    

 

«Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi — бiлiм беру ұйымдары) көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 4-бабы 9) тармағына және «Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың түрлерi мен нысандарын және оларды беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат бiлiм беру ұйымының веб-сайтында орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi бiлiм туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берген сәттен бастап күнтiзбелiк 10 күн iшiнде.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейiн көрсетiледi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүргiзiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет бiлiм беру ұйымдарында көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орын).
      Дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың мемлекеттiк қызметтi кедергiсiз алуға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн ғимараттарда арнайы жабдықталған пандус қарастырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) құжатты жоғалтқан азаматтың бiлiм беру ұйымы басшысының атына оның жоғалу жағдайы баяндалған өтiнiшi;
      2) құжатың нөмерi және берiлген күнi көрсетiлген құжаттың жоғалғаны жөнiндегi газеттен үзiндi;
      3) туу туралы куәлiктiң немесе жеке куәлiктiң көшiрмесi;
      4) жоғалған заттарды табу бюросынан анықтама.
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат бiлiм беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар бiлiм беру ұйымдарына тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырған жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушыға қолхат берiледi, онда:
      1) сұраныстың нөмiрi мен қабылданған күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) ұсынылған құжаттардың атаулары және саны;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
      5) құжаттардың ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған бiлiм беру ұйымы өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, байланыс деректерi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн жеткiзу мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлiнiң) жеке қатысуымен асырылады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады. Мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiзде қарастырылады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартылғаны туралы дәлелдi жауапты бiлiм беру ұйымынан алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Бiлiм беру ұйымының қызметi заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына негiзiнделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оны сақтау, қорғау және құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      18. Мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Бiлiм беру ұйымы қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiлiм беру ұйымының оқу бөлiмiнен алуға болады.
      21. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе ұйым кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      22. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушылар апелляцияның жоғарғы инстанциясы – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүгiне алады.
      23. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Бiлiм беру ұйымына шағым беру үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы еркiн үлгiде өз қолымен жазған өтiнiшiн тапсырады.
      25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кiрiс ақпараттары журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
      Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Бiлiм туралы құжаттардың    
телнұсқаларын беру»       
мемлекеттiк қызмет стандартына
қосымша             

Кесте. Сапа және қол жетiмдiлiк көрсет кiштерiнiң мәнi

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштердiң нормативтiкмәнi

Көрсеткiштiң келесi жылға мақсатты мәнi

Есептi жылғы көрсеткiштердiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақытылығы

1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгiленген мерзiмде қызметтiң көрсетiлу жағдайларының % (үлесi)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Көрсетiлген қызметтiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Көрсетiлген қызмет сапасымен және қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

3.2. Электронды форматта қол жететiн ақпараттардың, қызметтердiң % (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану процесi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiмен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Қызмет көрсетушiнiң сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм
беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)Қазақстан Республикасының орта бiлiм беру ұйымдары көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет мынадай нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
      2) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңы;
      3) «Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беруҒдiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысы.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызметтi алушыға берiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны бiлiм беру ұйымдарының жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi мемлекеттiк қызметтi алушылар қажеттi құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бiр жұмыс күнiн құрайды:
      1) өтiнiш берiлген күнi (тiркеу кезiнде) сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күту уақыты – 30 минут;
      2) өтiнiш берiлген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң соңғы нәтижесiн (бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу мерзiмi – 3 айдан аспауы керек, себебi оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық бiлiм алушылар үшiн ортақ болып табылады.
      8. Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқу үшiн ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттiк қызмет барлық санаттағы азаматтар үшiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн болып табылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 13.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетiп ресiмдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттiк қызмет өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша және аталған бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) есепке ала отырып, бiлiм беру ұйымдарында көрсетiледi.
      Күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшiн ғимарат креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы бiлiм беру ұйымына өтiнiш бiлдiрген жағдайда мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) баланың заңды өкiлдерiнен өтiнiш (еркiн нысанда);
      2) туу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) денсаулығы туралы анықтама (денсаулық паспорты);
      4) тұратын жерiнен анықтама немесе тұратын жерiн растайтын басқа құжат;
      5) 3х4 көлемiндегi 2 дана фотосурет.
      Бастауыш бiлiм беру ұйымына 1-сыныпқа келушi баланың заңды өкiлдерiнен өтiнiш ағымдағы жылғы 1 маусымнан 30 тамызға дейiн жүргiзiледi.
      1-сыныпқа қабылдау кезiнде жекеменшiк бiлiм беру ұйымынан басқа бастауыш бiлiм беру ұйымдары емтихан мен тестiлеу жүргiзбейдi.
      Бiлiм беру ұйымына құжаттарды қабылдау немесе оқуға қабылдау бойынша мемлекеттiк қызметтi алуға үмiткер мемлекеттiк қызметтi алушы таңдаған оқыту бейiнiне сәйкес бiлiм беру ұйымының мәртебесiн, бiлiм беру деңгейiн, сондай-ақ, бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) ескергенi жөн.
      12. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпаратты Министрлiктiң www.edu.gov.kz ресми сайтынан, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдарының ақпараттық стендiлерiнен алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттары бiлiм беру ұйымының кеңсесiне жауапты тұлғаға тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:
      1) өтiнiштi қабылдау нөмiрi және уақыты;
      2) құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды қабылдаушы жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты.
      15. Қызмет көрсету нәтижесiн жеткiзу тәсiлi:
      бiлiм беру ұйымдарына өтiнiш берушiнiң жеке қатысуы арқылы.
      16. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болуы мүмкiн:
      1) осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакетiнiң толық берiлмеуi;
      2) құжаттарда дәйексiз немесе бұрмаланған фактiлердiң (мәлiметтердiң) анықталуы;
      3) аталған бiлiм беру ұйымында сұратылған бiлiм беру деңгейiнiң жоқтығы немесе сәйкес келмеуi;
      4) мемлекеттiк қызметтi алушының оқу көрсеткiшiнiң таңдалған бiлiм беру ұйымының мәртебесiне сәйкес келмеуi;
      5) аталған бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағына тұрғылықты жерiнiң сәйкес келмеуi.
      Аталған бiлiм беру ұйымдарында қажеттi оқыту бейiнi жоқ болса, мемлекеттiк қызметтi алушыға аудан (қала) аумағындағы басқа да жалпы бiлiм беретiн мектептерде таңдаған оқыту бейiнi бойынша бос орындардың болуы туралы ақпарат берiледi.
      Бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн өтiнiш берушiнiң құжаттарын қабылдау кезiнде басшылар мемлекеттiк қызметтi алушыларды бiлiм беру ұйымының Жарғысымен және басқа да бiлiм беру үдерiсiн реттейтiн құжаттармен таныстыруы тиiс.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Бiлiм беру ұйымдарының қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтiк мiндеттi орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) жан-жақты және толық ақпарат беру;
      5) қорғау және құпиялылық
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының мерзiмiнде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызметтiң сапалық және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағым беру тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғаның iс-әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне шағымдану қажет болған жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы немесе оның заңды өкiлi өңiрлiк уәкiлеттi бiлiм беру органдарына: аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерi (бұдан әрi – аудан (қала)ББ) хабарласуына болады.
      Егер мемлекеттiк қызметтi алушының заңды өкiлi қабылданған шараларға қанағаттанбаса не мәселе жоғары деңгейде қарауды талап еткен жағдайда заңды өкiл Астана қаласы, Орынбор к-сi, 8, 11-кiреберiс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жазбаша түрде шағым жолдауына болады.
      Шағымдар поштамен немесе жұмыс күндерi министрлiктiң кеңсесi арқылы хат түрiнде қолма-қол қабылданады.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына наразы болған жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушылар аудан (қала) бiлiм бөлiмдерi бастығының атына шағымданады.
      23. Мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағым беру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушы еркiн нысандағы өтiнiштi тапсырады.
      25. Қабылданған шағымдар бiлiм бөлiмдерiнiң кiрiс хат-хабарлар журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
      Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта 
бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн  
бағдарламалары бойынша оқыту үшiн 
ведомстволық бағыныстылығына    
қарамастан бiлiм беру ұйымдарына  
құжаттарды қабылдау және оқуға   
қабылдау» мемлекеттiк қызмет   
стандартына қосымша       

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мағынасы

Көрсеткiштiң кейiнгi жылдағы мақсаттық мағынасы

Көрсеткiштiң есеп беру жылдағы ағымдық мағынасы

1

2

3

4

1. Уақтылылық

1.1. Құжат тапсыру кезiнен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесi)

 

 

 

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

2.2. Құжаттардың дұрыс рәсiмделу жағдайларының % (үлесi) (есептелген сомалар, есептер ж.б.)

 

 

 

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасы мен қызмет көрсетудiң реттiлiгi жөнiнде ақпарат жайлы қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

3.2 Электронды форматта қолжетiмдi болған қызметтер, ақпараттар % (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiмен қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)

 

 

 

5. Әдептiлiк

5.1. Қызметшi персоналдың әдептiлiгiне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына
денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды
үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдары көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңымен;
      2) «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңымен;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 ақпандағы № 100 қаулысымен бекiтiлген Арнаулы (түзеу) бiлiм беру ұйымдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы ережемен;
      4) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 974 бұйрығымен бекiтiлген Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтiп жатқан мүгедек балалар үшiн оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртiбi туралы ережемен реттеледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызметтi аяқтау нысаны бiлiм беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Аталған қызмет денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемi бiлiм беру ұйымдарына бару мүмкiндiгi жоқ жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) ұсынылады.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
      мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күнi.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ке дейiн жүзеге асырылады.
      Алдын ала жазылу және жедел рәсiмдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттiк қызмет бiлiм беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетiлетiн бөлме көлемi, орналасуы және сырт пiшiнi жағынан сапалы қызметтердi ұсыну талаптарына сай келедi. Күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшiн бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) медициналық көрсеткiштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттiлiгi туралы қорытынды: жергiлiктi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрiгерлiк-консультациялық комиссия бередi;
      2) мүгедек баланы үйде оқыту үшiн бiлiм беру бағдарламасы түрiнiң қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) бередi;
      3) бiлiм беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркiн нысанда жазған өтiнiшi;
      4) мемлекеттiк қызметтi алушы ата-аналарының бiреуiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарының көшiрмесi;
      5) мемлекеттiк қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшiрмесi;
      6) мекенжай анықтамасы;
      7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алушылардың құжаттары бiлiм беру ұйымының басшысына тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға алатын күнi белгiленген тiзiмдеме берiледi.
      15. Қызмет көрсету нәтижесiн беру мемлекеттiк қызметтi алушының заңды өкiлiнiң жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Бiлiм беру ұйымы осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакетi толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушыға себептерiн көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Бiлiм беру ұйымының қызметi мына қағидаттарға негiзделедi:
      1) адамның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтiк мiндеттi орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) толық және жеткiлiктi ақпарат ұсыну;
      5) қорғау және құпиялылық.
      6) мемлекеттiк қызметтi алушы мерзiмiнде ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыстың нәтижесi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану қажет болған жағдайда, мемлекеттiк қызметтi алушының заңды өкiлi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, тиiстi жергiлiктi атқарушы органның бiлiм бөлiмiне хабарласуына болады.
      21. Шағымдар жазбаша түрде поштамен немесе бiлiм басқармасының кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма қол қабылданады.
      22. Мемлекеттiк қызметтi ұсынудың сапасы бойынша наразылық болған жағдайда, шағым аудандық (қалалық) немесе облыстық бiлiм басқармасы бастығының атына жазылады.
      23. Шағым аудандық (қалалық) немесе облыстық бiлiм басқармасының кеңсесi арқылы берiледi. Жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен 9.00-ден 18.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
      24. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      25. Қабылданған шағымдар бiлiм бөлiмiнiң кiрiс хат-хабарлар журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
      Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм  
беру ұйымдарына денсаулығына байланысты   
ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды   
үйде жеке тегiн оқытуды           
ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау»    
мемлекеттiк қызмет стандартына       
1-қосымша                 

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм  
беру ұйымдарына денсаулығына байланысты   
ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды   
үйде жеке тегiн оқытуды           
ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау»    
мемлекеттiк қызмет стандартына       
2-қосымша                 

«Қала (аудан) әкiмдiктерiнiң бiлiм бөлiмдерi» мемлекеттiк
мекемелерiнiң тiзiмi

№ п/п

Бөлiмдердiң атауы

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Қостанай облысы

19.

«Лисаковск қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Лискаковск қаласы, 2 мөлтекаудан, 8 үй

8(71433)-3-26-918(71433)-3-43-61

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды
ұсыну үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыру ұсыну үшiн құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1, 2-қосымшаларға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, 3-тармағының 21) тармақшасына, 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат осы Стандарттың 3, 4-қосымшаларында тiзбесi көрсетiлген облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың бiлiм басқармаларының фойелерiнде орналасқан стендтерде, сондай-ақ облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдiктерiнiң және бiлiм басқармасының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесi осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектепте тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз етiлгенi туралы анықтаманы қағаз түрiнде бере отырып, жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң жеке санаттарына тегiн ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнiнде дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк мекемелердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы):
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi өмiр сүру деңгейiнен төмен, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
      3) отбасыларда тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      4) төтенше жағдайлардың нәтижесiнде шұғыл көмектi қажет ететiн отбасылардан шыққан балаларға;
      5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы балаларға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш беру бес жұмыс күнiн (өтiнiш түскен мерзiмнен бастап бес күн iшiнде) құрайды;
      2) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң барынша шектi уақыты (тiркеу кезiнде) – 30 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берушi жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетудiң барынша шектi уақыты – 30 минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет оқу жылы бойы көрсетiледi:
      белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жұмыс және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Алдын ала жазылу және жедел ресiмдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушыларға, оның iшiнде дене мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшiн жағдай жасалған облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы жалпы бiлiм беретiн мектептердiң ғимараттарында көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы жалпы бiлiм беретiн мектепке мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) осы стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдар санаты үшiн өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      2) осы стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар санаты үшiн табысы туралы мәлiметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түскен табыстары, балаларға төленетiн алимент түрiндегi және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      3) осы стандарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген отбасыларда тәрбиеленетiн адамдар санаты үшiн, уәкiлеттi органның жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеудi бекiту туралы шешiмi;
      4) осы стандарттың 6 тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негiзiнде алқалық орган айқындайды. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетiлген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттарды сұратуға құқылы.
      12. Мемлекеттiк қызметтi алуға арналған өтiнiштiң үлгiсi және қажеттi құжаттар тiзбесi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң фойесiнде орналастырылады, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептiң қызмет көрсетуге жауапты қызметкерiнен алуға болады.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар аталған қызметтi көрсетуге жауапты жалпы бiлiм беретiн мектеп қызметкерiнiң кабинетiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес қызметтi алатын күнiн көрсете отырып, қолхат берген жалпы бiлiм беретiн мектептiң жауапты қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, өтiнiштi қабылдап алған күнi мен нөмiрi көрсетiлген қажеттi құжаттарды қабылдап алғаны жөнiнде қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi жалпы бiлiм беретiн мектептiң жауапты қызметкерi мемлекеттiк қызметтi алушының өзi немесе оның өкiлi өтiнiш берген жағдайда (ресми бекiтiлген тиiстi құжаттар болған жағдайда) өтiнiш түскеннен бастап 5 күн өткен соң берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартуға мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық тапсырмауы негiз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Қызмет көрсетудiң негiзгi қағидаттары:
      1) Қазақстан Републикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттiк қызметтi уақытында ұсыну;
      5) сыпайылық және нақтылық.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандарттың 8-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi бiлiм беру органдарының қызметкерлерi уәкiлеттi лауазымды тұлғаның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiредi және шағымды дайындауға көмек көрсетедi.
      21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi бiлiм беру органдарының кеңселерi арқылы аталған стандарттың 3, 4-қосымшаларына сәйкес жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Шағым беру кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесiне еркiн нысанда жазылған өтiнiш және қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы ұсынған құжаттардың көшiрмелерi кiредi.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы бойынша наразылық болса, қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiне мына мекенжай бойынша берiледi: Астана қаласы, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 11-кiреберiс, 945-кабинет.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы бiлiм беру органдарына шағым беру үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiштi еркiн нысанда өз қолымен жазады.
      25. Қабылданған шағым облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы бiлiм беру органдарының кiрiс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға өтiнiштiң  күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
      26. Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта немесе электронды пошта арқылы хабарланады.

«Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм
алушылар мен тәрбиеленушiлердiң    
жекелеген санаттарына тегiн     
тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттiк қызмет        
стандартына 1-қосымша      

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi
атқарушы органдарының тiзiмi

Әкiмдiктiң атауы

Телефон

Заңды мекенайы

Сайттың мекенжайы

1

2

3

4

5

10.

«Қостанай облысы әкiмiнiң аппараты» ММ

8(7142)575085

110000 Қостанай қ. Әл-Фараби к-сi, 66

http://www.kostanay.kz

«Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм
алушылар мен тәрбиеленушiлердiң    
жекелеген санаттарына тегiн     
тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттiк қызмет        
стандартына 2-қосымша      

Аудан, облыстық маңызы бар қала әкiмдiктердiң тiзiмi

Әкiмдiктiң атауы

Телефон

Заңды мекенжайы

Сайттың мекен-жайы

1

2

3

4

5

Қостанай облысы

4.

«Лисаковск қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ

8(71433) 3-40-50

111200, Лисаковск қаласы, Мир көшесi 31

lisakovsk@kostanay.kz

 

 

 

 

 

«Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм
алушылар мен тәрбиеленушiлердiң    
жекелеген санаттарына тегiн     
тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттiк қызмет        
стандартына 3-қосымша      

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бiлiм
басқармаларының тiзiмi

Өңiрдiң атауы

Телефон

заңды мекенжайы

сайттың мекен-жайы

1

2

3

4

5

10.

Қостанай

8(7142)575310

110000 Қостанай қ., Әл-Фараби к-сi, 56

http://www.kostanay.kz

«Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм
алушылар мен тәрбиеленушiлердiң    
жекелеген санаттарына тегiн     
тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттiк қызмет        
стандартына 4-қосымша      

Аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерiнiң тiзiмi

Р/с№

Бөлiмдердiң атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Қостанай облысы

19.

«Лисаковск қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Лисаковск қаласы, 2-шағын ауданы, 8

8(714 30) 709-36 8(714 30) 719-50

 

«Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм
алушылар мен тәрбиеленушiлердiң    
жекелеген санаттарына тегiн     
тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттiк қызмет        
стандартына 5-қосымша      

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн ыстық тамақпен
қамтамасыз ету туралы анықтама үлгiсi

      Осы анықтама ___________________________
                     (Т.А.Ә.) 20__ - 20__ оқу жылында тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз етiлген оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң тiзiмiне енгендiгi туралы берiлдi.

      М.О.

                                    Мектеп директорының қолы,
                  күнi

«Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм
алушылар мен тәрбиеленушiлердiң    
жекелеген санаттарына тегiн     
тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттiк қызмет        
стандартына 6-қосымша      

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен
тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн ыстық тамақпен
қамтамасыз етуге өтiнiштiң үлгiсi

№ _____________ мектеп директорына
  (мектептiң аты)
____________________________
(______ ауданның, _________облыстың)
________________________
(директордың Т.А.Ә.)
_______________________
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)
мына мекенжай бойынша тұратын:
____________________________
(елдi мекен атауы, тұрғылықты
мекен-жайы, телефоны)

Өтiнiш

      Менiң кәмелеттiк жасқа толмаған (Т.А.Ә. туған күнi) (мектеп № және сынып литерiн көрсету) оқитын баламды (оқу жылын көрсету) тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз етiлген оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң тiзiмiне енгiзуiңiздi сұраймын.

Күнi, қолы

«Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм
алушылар мен тәрбиеленушiлердiң    
жекелеген санаттарына тегiн     
тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттiк қызмет        
стандартына 7-қосымша      

Тұтынушыдан құжаттарды алғаны жөнiндегi қолхаттың үлгiсi

________________________ мектеп (мектептiң № немесе атауын көрсету)
_____________________________________________________________________
      (елдi мекеннiң, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      Құжаттың алынғаны туралы № _______ қолхат
_________________________________ мынадай құжаттар алынды:
      (тұтынушының Т.А.Ә.)

      1. Өтiнiш
      2. Өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама
      3. Табысы туралы мәлiметтер (жұмыс iстейтiн ата-аналарының немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түскен табыстары, балаларға төленетiн алимент түрiндегi және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      4. Отбасыларда тәрбиеленiп жатқан жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронаттық тәрбиеде екендiгiн растайтын уәкiлеттi органның шешiмi
      5. Материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актiсi.
      6. Басқа
_____________________________________________________________________

Қабылдады_________ (қолы)

20__ ж. "__" _____________ ___________________________

«Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм
алушылар мен тәрбиеленушiлердiң    
жекелеген санаттарына тегiн     
тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар 
қабылдау»             
мемлекеттiк қызмет        
стандартына 8-қосымша      

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп
жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау»
мемлекеттiк қызмет стандарты

      1. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары, аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) және республиканың бiлiм беру ұйымдары көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, 3-тармағының 11) тармақшасына, 4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат бiлiм беру ұйымдарындағы стендтерде, сондай-ақ, өңiрлердегi бiлiм бөлiмдерiнiң ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет бiлiм беру ұйымдарындағы күн көрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берген күннен бастап күнтiзбелiк 10 күндi құрайды;
      2) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызметтi алғанға дейiн күтетiн (тiркелу кезiнде) барынша шектi уақыт – 30 минуттан аспайды.
      3) өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орнында өтiнiштi берген күнi қызмет көрсететiн барынша шектi уақыт – 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет жергiлiктi және республикалық бюджет есебiнен тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және қызметтi жедел ресiмдеусiз уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымдарының бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес жүргiзiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушыларға, оның iшiнде дене мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған уәкiлеттi органның және бiлiм беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
      10. 1) ата-аналардан өтiнiш;
      11. 2) жеке басын куәландыратын құжат;
      12. 3) өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар беретiн мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      13. 4) денсаулығы жағдайы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
      14. 12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi бiлiм беру ұйымының фойесiнде, сондай-ақ, өңiрлердiң бiлiм бөлiмдерiнiң ресми сайттары мен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар тiзбесi уәкiлеттi орган мен бiлiм беру ұйымындағы мемлекеттiк қызметтi ұсынуға жауапты тұлғаға тапсырылады.
      14. Уәкiлеттi орган және бiлiм беру ұйымы барлық қажеттi құжаттарды қабылдау кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi, онда:
      1) өтiнiштi қабылдау нөмiрi мен күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса тiркелген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орыны;
      5) құжаттарды ресiмдеу үшiн өтiнiштi қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, оның байланыс деректерi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi мемлекеттiк қызметтi алушыға жеткiзу мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды өкiлiнiң) өзi келген жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметтi ұсыну үшiн белгiленген тұлғалар санаттарына сай келмеуi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Қызметтi көрсетудiң негiзгi қағидалары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
      2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттiк қызметтi уақытылы ұсыну;
      5) сыпайылық және әдептiлiк болып табылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет сапасы мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi қажеттiлiгiне қарай уәкiлеттi басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Осы стандартқа 1-қосымшада мекенжайлары көрсетiлген уәкiлеттi органдар уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiредi және шағымды дайындауға жәрдемдеседi.
      21. Шағымдар пошта бойынша жазбаша түрде немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде немесе уәкiлеттi органның кеңселерi арқылы қолма-қол қабылданады.
      Уәкiлеттi орган басшыларының жұмыс және қабылдау кестесi белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады.
      22. Мемлекеттiк қызмет сапа бойынша наразылық болса және дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым тиiстi жергiлiктi атқарушы органның бiлiм бөлiмiне берiледi.
      23. Мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Шағымда тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күнi көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызметтi алушы қол қоюы тиiс. Шағым беру кезiнде субъектiнiң атауы немесе шағым берiлген лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөнi, сондай-ақ арыздың себептерi мен талаптары көрсетiледi.
      Қажет болған жағдайларда мемлекеттiк қызметтi алушы арызға уәкiлеттi орган ұсынған мемлекеттiк қызметтiң сапасыз екенiн растайтын құжаттарды қоса бередi.
      25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кiрiс ақпараты журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
      Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала 
сыртындағы және мектеп жанындағы    
лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды  
қабылдау» мемлекеттiк қызмет     
стандартына                 
1-қосымша                  

«Қала (аудан) әкiмдiктерiнiң бiлiм бөлiмдерi» мемлекеттiк
мекемелерiнiң тiзiмi

Р/с№

Бөлiмдердiң атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Қостанай облысы

19.

«Лисаковск қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Лисаковск қаласы, 2-шағын ауданы, 8

8(714 30) 709-36 8(714 30) 719-50

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала 
сыртындағы және мектеп жанындағы    
лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды  
қабылдау» мемлекеттiк қызмет     
стандартына                 
2-қосымша                  

Сауықтыру ұйымының атауы

№ ________ жолдама

Аты-жөнi ______________________
Туған күнi: ___________________
Мекен-жайы ____________________
_______________________________
Мектебi: ______________________
Сыныбы: _______________________
Ата-анасының аты-жөнi
_______________________________
_______________________________
Жұмыс орны: ___________________

Жолдамаға керi талон №_______

Аты-жөнi_______________________

20 жылдың « » _________ бастап
20 жылғы « » ____________ дейiн
_______________________________
         болды
Директор:______________________

 

Жолдама денсаулығы туралы анықтама болғанда ғана жарамды.
Жолға шығар алдында бала жуындырылған және таза киiмде болуы тиiс

       Өзiмен бiрге:
1. Iш киiм 2 дана
2. Шұлық 3 дана
3. Жеке гигиеналық заттар (тiс пастасы,
тiс щеткасы, сусабын, сабын, жуыну жөкесi, тарақ)
4.Футболка, шорты;
5. Шалбар (джинсы);
6. Күрте (жылы күрте немесе кеудеше);
7. Суға түскенде киетiн киiм;
8. Бас киiм (кепка, панамка);
9. Спорттық костюм;
10. Спорттық аяқ киiмдер;
11. Шәркей (сланцы);
12. Сүлгi – 2 дана (моншаға, бетке арналған) болуы тиiс
Құнды заттар үшiн әкiмшiлiкке жауапкершiлiк жүктелмейдi!

Балалардың сауықтыру ұйымының атауы

№ ________ жолдама

Мекен-жайы:

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала 
сыртындағы және мектеп жанындағы    
лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды  
қабылдау» мемлекеттiк қызмет     
стандартына                 
3-қосымша                  

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (толық атауы, заңды мекенжайы құрылтайшылық құжаттарында көрсетiлген) негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын орта бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымдары) және Астана, Алматы қалалары мен облыстардың бiлiм басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың бiлiм бөлiмдерi көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Экстернат нысанындағы оқытуды ұйымдастыру «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi заңының 27-бабына, 6-бабының 3-тармағының 25-7) тармақшасына, 4-тармағының 21-3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау жүргiзудiң үлгi ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы анықтама немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнiн құрайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      Алдын ала жазылу және жеделдетiп қызмет көрсету қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттiк қызмет аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмiнiң (басқармасының) анықтауымен мемлекеттiк қызметтi алушы экстернат нысанында бiлiм алуға өтiнiш бiлдiрген бiлiм беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады.
      Ғимараттың iшiндегi қызмет көрсетiлетiн орынжайлар көлемi, орналасуы және кескiнi жағынан сапалы қызмет көрсетуге арналған талаптарға сай келедi. Күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшiн креслолар мен орындықтар қойылған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiштi еркiн үлгiде ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей бiлiм беру ұйымы басшысының атына бередi.
      Өтiнiшке қоса:
      1) бiлiм алушылардың денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтiк сараптаманың анықтама-қорытындысын;
      2) бiлiм алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар алмасу желiсi бойынша шетелде бiлiм алғандығын растайтын құжатты;
      3) бiлiм алушылардың соңғы оқыған сыныбында берiлген үлгерiм табелiнiң көшiрмесiн (нотариалды расталған) ұсынады.
      12. Экстерндi қорытынды аттестаттауға жiберу туралы шешiм бiлiм беру ұйымының педагогикалық кеңесiнде қабылданады.
      Тұлғаларды экстернат нысанындағы аттестаттауға жiберу туралы бұйрықты бiлiм беру ұйымы шығарады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алушылардың құжаттары бiлiм беру ұйымының кеңсесiне тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға алынған күнi туралы белгi қойылған тiзiмдеме берiледi.
      15. Көрсетiлген қызмет нәтижесiн жеткiзу мемлекеттiк қызметтi алушының жеке қатысуымен болады.
      16. Мынадай:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынбаған жағдайда;
      2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы бiлiм беру ұйымдарында оқуға мүмкiндiгi жоқ тұлғаларға;
      3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе оқушылардың халықаралық алмасу желiсiнде шетелде бiлiм алушыларға;
      4) негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Бiлiм беру ұйымының қызметi:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты орындау барысында заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) құжаттарды қорғау және олардың құпиялығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 1- қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк мекеменiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапалық және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнi жыл сайын бiлiм саласындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiлiм беру ұйымының басшысынан алуға болады.
      21. Мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайлары көрсетiлген тиiстi жергiлiктi атқарушы органның бiлiм бөлiмiне жүгiне алады.
      22. Шағымдар жазбаша нысанда поштамен не бiлiм беру ұйымының немесе мемлекетiк органның немесе басқа да ұйымдардың кеңселерi арқылы қолма-қол қабылданады.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқылы.
      24 Азаматтардың өтiнiштерi, оның iшiнде шағымдары еркiн нысанда, жазбаша түрде қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенiң сипатына байланысты қосымша құжаттар ұсынылуы мүмкiн.
      25. Қабылданған шағымдар кiрiс хат-хабарлар журналына тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырылады. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қабылдау мерзiмi мен уақыты көрсетiлген, қабылдаған қызметкердiң аты-жөнi жазылған талон берiледi.
      Шағымды қарастыру нәтижесi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

 

 

 

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру
ұйымдарында экстернат нысанында   
оқытуға рұқсат беру»        
мемлекеттiк қызмет стандартына   
1-қосымша              

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

 

 

 

3. Қолжетiмдiлiк

3.1.Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

 

 

 

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

 

 

 

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру
ұйымдарында экстернат нысанында   
оқытуға рұқсат беру»        
мемлекеттiк қызмет стандартына   
2-қосымша              

«Қала (аудан) әкiмдiктерiнiң бiлiм бөлiмдерi» мемлекеттiк
мекемелерiнiң тiзiмi

№ п/п

Бөлiмдердiң атауы

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Қостанай облысы

19.

«Лисаковск қаласы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Лискаковск қаласы, 2 мөлтекаудан, 8 үй

8(71433)-3-26-918(71433)-3-43-61

Последние новости:
Последние статьи:
Популярные новости:
Популярные статьи:
Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2013 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
 
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход