Отдел образования акимата города Лисаковска


К1. Конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру
Вебмастер Lis-Edu.Kz 10:01 29 июля 2016 г. Просмотров: 869

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру

«Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы атынан Бурдыка Е.А. мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады.Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі. Өтініш нысаны ерікті.

«Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қалалық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:

1) комиссия төрағасының атына ерікті нысандағы өтініш;

2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалєан шарттың болуының көшірмесі;
5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жоғары оқу орындарының, сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту дайындық бөлімдеріне еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес техникалық, кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы ереже.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жөніндегі комиссия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындардың саны бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жеке ұсыныстары саны асып кеткен жағдайда, қосымша критерийлер басшылыққа алады:

1) Барлығы жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі - кемінде 10%;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтердің өкілдік тәжірибесі болуын

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар құжаттар жиналған пакетті 2016 жылғы 29 тамыз күні сағат 10:00-ге дейін «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 2 ш/а, 8-үй, №2 кабинет тапсыруы тиіс. Жолданған пакеттерді ашу рәсімі 2016 жылғы 29 тамыз күні сағат 11:00-де «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұйрығымен құрылған конкурстық комиссияменен өткізіледі.

Мектепке дейінігі тәрбие мен білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қорытынды шешім www.goroo.kz«Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі интернет ресурсында орналастырылады.

«Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы

Бурдыка Е.А.

Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2012 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход