КГУ "Средняя школа №6" отдела образования акимата г. Лисаковска
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы
Вебмастер Lis-Edu.Kz 20:22 12 февраля 2013 г. Просмотров: 9034

2012 жылғы 31 қазан                                                                  482

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы

 

 

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы  Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

            1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері бекітілсін:

            1) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»;

            2) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру»;

            3) «Техникалық және кәсіптік білім беру  бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды  жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды  қабылдау және оқуға қабылдау»;

            4) «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;

            5) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;

            6) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;

            7) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;

            8) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау                            және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»;

            9) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;

10) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»;

            11) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»;

            12) «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»;

            13) «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру».

            2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай облысының әкiмi                                         Н. Садуақасов

 

 

Нормативтiк құқықтық кесiмдердi

 мемлекеттiк  тiркеу  тiзiлiмiнде

              2012  жылғы  28 қарашада 

№ 3901 болып тіркелген

 

 

 

Әкімдіктің

2012 жылғы «31» қазандағы

№ 482 қаулысымен бекітілген

 

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

1. Негізгі ұғымдар

 

                1. Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға (бұдан әрі - алушы);

                2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушылар (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері) (бұдан әрі ­– ҚФБ);

3) экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі. 

 

2. Жалпы ережелер

 

                2. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) алушыларға «Білім туралы» Қазақстан Республикасының                 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 27-бабына, 6-бабының 3-тармағының                 25-7) тармақшасына, 4-тармағының 21-3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2008 жылғы 18 наурыздағы       № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес көрсетіледі және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін  білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі -Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

                3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

                4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

 

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

 

6. Мемлекеттік қызмет меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымы) және аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің ғимаратында жүзеге асырылады.

Ғимараттың ішіндегі қызмет көрсетілетін орынжайлар көлемі, орналасуы және кескіні жағынан сапалы қызмет көрсетуге арналған талаптарға сай келеді. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшін креслолар мен орындықтар қойылған. 

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ білім беру ұйымдары ғимараттарының ақпараттық стендтерінде орналастырылады.

                8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі алушы осы Регламенттің         12-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

9. Мынадай:

1) алушы осы Регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;

2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға;

                3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе  оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде білім алушыларға;

4) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) алушы білім беру ұйымына осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады; 

2) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға құжаттардың алынған күні туралы белгі қойылған тізімдеме береді;

3) білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады;

4) білім беру ұйымының басшысы экстернат нысанында оқуға рұқсат беруге немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;

5) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға экстернат нысанында оқуға рұқсат беруді немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

11. Білім беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

 

                12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы өтінішті еркін үлгіде ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының атына береді.  

                Өтінішке қоса:

                1) білім алушылардың денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптаманың анықтама-қорытындысын;

2) білім алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде білім алғандығын растайтын құжатты;

3) білім алушылардың соңғы оқыған сыныбында берілген үлгерім табелінің көшірмесін (нотариалды расталған) ұсынады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде алушыға алынған күні туралы белгі қойылған тізімдеме беріледі.

14. Экстернді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешім  білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қабылданады.

Тұлғаларды экстернат нысанындағы аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты білім беру ұйымы шығарады.

15. Көрсетілген қызмет нәтижесін жеткізу алушының жеке қатысуымен болады.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ әрекет етеді:

1) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы;

2) білім беру ұйымының басшысы.

17. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң                            1-қосымшасында келтiрiлген.

18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген. 

  5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

19. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi іске асыруға жауап береді.

 

______________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметкөрсетурегламентіне   

1-қосымша

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің сипаттамасы

 

Негiзгi үдерістiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекеттің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы

Білім беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы

3

Әрекеттің

(үдерістiң,

рәсiмнiң,

операцияның)

атауы және олардың сипаттамасы

Осы Регламенттің

12-тармағында көрсетілген, алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау

Келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығын және сенімділігін тексеру, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiне қол қою

Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру

4

Аяқтау нысаны

Алушыға құжаттардың алынған күні туралы белгі қойылған тізімдемені беру

Экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау

мерзімдері

Құжаттарды тапсырғанда бірден беріледі

15 жұмыс күн

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

-

 

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметкөрсетурегламентіне   

2-қосымша

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

 

Білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады

 

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға құжаттардың алынған күні туралы белгі қойылған тізімдеме береді

 

 

 

Білім беру ұйымының басшысы экстернат нысанында оқуға рұқсат беруге немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды

Алушы білім беру ұйымына осы Регламенттің

12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады

 

 

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға экстернат нысанында оқуға рұқсат беруді немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

 

 

 

 

Әкімдіктің

2012 жылғы «31» қазандағы

№ 482  қаулысымен бекітілген      

 

           

 

 

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті

 

 

1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызметті алушы – білім беру ұйымындағы күн көрісі төмен отбасыдан шыққан білім алушы мен тәрбиеленуші (бұдан әрі - алушы);

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушылар (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері) (бұдан әрі - ҚФБ).

 

 

2. Жалпы ережелер

 

2. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттiк қызмет) алушыларға «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, 3-тармағының 11) тармақшасына, 4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетіледі және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін  білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет жергілікті және республикалық бюджет есебінен тегін көрсетіледі.

          5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

 

 

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

 

6. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, қалалардың білім бөлімдерінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) және білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі, онда алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және қызметті жедел көрсетусіз уәкілетті орган мен білім беру ұйымдарының бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес күнтізбелік жыл ішінде жүргізіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарындағы стендтерде, сондай-ақ, өңірлердегі білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген күннен бастап                          күнтізбелік 10 күнді құрайды;

2) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алғанға дейін күтетін (тіркелу кезінде) барынша шекті уақыт –      30 минуттан аспайды;

3) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсететін барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды.

9. Алушының осы Регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметті ұсыну үшін белгіленген тұлғалар санаттарына сай келмеуі бас тарту себептерін жазбаша негіздей отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) алушы уәкілетті орган мен білім беру ұйымына осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) уәкілетті орган мен білім беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді;

3) уәкілетті орган мен білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады;

4) уәкілетті орган мен білім беру ұйымының басшысы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамаға немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;

5) уәкілетті орган мен білім беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдаманы немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

11. Уәкілетті орган мен білім беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет)

тәртiбiнiң сипаттамасы

 

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) ата-аналардан өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

4) денсаулығы жағдайы туралы анықтама  (медициналық төлқұжат).

                13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар уәкілетті орган мен білім беру ұйымындағы мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты тұлғаға тапсырылады.

14. Уәкілетті орган және білім беру ұйымы құжаттарды қабылдау кезінде алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда :

1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса тіркелген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орыны;

5) құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті қабылдағанның тегі, аты, әкесінің аты;

6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері.

15. Мемлекеттік қызметті алушыға жеткізу алушының (заңды өкілінің) өзі келген жағдайда жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ әрекет етеді:

1) уәкілетті орган мен білім беру ұйымының жауапты тұлғасы;

2) уәкілетті орган мен білім беру ұйымының басшысы.

17. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

 

 

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

19. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті орган мен білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi іске асыруға жауап береді.

 

____________________________

 

 

 

 

 

 

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша

 

 

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің сипаттамасы

Негiзгi үдерістiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекеттің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган мен білім беру ұйымының жауапты тұлғасы

Уәкілетті орган мен білім беру ұйымының басшысы

Уәкілетті орган мен білім беру ұйымының жауапты тұлғасы

3

Әрекеттің

(үдерістiң,

рәсiмнiң,

операцияның)

атауы және олардың сипаттамасы

Осы Регламенттің

12-тармағында көрсетілген, алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау

Келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығын және сенімділігін тексеру, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiне қол қою

Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру

4

Аяқтау нысаны

Алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты беру

Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау

мерзімдері

30 минуттан аспайды

Күнтізбелік 10 күн

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

-

           

                                                                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша

 

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Уәкілетті орган мен білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады

Уәкілетті орган мен білім беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді

 

 

Уәкілетті орган мен білім беру ұйымының басшысы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамаға немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды

Алушы уәкілетті орган мен білім беру ұйымына осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады

 

 

Уәкілетті орган мен білім беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдаманы немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

 

 

 

____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімдіктің

2012 жылғы «31» қазандағы

№ 482 қаулысымен бекітілген

 

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

 

  1. 1.      Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызметті алушы – денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлға (бұдан әрі - алушы);

                2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушылар (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері) (бұдан әрі-ҚФБ).

 

 

2. Жалпы ережелер

 

2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) алушыларға «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 100 қаулысымен бекітілген Арнаулы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы        № 974 бұйрығымен бекітілген Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібі туралы ереже және Оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралы ережесінегізінде көрсетіледі және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін  білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

                4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

 

 

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

 

6. Мемлекеттік қызмет орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымы)ғимараттарында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетілетін бөлме көлемі, орналасуы және сырт пішіні жағынан сапалы қызметтерді ұсыну талаптарына сай келеді.  Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ білім беру ұйымдары ғимараттарының ақпараттық стендтерінде орналастырылады.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

алушы осы Регламенттің 12-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.

9. Білім беру ұйымдары осы Регламенттің 12-тармағында қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда алушыға себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.

          10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) алушы білім беру ұйымына осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;  

2) білім беру ұйымының басшысы алушыға құжаттарды алған күні белгіленген тізімдеме береді;

3) білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады;

4) білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымының бұйрығына немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;

5) білім беру ұйымының басшысы алушыға білім беру ұйымының бұйрығын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

11. Білім беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды (білім беру ұйымының басшысы).

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiндегііс-әрекет (өзара іс-әрекет)

тәртiбiнiң сипаттамасы

 

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) медициналық көрсеткіштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы қорытынды: жергілікті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрігерлік-консультациялық комиссия береді;

2) мүгедек баланы үйде оқыту үшін білім беру бағдарламасы түрінің қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) береді;

3) білім беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркін нысанда жазған өтініші;

4) алушы ата-аналарының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;

5) алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі;

6) мекенжай анықтамасы;

7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама.

13. Алушылардың құжаттары білім беру ұйымының басшысына тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде алушыға алатын күні белгіленген тізімдеме беріледі.

15.  Қызмет көрсету нәтижесін беру алушының заңды өкілінің жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ әрекет етеді:

білім беру ұйымының басшысы.

17. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң                            1-қосымшасында келтiрiлген.

18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

 

 

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

19. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi іске асыруға жауап береді.

 

______________________________________

 

 

 

 

 

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша

 

 

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің сипаттамасы

 

 

Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекеттің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Білім беру ұйымының басшысы

3

Әрекеттің

(үдерістiң,

рәсiмнiң,

операцияның)

атауы және олардың сипаттамасы

Осы Регламенттің

12-тармағында көрсетілген, алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау

Келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығын және сеніміділігін тексеру, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiне қол қою

Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру

4

Аяқтау нысаны

Алушыға құжаттарды алған күні белгіленген тізімдеме беру

Білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау

мерзімдері

Құжаттарды тапсырғанда бірден беріледі

3 жұмыс күні

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

-

 

_______________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметкөрсетурегламентіне 2-қосымша

 

 

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

 

Білім беру ұйымының басшысы алушыға құжаттарды алған күні белгіленген тізімдеме береді

Білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады

 

 

Білім беру ұйымының басшысы алушыға білім беру ұйымының бұйрығын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

 

Білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымының бұйрығына немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды

Алушы білім беру ұйымына осы Регламенттің

12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады

 

 

 

 

_______________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімдіктің

2012 жылғы «31» қазандағы

№ 482 қаулысымен бекітілген

 

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

 

1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

       1) мемлекеттік қызметті алушы – Қазақстан Республикасының 6-18 жастағы азаматы (бұдан әрі - алушы);

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушылар (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері) (бұдан әрі - ҚФБ).

 

 

2. Жалпы ережелер

 

2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) алушыларға «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, «Баста­уыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің            2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысына сәйкес көрсетіледі және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін  білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

                4. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi білім беру ұйымының білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

 

 

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

 

6. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша және аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) есепке ала отырып, орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымы) ғимараттарында көрсетіледі.

Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшін ғимарат креслолармен және орындықтармен  жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын  9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған. 

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ білім беру ұйымдары ғимараттарының ақпараттық стендтерінде орналастырылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі алушылар қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күнін құрайды:

1) өтініш берілген күні (тіркеу кезінде) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күту уақыты – 30 минут;

2) өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін алушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесін (білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы бұйрық) алу мерзімі – 3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық білім алушылар үшін ортақ болып табылады.

9. Алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болуы мүмкін:

1) осы Регламенттің 12-тармағында қарастырылған құжаттар топтамасының толық берілмеуі;

2) құжаттарда дәйексіз немесе бұрмаланған фактілердің (мәліметтердің) анықталуы;

3) аталған білім беру ұйымында сұратылған білім беру деңгейінің жоқтығы немесе сәйкес келмеуі;

4) алушының оқу көрсеткішінің таңдалған білім беру ұйымының мәртебесіне сәйкес келмеуі;

5) аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына тұрғылықты жерінің сәйкес келмеуі.

Аталған білім беру ұйымдарында қажетті оқыту бейіні жоқ болса, алушыға аудан (қала) аумағындағы басқа да жалпы білім беретін мектептерде таңдаған оқыту бейіні бойынша бос орындардың болуы туралы ақпарат беріледі.

10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

                1) алушы білім беру ұйымының кеңсесіне осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады; 

2) білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

3) білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады;

4) білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымының білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығына немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;

5) білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы алушыға білім беру ұйымының білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

11. Білім беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет)

тәртiбiнiң сипаттамасы

 

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы білім беру ұйымына өтініш білдірген жағдайда мынадай құжаттарды ұсынады:

1) баланың заңды өкілдерінен өтініш (еркін нысанда);

2) туу туралы куәліктің көшірмесі;

3) денсаулығы туралы анықтама (денсаулық паспорты);

4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;

5) 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосурет.

Бастауыш білім беру ұйымына 1-сыныпқа келуші баланың заңды өкілдерінен өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.

1-сыныпқа қабылдау кезінде жеке меншік білім беру ұйымдарынан басқа бастауыш білім беру ұйымдары емтихан мен тестілеу жүргізбейді.

13. Білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау немесе оқуға қабылдау бойынша  мемлекеттік қызметті алуға үміткер алушы таңдаған оқыту бейініне сәйкес білім беру ұйымының мәртебесін, білім беру деңгейін, сондай-ақ, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) ескергені жөн.

14. Алушының құжаттары білім беру ұйымының кеңсесіне жауапты тұлғаға тапсырылады.

15. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) өтінішті қабылдау нөмірі және уақыты; 

2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

3) құжаттарды қабылдаушы жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.

16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі білім беру ұйымына өтініш берушінің жеке қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ әрекет етеді:

1) білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы;

2) білім беру ұйымының басшысы.

17. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң                   1-қосымшасында келтiрiлген.

18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

 

 

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi іске асыруға жауап береді.

 

____________________________

 

 

 

 

 

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша

 

 

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің сипаттамасы

 

Негiзгi үдерістiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекеттің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы

Білім беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы

3

Әрекеттің

(үдерістiң,

рәсiмнiң,

операцияның)

атауы және олардың сипаттамасы

Осы Регламенттің

12-тармағында көрсетілген, алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау

Келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығын және сенімділігін тексеру, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiне қол қою

Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру

4

Аяқтау нысаны

Алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты беру

Білім беру ұйымының білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау

мерзімдері

30 минуттан аспайды

3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы бұйрық барлық білім алушылар үшін ортақ болып табылады

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

-

 

____________________________

 

 

 

 

 

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша

 

   

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады

Білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді

 

Алушы білім беру ұйымының кеңсесіне осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады

                                  

 

Білім беру ұйымының басшысы білім беру ұйымының білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығына немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды

 

 

Білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы алушыға білім беру ұйымының білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

 

 

 

____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімдіктің

2012 жылғы «31» қазандағы

№ 482 қаулысымен бекітілген

 

 

 «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

 

1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1)  мемлекеттік қызметті алушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (бұдан әрі - алушылар);

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушылар (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері) (бұдан әрі - ҚФБ).

 

 

2. Жалпы ережелер

 

2. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) алушыларға «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 4-бабының 9) тармақшасына және «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына сәйкес көрсетіледі және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін  білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

6. Мемлекеттік қызмет негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – білім беру ұйымы) көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күту залы, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орын). Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметті  кедергісіз алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін  ғимараттарда арнайы  жабдықталған пандус қарастырылады. 

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден  14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.00-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарының веб-сайттарында орналастырылады.

8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) алушы осы Регламенттің 12-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;

2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде.

9.  Осы Регламенттің 12-тармағына сәйкесталап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Алушы көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қарастырылады.

Алушы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартылғаны туралы дәлелді жауапты білім беру ұйымынан алады.

10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) алушы білім беру ұйымына осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады; 

2) білім беру ұйымы алушыға барлық құжаттардың алынғаны туралы қолхат береді;

3) білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады;

4) білім беру ұйымының басшысы білім туралы құжаттың телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру жөніндегі шешімді қабылдайды;

5) білім беру ұйымы алушыға білім туралы құжаттың телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

11. Білім беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет)

тәртiбiнiң сипаттамасы

 

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушылар мынадай  құжаттарды ұсынады:

1) құжатты жоғалтқан азаматтың білім беру ұйымы  басшысының атына оның жоғалу жағдайы баяндалған өтініші;

2) құжаттың нөмірі және берілген күні көрсетілген құжаттың жоғалғаны жөніндегі газеттен үзінді;

3) туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесі;

4) жоғалған заттарды табу бюросынан анықтама.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы  ақпарат білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар білім беру ұйымдарына тапсырылады.  

15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда алушыға барлық құжаттардың алынғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) ұсынылған құжаттардың атаулары және саны;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттардың  ресімдеуге өтінішті қабылдаған білім беру ұйымы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері.

          16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жеткізу алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ әрекет етеді:

1) білім беру ұйымы;

2) білім беру ұйымының басшысы.

18. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң                            1-қосымшасында келтiрiлген.

19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген. 

 

 

  5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi іске асыруға жауап береді.

 

____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша

 

 

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің сипаттамасы

 

Негiзгi үдерістiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекеттің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Білім беру ұйымы

Білім беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымы

3

Әрекеттің

(үдерістiң,

рәсiмнiң,

операцияның)

атауы және олардың сипаттамасы

Осы Регламенттің

12-тармағында көрсетілген, алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау

Келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығын және сенімділігін тексеру, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру туралы шешім қабылдайды

Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру

4

Аяқтау нысаны

Алушыға барлық құжаттардың алынғаны туралы қолхат беру

Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау

мерзімдері

20 минуттан аспайды

Күнтізбелік 10 күннен аспайды

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

-

 

_______________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша

 

 

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

 

 

Білім беру ұйымының басшысы білім туралы құжаттың телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру жөніндегі шешімді қабылдайды

Алушы білім беру ұйымына осы Регламенттің

12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады

Білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады

 

Білім беру ұйымы алушыға барлық құжаттардың алынғаны туралы қолхат береді

 

 

 

 

Білім беру ұйымы алушыға білім туралы құжаттың телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

 

 

_______________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімдіктің

2012 жылғы «31» қазандағы

№ 482 қаулысымен бекітілген

 

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1)  мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік білім беру мекемесінің білім алушысы мен тәрбиеленушісі (бұдан әрі - алушы);

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушылар (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері) (бұдан әрі - ҚФБ).

 

2. Жалпы ережелер

 

2. «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) алушыларға «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы              24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, 3-тармағының 21) тармақшасына, 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес көрсетіледі және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін  білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

                6. Мемлекеттік қызмет алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған облыстың, қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органының қарамағындағы жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарында көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:

                белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат  Стандарттың 3, 4 - қосымшаларында тізбесі көрсетілген облыстың білім басқармасының, аудандардың, қалалардың білім беру бөлімдерінің фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ облыстың білім басқармасының, аудандардың, қалалардың білім беру бөлімдерінің интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру бес жұмыс күнін (өтініш түскен мерзімнен бастап бес күн ішінде) құрайды;

2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) –          30 минуттан аспайды;

3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға алушының осы Регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.

10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:

1) алушы жалпы білім беретін мектепке осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері алушыға қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат береді;

3) жалпы білім беретін мектептің басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады;

4) жалпы білім беретін мектептің басшысы жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтамаға немесеқызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауапқа қол қояды;

5) жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы немесеқызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауапты береді.

11. Жалпы білім беретін мектепте мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет)

тәртiбiнiң сипаттамасы

 

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы жалпы білім беретін мектепке мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

                1) Стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

2) Стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);

3) Стандарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген отбасыларда тәрбиеленетін адамдар санаты үшін, уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;

                4) Стандарттың 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде алқалық орган айқындайды.  Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.

13. Мемлекеттік қызметті алуға арналған Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес өтініштің үлгісі және қажетті құжаттар тізбесі жалпы білім беретін мектептердің фойесінде орналастырылады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің қызмет көрсетуге жауапты қызметкерінен алуға болады.

14. Осы Регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті көрсетуге жауапты жалпы білім беретін мектеп қызметкерінің кабинетіне тапсырылады.

15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде алушыға Стандарттың 7-қосымшасына сәйкес қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.

                16. Алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін жеткізу алушы немесе оның өкілі жеке өтінішпен жүгінген кезде (ресми бекітілген тиісті құжаттар болған жағдайда) өтініш түскеннен бастап 5 жұмыс күн өткен соң жүзеге асырылады.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ әрекет етеді:

1) жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері;

2) жалпы білім беретін мектептің басшысы.

18. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң                            1-қосымшасында келтiрiлген.

19. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтiрiлген.

 

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

20. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға жалпы білім беретін мектептің басшысы (бұдан әрi – лауазымды тұлға) болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк қызметтi көрсетудi іске асыруға жауап береді.

 

______________________________________

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша

 

 

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің сипаттамасы

 

Негiзгi үдерістiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекеттің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері

Жалпы білім беретін

мектептің басшысы

Жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері

3

Әрекеттің

(үдерістiң,

рәсiмнiң,

операцияның)

атауы және олардың сипаттамасы

Осы Регламенттің

12-тармағында көрсетілген, алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау

Келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығын және сенімділігін тексеру, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiне қол қою

Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру

4

Аяқтау нысаны

Алушыға қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхатты беру

Жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап

5

Орындау

мерзімдері

30 минуттан аспайды

5 жұмыс күні

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

-

 

 

________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша

 

 

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

 

Жалпы білім беретін мектептің басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады

Жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері алушыға қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат береді

 

 

Жалпы білім беретін мектептің басшысы жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтамаға немесеқызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауапқа қол қояды

Алушы жалпы білім беретін мектепке осы Регламенттің

12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады

 

 

Жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері жалпы білім беретін мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы немесеқызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауапты береді

 

 

 

________________________________________

 

 

 

 

Последние новости:
Последние статьи:
Популярные новости:
Популярные статьи:
Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2013 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.
 
История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход