Государственное учреждение Отдел образования города Лисаковска Управления образования акимата Костанайской области
ВЕРСИЯ ДЛЯ ПЕЧАТИ
Оригинал статьи находится по адресу:
http://www.lis-edu.kz/lsk/news/2013-11-11/1481-1178alalyi1179_p1241n_olimpiadasyi/
Қалалық пән олимпиадасы

     2013 жылы 8  қараша күні  «№ 6 орта  мектебі»  ММ  қазақ  тілі  мен әдебиеті пәні  мұғалімдерінің   арасында  қалалық   пән  олимпиадасы  өткізілді. Олимпиаданың мақсаты:  педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау.

Олимпиадаға «№2 орта мектебі» ММ,  «№3 орта мектебі» ММ, «№4 орта мектебі» ММ, «Мектеп-гимназия» ММ,  «№6 орта мектебі» ММ педагогтары қатысты. Қазылар алқасының шешімімен келесі  мұғалімдер жүлделі орынға ие болды:

1 орын-Төлебаева Д.Ж., «№3 орта мектебі» ММ мұғалімі;

1 орын-Есетова Қ.З.,  «№6 орта мектебі» ММ мұғалімі;

2 орын-Нурмухамбетова К.О., «№2 орта мектебі»  ММ мұғалімі;

3 орын-Нұрлыбаева Г.С., «Мектеп-гимназия» ММ.

      Бірінші орынға ие болған мұғалімдер 19 қараша күні қала намысын облыстық олимпиадада қорғайды.

Сәттілік  тілейміз!!!


Все права на материалы принадлежат лицам, их разместившим. Использование материалов разрешается лишь при указании источника.
Lis-Edu.kz - Образовательная сеть Казахстана.
Яндекс.Метрика