Государственное учреждение Отдел образования города Лисаковска Управления образования акимата Костанайской области
ВЕРСИЯ ДЛЯ ПЕЧАТИ
Оригинал статьи находится по адресу:
http://www.lis-edu.kz/lsk/articles/2015-01-30/2860-k1_konkurstyi1187_habarlamasyi/
К1. Конкурстың хабарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру

«Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы атынан Бурдыка Е.А. мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады.

Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі. Өтініш нысаны ерікті.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қалалық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:

1) комиссия төрағасының атына ерікті нысандағы өтініш;

2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалєан шарттың болуының көшірмесі;
5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар құжаттар жиналған пакетті 2014 жылғы 24 қараша күні сағат 10:00-ге дейін «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 2 ш/а, 8-үй, №2 кабинет тапсыруы тиіс. Жолданған пакеттерді ашу рәсімі 2014 жылғы 24 қараша күні сағат 11:00-де «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесібұйрығымен құрылған конкурстық комиссияменен өткізіледі.

Мектепке дейінігі тәрбие мен білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қорытынды шешім www.goroo.kz «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіинтернет ресурсында орналастырылады.

 

«Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы

Бурдыка Е.А.


Все права на материалы принадлежат лицам, их разместившим. Использование материалов разрешается лишь при указании источника.
Lis-Edu.kz - Образовательная сеть Казахстана.
Яндекс.Метрика