Отдел образования акимата города Лисаковска


К4. Шарттың жобасы
Вебмастер Lis-Edu.Kz 15:26 14 января 2016 г. Просмотров: 1326

Қызметтерді сатып алу шарты

 

 

Лисаков қ. 2016 жылғы «__» ______

2009 жылдың 24.02. № 91-1937-18 мемлекеттік тіркеу ережесінің негізінде әрекет ететін «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшы Бурдыка Елена Александровна., бір тараптан ---------------- негізінде әрекет ететін тұлғадан бұдан әрі «Жабдықтаушы» деп аталатын ----------------, басқа тараптан әрі қарай бірлесіп аталатын «Тараптар» 2016 жылдың ------ болған тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметті жабдықтаушының таңдауы бойынша конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың негізінде осы Шартты жасады және төменгілер туралы келісімге келді:

464003 «Жалпы білім оқыту» бағдарламасы бойынша;

015 «Жергілікті бюджеті қаражатының есебінен» бағдарламашасына;

163 «Жалпы міндетті орта білім фондының шығындары» спецификасы бойынша

1. Шарттың мәні

1.1.Жеткізуші Тапсырыс берушіге осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес Лисаков қаласы әкімдігінің «Красногор негізгі мектебі» КММ жанындағы шағын орталықтың аз қамтылған отбасылары санынан тәрбиеленушілерінің тамағын қамтамасыз ету жөнінде қызмет (бұдан әрі-Қызмет)көрсетуге, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарының негізінде осы қызметтер атқаруды қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.

2. Шарттың төлеу талаптары және бағасы

2.1. Шарттың жалпы соммасы 151298 (Жүз елу бір мың екі жүз тоқсан сегіз) теңге құрайды және қызметті көрсетумен байланысты барлық шығындарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен қарастырылған барлық салықтар мен жинау қосады (әрі қарай – Шарттың соммасы). Жабдықтаушы ҚҚС төлеушісі болып табылмайды. Балалар-күнінің саны 404. Шағын орталықта толық күн болу бір тәрбиеленушінің тамақтану бағасы 374,5 (үш жүз жетпіс төрт) теңге 50 тиын құрайды.

2.2. Қызметті көрсету актісін Тараптармен қол қою және Жабдықтаушымен дерек бойынша Қызметтерді көрсеткені үшін ақша аудару жолымен бюджеттік қаражатты бөлінуі бойынша Тапсырыс берушімен сомма төленеді. Көрсетілген қызметтің нысаны алдын ала Тапсырыс берушімен Жабдықтаушы келісіледі.

2.3. Көрсетілетін Қызметтің сандық және бағалық қалпындағы көлемі Шарттың 1 Қосымшасында ескерілген.

2.4. Төлемге негізін салатын қажетті құжаттар:

1) Қазыналық аймақтық органда тіркелген Шарт.

2) Көрсетілген қызметтің актісі.

3) Тапсырыс берушіге Жабдықтаушымен берген есеп шоты.

2.5. Қызметті көрсету мерзімі: 2016 жылдың наурыз- маусым, тамыз-желтоқсан. Төлеу мерзімі:2016 жылдың сәуір-желтоқсаны.

2.6. Жабдықтаушы ҚҚС төлеушісі болып табылмайды.

3.Тараптардың міндеттемелері

3.1. Жеткізуші:

1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық және тиісті орындауды қамтамасыз етуге міндеттенеді;

2) Ықтимал жеткізуші осы конкурс құжаттамасына банк кепілдемесінің түрінде 8-қосымшаға сәйкес шарттың орындалуын немесе конкурс ұйымдастырушысының банк шотына енгізілген шарттың сомасынан үш пайыз мөлшерде кепілдікті ақшалай жарнаны қамтамасыз етуд енгізеді: ЖСК KZ750705034640572001 ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті»ММ-не, БСК KKMFKZ2A

3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Көрсетілетін қызметтер Шарттың ажыратылмайтын бөлігі болатын 1-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болу керек екенін есепке алуға;

4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімісіз Тапсырыс берушімен немесе оның атынан өзге тұлғалармен, шарттың талаптарын орындау үшін Жеткізушімен тартылған қызметкерлер қоспағанда, берілген техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға. Көрсетілген ақпарат бұл қызметкерлерге жасырын және міндеттемелерді атқару үшін сол қажет болған шамамен берілуге тиіс;

5) Көрсетілген ақпарат бұл қызметкерлерге жасырын және Шарттың міндеттемелерді атқару үшін сол қажет болған шамамен берілуге тиіс;

6) Тапсырыс берушіге, Жеткізушімен шарттың талаптарын тиісті орындамаумен және /немесе өзге заңға қайшы қылықтармен туылған оған келтірілген шығындар толық көлемде өтеуге;

7) «Балалардың және жасөспірімдердің білім беру және тәрбиелеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялогиялық міндеттер» санитариялық ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014жылғы 29желтоқсандағы №179 қаулысына сәйкес тамақтандыру азық-түліктерінің және күндізгі тағам мөлшерінің белгіленген нормаларынан шығып, мәзірге сәйкес оқушылардың тамақтандыруы өткізілу керек.

8) «Өнім беруші» «Тапсырыс берушіге» балаларға мектепте болған уақытта сапалы, теңдестірілген, қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 2-апталық мәзір-таратып салуды ұсынады.« Өнім беруші» мектеп директорына күн сайын калькуляцияны және мәзірді бекітуге ұсынады.

9) Егер қызметтер көрсету үдерісте Өнім беруші көрсетілетін қызметтердің сапасын нашарлатып, Шарттың міндеттерінен және Қазақстан Республикасының стандарттарынан шегінсе, Өнім беруші Тапсырыс берушінің талаптары бойынша барлық анықталған кемшіліктерді 2 сағат ішінде өтеусіз жөндеуге міндететтенеді.

10) «Өнім беруші» берілген үй-жайды, құрал-жабдықты Шарттың міндеттерін орындау үшін пайдалануға міндеттенеді.

11) «Өнім беруші» құрал-жабдықты, жиһазды жәнке бөтен құны аз құрал-сайманды сақтауын қамтамасыз етеді. Егер технологиялық құрал-жабдықты, жиһазды, құны аз құрал-сайманды бұзған жағдайда, «Өнім беруші» есебінен зиян және жөндеу жасалады және өтеледі.

12) Өнім беруші 15 күнтізбелік күні ішінде мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жайды және мектеп асхананың жабдықтарын жалға алу шартты жасайды.

13) «Өнім беруші» нақты пайдаланған мөлшерлері үшін коммуналдық көрсетілетін қызметтерге есеп айырысудан соң келесі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей төлеуге міндеттенеді.

14) «Тапсырыс беруші» оқушыларды тамақтандыру үшін ыдыс-аяқтың қажет санымен қамтамасыз етуіне міндетті.

3.2. Тапсырыс беруші міндеттенеді:

1) Өнім берушінің мамандарына Қызметтер көрсету үшін рұқсат беруді қамтамасыз етуге;

2) Шарттың міндеттеріне сәйкес Шарт бойынша Өнім берушімен көрсетілген қызметтерді қабылдау және ақы төлеуге;

3) Тамақтандыруды ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асыру. Тамақтандыруды ұйымдастыруға бақылау мектептің медқызметкері жүзеге асырады, ал сонымен қатар «Өнім берушінің» және «Тапсырыс берушінің» өкілімен бірге берілген есептің негізінде айдың аяғында мектеп бойынша бұйрықпен бекітілген ( әлеуметтік педагог немесе директор орынбасары) «Тапсырыс берушінің» жауапты тұлғасымен және «Өнім берушімен» бірлесіп бақылауды жүзеге асырады.

4) «Тапсырыс беруші» «Өнім берушіге» оқушыларды тамақтандыру кезеңде үй-жайды, құрал-жабдықты, құны аз құрал-сайманды береді.

3.3 Көрсетілетін қызметтердің сапасы Қазақстан Республикасында белгіленген стандарттарға сәйкес болу керек

3.4.Азық-түлік шикізатқа және тамақ өнімдерге олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болуы қажет.

3.5. Дайын тағам түсімінің көлемі «Балалардың және жасөспірімдердің білім беру және тәрбиелеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялогиялық міндеттер» санитариялық ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 қаулысына сәйкес тамақтандыру азық-түліктерінің және күндізгі тағам мөлшерінің белгіленген нормаларына сәйкес болу керек.

3.6. Қызметтер көрсетудің сапасына талаптардың маңызды бұзу жағдайында, Тапсырыс беруші өз еркінде таңдауы бойынша Шартты орындаудан бас тартуға және төленген ақшалы соманы қайтаруына талап етуге немесе тиісті сапасы бар қызметтер көрсетуді ауыстыруға құқылы.

4. Спецификация сәйкестігіне Көрсетілетін қызметерді тексеру

4.1. Тапсырыс беруші және оның өкілдері 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігін анықтауға Көрсетілетін қызметтерді бақылауды және тексеруді өткізуге мүмкіндігі бар.Осыған қарай осы тексерулер бойынша барлық шығындарды Өнім беруші тартады.Тапсырыс беруші жазбаша түрінде Өнім берушіні осы міндеттер үшін бекітлген өз өкілдері туралы дер кезінде хабардар етуге тиіс.

4.2. Осы Шарттың шеңберінде Көрсетілетін қызметтер 1-қосымшада көрсетілген стандарттардан жоғары болу немесе сәйкес болу керек.

4.3.Егер тексеруді өткізген кезде, Көрсетілетін қызметтердің нәтижелері техникалық спецификацияның (Шартқа 1-қосымша) талаптарына сәйкес емес деп танылса, Өнім беруші тексеру уақыттан бастап бес күн ішінде Тапсырыс берушінің жағынан қандай да болмасын қосымша шығындарсыз, техникалық спецификацияның талаптарына сәйкессіздікті жою бойынша шаралар қолдайды.

4.4. Өнім берушіні жоғарыда аталған бір де тармақ Шарт бойынша бөтен міндеттемелерден босатпайды.

 

5. Кепілдеме

5.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге Көрсетілетін қызметтерді үздіксіз, сапалы және уақытында қамтамасыз етуге кепіл береді.

5.2. Өнім беруші қателерді, істеліп бітпеген және техникалық спецификацияның (Шартқа 1-қосымша) Көрсетілетін қызметеріне сәйкес емес, бөтен үйлесімсіздіктерді тегін түзетуге кепіл береді.

5.3. Осы кепілдемеге байланысты барлық наразылықтар туралы Тапсырыс беруші Өнім берушіні жазбаша түрде тез арада хабарландыруы керек, содан кейін Өнім беруші хабарланыруда Тапсырыс берушімен анықталған мерзімде осы іске байланысты барлық шығындарды есепке алып, өз есебінен кемшіліктерді жою бойынша шараларды қолдануы тиіс.

5.4.Егер хабарландыруды алып, Өнім беруші уақытында кемшіліктерді жою үшін тиісті шаралар қолданбаса, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша ие болатын бөтен құқықтарға қандай да болмасын зиян келтірмей және Өнім берушінің есебінен кемшіліктерді жою бойынша қажетті санкциялар мен шараларды пайдалануға мүмкіндігі болады.

6. Тараптардың жауапкершілігі

6.1. Егер Өнім берушінің жағынан Шартпен бекітілген қызметтер көрсету мерзімдері бұзылса, Тапсырыс беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын тоқтатуға құқығы бар.

6.2. Өнім берушімен осы Шартпен қөзделген міндеттердің бұзылуы оган жүктелетін келесі санкцияларға әкелуі мүмкін: Шарт бойынша міндеттемелерді нақты орындау күнге дейін кешіктірген әр күніне міндеттемелерді орындамаған немесе тиімсіз орындаған сомасынан 0,1% мөлшерінде айыпақыны (айыппұлды, өсімақыны) төлеуі. Тапсырыс беруші осындай 0,1% айыпақыны (айыппұлды, өсімақыны) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.

6.3. Айыпақы төлемі Өнім берушіні Шарт бойынша өз міндеттемелерін орныдаудан босатпайды.

6.4.Егер қандай да болмасын өзгеріс бағаның кемітуіне немесе Шарт бойынша Көрсетілетін қызметтерді орындау үшін Өнім берушіге қажет мерзімдердің кемітуіне әкелсе, Шарттың сомасы немесе орындау кестесі, немесе сол да, бөтен де тиісті түрде дәлдеп түзетіледі, ал Шартқа сәйкесетін түзетулер енгізіледі.Дәлелдеп түзетуді өткізуге Өнім берушінің барлық сұрау салуы Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы Өнім берушімен өкім алынған күннен бастап 30 күн( отыз) ішінде ұсынылуы керек

6.5. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімісіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық та, ішінара да кімге болса да тапсыруға құқығы жоқ.

7. Шарттың қолдану мерзімі және бұзу шарттары

7.1. Қазақстан Республикасының Қаржы министлігінің Қазынашылық аймақтық бөлімшеде Шарт тіркелгеннен кейін, ол күшіне енеді және 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

7.2. Өнім беруші төлеуге шамасы келмейтін болса немесе банкрот болып қалса, онда оған тиісті жазбаша түрінде хабарламаны жіберіп, Тапсырыс берушінің қай уақытта да Шарттың міндеттерін орындамаудан бір жақты тәртіпте бас тартуға мүмкіндігі бар. Осы жағдайда Шарттың міндеттерін орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады және егер Шарттың міндеттерін орындаудан бас тартуы зиян келтірмейтін немесе іс-әрекетті жасауға немесе санкциялар болған немесе бұдан кейін Тапсырыс берушіге талап етілетін санқцияларды пайдалануға қандай да болмасын құқықтарды бузбайтын жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушінің алдында ешқандай қаражаттық жауапкершілікті тартпайды.

7.3.Жоғарыда аталған себептер бойынша Шарттың күші жойылып қалған жағдайда, Өнім беруші Шарттың бұзу күнінде Шарт бойынша бұзуымен байланысты жасалған нақты шығындарға ғана ақы төлеуді талап етуге құқығы бар.

7.4. Шарттың міндеттерін бұзу үшін қандай- да болсын бөтен санкцияларға нұқсансыз Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша түрінде хабарламаны жіберіп, Тапсырыс беруші осы Шартты толық немесе ішінара бұзуға мүмкіндігі бар:

1) егер Өнім беруші Шартпен қарастырылған мерзімде немесе Тапсырыс беруші рұқсат берген осы Шарттың ұзартылған мерзімі ішінде Көрсетілетін қызметтерді орындай алмаса;

2) Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса.

7.5. Тараптардың келісімі бойынша Шарттың бұзылуға мүмкіндігі бар.

 

8. Форс-мажор

8.1. Егер Шарттың міндеттері форс-мажорлық жағдайлардың нәтижелері болып, орындалмаса, тараптар оған жауапкершілікті көтермейді.

8.2. Шарттың міндеттері үшін Тараптардың бақылауына жатпайтын оқиға «форс-мажор» деп аталады және ойда болмаған өзгешеліктер болатын оқиғалар.Бұндай оқиғаларға жататын, бірақ оларды ақылды тәсілдермен күні бұрын білуге немесе құтылуға болмайтын: әскери әрекеттер, табиғат немесе күтпеген апаттар әрекеттері және басқалар.

8.3. Егер форс-мажорлық жағдайлар туып қалса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осындай жағдайлар туралы және олардың себептері туралы жазбаша түрінде хабарламаны кідірмей жіберуі керек. Егер Тапсырыс берушіден бөтен жазбаша түрінде нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші қанша пайдалы болдыртып, Шарт бойынша өз міндеттерін орындауын жалғастырады және форс-мажорлық жағдайлардан бағынды болмайтын Шартты орындау үшін балама әдістерді іздейді.

 

9. Дау мәселелерді шешу

9.1. Шарт бойынша немесе сонымен байланысты Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің арасында пайда болатын барлық келіспеушілерді немесе дауларды олар тура бейбіт келіссөздермен шешу үшін барлық шараларды қолдайды.

9.2.Егер Тапсырыс беруші мен Өнім беруші сондай келіссөздердің басталуынан кейін 21 күн ішінде (жиырма бір) Шарт бойынша келісімге қол жеткізбесе, онда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы мәселенің шешімін тараптың әрқайсысы шешуге талап етеді.

10. Хабарландыру

10.1. Шартқа сәйкес қандай болса да хабарландыруды бір Тарап екінші Тарапқа жібергенде, хат, телеграмма,телекс немесе түпнұсқасын келесі жіберуімен факс түрінде жіберіледі.

10.2. Хабарландыру келген соң күшіне енеді немесе көрсетілген күнде күшіне енеді (егер хабарландыруда көрсетілсе),осы күннің қайсысы кейіндеу болса, содан тәуелді.

 

11. Бөтен талаптар

11.1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетке салықтар мен бөтен міндетті төлемдер төлеугу жатады.

11.2. Шартқа қандай болса да қосымшалар мен өзгерістер жазбаша түрінде орындалған және Тараптардың уәкілдермен қол қойылған, олардың мөрлерімен куәландырылған болса ғана, шын қосымшалар мен өзгерістер деп саналады.

11.3.Сапаның өзгермеуілігінің жағдайында және өнім берушіні таңдау үшін негізгі болатын бөтен шарттардың жағдайларында жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге рұқсат беріледі:

1) Шартта қарастырылған Көрсетілетін қызметтердің бірлігіне бағалары өзгермейтін жағдайларда Көрсетілетін қызметтердің көлемінде қажеттіліктің өсуіне немесе кемітуіне байланысты Шарттың сомасы өсуі немесе кемітуі бойынша;

2) Көрсеілетін қызметтерге бағалар кеміту жағына өзгерсе, онда Тараптардың өзара келісімі бойынша Шарттың сомасы да кеміту бойынша.

11.4. Шарт бойынша Тараптың біреуі міндеттерді тапсыру үшін бөтен Тараптың жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.

11.5. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі данада жасалған, бірдей заңгерлік күші бар, Тараптардың әрбіріне бір данадан беріледі.

11.6. Шартпен реттелмейтін жағдайларды шешу үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

12. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері

 

«Тапсырыс беруші» «Жабдықтаушы»

«Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

Лисаков қаласы, 2 шағын аудан, 8-үй

БСН 060140008851

ББК KKMFKZ2A

ЖБК KZ27070103KSN3918000

«ҚР Қаржы министрлігі

Қазынашылық Комитеті» ММ

Тел: 8 (71433)3 26 82, факс: 3 35 52

 

Басшы ___________ Е. Бурдыка

 

М.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шарттың жобасына

1-ші қосымша

Лисаков қаласы әкімдігінің «Красногор негізгі мектебі» КММ жанындағы шағын орталықтың аз қамтылған отбасылары санынан тәрбиеленушілерінің тамағын ұйымдастыру жөнінде қызмет Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Красногор кенті, Лисаков қаласы әкімдігінің «Красногор негізгі мектебі» КММ ғимараты мекенжайы бойынша көрсетуге тиіс

Өлшеу бірлігі: қызмет.

Саны: 1.

Аз қамтылған отбасылар санынан ыстық тамағын қамтамасыз ету жөнінде қызмет алушыларының саны жергілікті бюджет қаражаты есебінен құрайды: шағын орталықтың тәрбиеленушісі жалпы сомаға 151298 (Жүз елу бір мың екі жүз тоқсан сегіз) теңге.

Балалар-күні саны құрайды – 404

Толық күнмен болатын шағын-орталықтың бір тәрбиеленушіге тамақтану бағасы мемлекетік сатып алу ұйымдастырушыларының бекітілген бағасынан аспау керек – 374,5 (үш жүз жетпіс төрт) теңге 50 тиын.

Қызметті көрсету мерзімі – 2016 жылдың наурыз – маусым, 2016 жылдың тамыз-желтоқсан.

Асхана бөлмесі мектептің 1 қабатында орналасқан.

Асхананың жалпы алаңы – 46,17м2

Асхана бөлмесінде: душ, санузел, ыдыс-аяқ және қол жуатын жерлер, суды тазартатын сүзгі орналасқан, қойма бөлмелері, 25 отыратын орындарға арналған түскі залы бар.

Ас блогы жабдықталған: 4 камфорлық электрлік плита – 2, электрлік духовка – 1, мармит – 1, 50 л. су қайнатқыш – 1, «Бирюса» тоңазытқышы – 1, қамыр былғауыш – 1.

 

ыстық тамақпен ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету барысында жабдықтаушы келесі талаптарды орындау керек:

 

1. Оқушылардың денсаулығы үшін қауіпсіздік жіне сапалы кепілдеме беретін тағамдарды жасау және дайындаудың барлық кезендерінде санитарлық ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайларды жасау;

2. Әрбір қызметкердің медициналық кітапшалары бар, кәсіптік, гигиеналық дайындықтардан өткен, денсаулық жағдайы бойынша рұқсаты бар тұлғаларды қабылдауды жүзеге асыру (барлық қызметкерлердің түсу барысында заманауи алдын ала және кезендік медициналық қаралулар);

3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес, санитарлық ережелермен, гигиеналық талаптармен қызметкерлер үшін еңбек жағдайын жасау;

4. Ас блогының қызметкерлерін арнайы киімдермен және бас киімдермен қамтамасыз етілуі және орталықтырылған кір жууын қамтамасыз етілуі;

5. Қажетті құжаттарды жүргізуімен қамтамасыз ету (бракеражды жорналдар, іріндеген және тыныс органдарының өткір ауруларына қызметкерлерді қарау жорналы және басқа құжаттар);

6. Дезинфекциялау бойынша іс-шараларды өткізуін қамтамасыз ету;

7. Жиһаздар мен басқа аз құнды керек-жарақтардың дұрыс жұмыс істеуін және қолданатын жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету, егер жиһаздарды, жабдықтарды және басқа аз құнды заттарды бұзған жағдайда өз қаражатына жөндеу жасау немесе шығындарын өтеу;

8. Қызметтерді көрсету басталуына дейін объектке (асхана бөлмесі) санитарлық-эпидемиологиялық нәтижесіін алу;

9. Жеткілікті санындағы өндірістік керек-жарақтар, ыдыс-аяқтар, жуатын және дезинфекциялайтын заттар (ҚР қолдануға рұқсат етәілген) және басқа материалдық-техникалық жабдықтардың заттарымен қамтамасыз ету;

10. Өндірістік саладағы заттары болып табылатын жабдықтар, ыдыс-аяқтар, керек-жарақтар қоғамдық тамақтану ұйымдарына талап етілетін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болу және бекітілген тәртіпте тағам өнімдерімен байланысу үшін қолдануға болатын материалдардан жасалуы;

Санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес дезинфекциялау және ыдыстарды жуу ережесін сақтау мақсатында бір отыратын орынға үш жинақтан кем емес есебінде асханалық ыдыстар және құралдарының саны толық қамтамасыз етілуі;

11. Асханалық ыдыстарының өзгерген күйін, шеттері сынған, жарылған, эмалі құртылған, қалайыдан жасалған ыдыстар, пластмассадан және жұқа тақтайдан жасалған өңдеу тақтайларын, сынған және механикалық бұзылған ағаш жабдықтарымен және өңдеу тақтайларын пайдалану үшін жібермеу;

12. Қандай да бір технологиялық жабдықтардың істемей қалған жағдайда мәзірде өзгерістер енгізу қажет және дайын тағамдарды өндіру барысында санитарлық ережелердің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;

13. Ас блогына түсетін тамақ өнімдері азық-түлік шикізатына және тағам азық-түліктеріне талап етілетін гигиеналық талаптарына сәйкес болу керек және азық-түліктің шығарылған күні, сақтау мерзімі мен жағдайы, қауіпсіздігі мен сапасы куәләндыратын құжаттары болу керек. Жолдама құжатты азық-түлікті жүзеге асырудың соңына дейін сақтау керек;

14. Қызметті көрсету барысында қолданатын қоректену тағамдарының сапа сертификатын болуы керек;

15. Дайын тағамдарды беру ін дәмін татқаннан кейін жүзеге асырылады. Тағамдардың сапа бағасын құрамында үш адамнан кем емес брокеражды комиссия жасайды: медициналық қызметкер, ас блогының өкілі және білім мекемесінің өкілі (тағам жасалынған ыдыстан дәмін татады). Бракераж нәтижесі санитарлық ереженің 12 қосымшасына сәйкес «Дайын тағам бркеражының жорналына» тіркеледі. Мәзірде көрсетілген сыбаға тағамдардың өлшемі тағамның шығуына сәйкес болу және гигиеналық мөлшерлерге сәйкес болуы керек. Тағамдарды дайындау технологиясын бұзған жағдайда, сонымен қатар дайын болмау жағдайында табылған аспаздық кемшіліктер жойылмағанға шейін тағам берілмейді;

16. Сақтаудың аса жағдайын талап ететін, тез бүлінетін тағамдардың сақтау мерзімдерін және жағдайларын сақтау үшін бақылау мақсатында сәйкес жорналдарда тіркеу арқылы санитарлық ереженің 11 қосымшасына сәйкес термометрді қолданып тоңазытқыш жабдықтарының сақтау температура режимін бақылау жүргізу;

17. Технологиялық үрдісті сақтауды бақылау мақсатында дайын тағамдардың әрқайсысынан тәуліктік сынау, санитарлық ережелердің 8 пуктісі дәмін таңдау бойынша ұсыныстарға сәйкес ас блогының қызметкері «аспазшы» тәуліктік сынағын жүзеге асырады. Тәіліктік таңдаудың сақтау жағдайларын және таңдау дұрыстығын медициналық қызметкер бақылайды.

18. Оқушылардың тамақтану кесетсін сақтау;

19. Азы-түліктерді әкелу және шикізат тағамдарын Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы органымен берілетін нәтижесімен арнайы машинамен жүзеге асырады;

20. Оқушылардың тыйым салынған тағамдарды тамақтануын жібермеу, сонымен қатар газдалған және энергетикалық сусындар, чипсыйлар, сухариктер және генномодифицитталған қосындылары бар тағамдарды, сонымен қатар шайнау резинкелерін шығаруын болдырмау;

21. Қызметті көрсетуін аяқталғаннан кейін мектеп ас блогының жерінде жыл сайын немесе қажетті жағдай бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұру;

22. Конкурстың жеңімпазы болған жағдайда технологиялық құралдарға және бөлмеге, сонымен қатар коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін жалдау келісімін жасау,

23. Оқушылардың және тәрбиенушілердің тамақтануын ұйымдастыру үшін «ұйымдастырылған ұжымдарда мектеп жасындағы жасөспірімдер және балалар тамақтану үшін аспаздық тағамдарды дайындау бойынша технологиялық нұсқау» пайдалану керек;

Тағамдарды дайындау барысында йодталған тұзды қолдану керек, үшінші және тәтті тағамдарға С-витаминизациясын қолдану;

Сүт тағамдары термиялық өңдеуден кейін қолданылады, салаттар өсімдік майымен араластырылады;

Көкөністермен, жемістермен, ірімшікпен жасалған пісірілген нандар асхананың мүмкіндігінен жасалады.

«Тапсырыс беруші» «Жабдықтаушы»

«Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

Лисаков қаласы, 2 шағын аудан, 8-үй

БСН 060140008851

ББК KKMFKZ2A

ЖБК KZ27070103KSN3918000

«ҚР Қаржы министрлігі

Қазынашылық Комитеті» ММ

Тел: 8 (71433)3 26 82, факс: 3 35 52

 

Басшы __________ Е. Бурдыка

 

М.О.

 

Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2012 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход