Отдел образования г. Лисаковска Отдел образования акимата города Лисаковска
О НАС
Основные направления деятельности
Положение о государственном учреждении
Список сотрудников Отдела Образования
Список руководителей организаций
ГОС. УСЛУГИ
Об утверждении регламентов гос. услуг
Выдача справок для оформления наследства
Постановка на очередь дошкольников
Документы на соц. обеспечение
БАЗА НПА
Закон о государственной службе
Гражданский кодекс РК
Закон о государственных секретах
Закон по обращениям
САМОПОЗНАНИЕ
В помощь учителю самопознания
Начни день с доброго дела!
Призвание быть учителем жизни
"Добро во благо детям!"
Виртуальный методический кабинет
Последние новости:
Последние статьи:
Популярные новости:
Популярные статьи:
ПОЛЕЗНЫЕ ССЫЛКИ

К2. Конкурстық құжаттама
Вебмастер Lis-Edu.Kz 09:14 22 мая 2015 г. Просмотров: 4014

Бекітемін:
Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдердің шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры

Сычева В.А. _________

2015 жылғы «22» мамырдағы

14 бұйрық

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 3 мектеп» КММ күндіз болатын мектепалды сауықтыру лагеріндегі оқушылардыңтамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметті жабдықтаушының таңдауы бойынша конкурстық құжаттама

 

Конкурстыұйымдастырушы- «Балалар және жасөспірімдердің шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 32-үй, тел. 8 (71433) 3-27-32, БСН 990340008278, ЖСК КZ706010221000012019, БСК HSBKKZKX, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, e-mail – cdut01@mail.ru, интернет-ресурс: www.goroo.kz

1. Жалпы ережелер

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 3 мектеп» КММ күндіз болатын мектепалды сауықтыру лагеріндегі оқушылардыңтамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметті алушылардың жалпы саны

1. оның ішінде жетім балаларды, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды, мемлекеттік қолдауды мұқтаж ететін, көп балалы, толық емес отбасылардан шыққан, табысы аз отбасылардан шыққан балаларды(әрі қарай - қызмет) алушылардың жалпы саны 45 оқушыны құрайды.

2. Күндер саны: 10.

Тамақтануды ұйымдастыру бойынша бюджеттік қаражаттың есебінен бөлінген сома206550 (Екі жүз алты мың бес жүз елу) теңгені құрайды (ҚҚС есебісіз).

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қосады:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес техникалық тапсырманы;

3) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 3, 4-қосымшаларына сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысқысы келетін әлеуеттік жабдықтаушы конкурсқа қатысу өтінішімен бірге мына нысанда бюджеттік қаражат есебінен мектепалды алаңдарын тегін тамақтанумен қамту үшін бөлінген сомадан бір пайыз мөлшерінде қатысуға өтінішті қамтамасыз етумен конкурсқа қатысу өтінішін енгізеді.

1) кепілдемедегі ақшалай жарна ақшалары конкурсты ұйымдастырушының (Тапсырыс берушінің) келесі банк шотында орналасқан Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдердің шығармашылық орталығы» КМҚК,БСН 990340008278, ЖСК КZ706010221000012019, БСК HSBKKZKX, шот валютасы: KZT.

(конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету)

орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;

2) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

9. Конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 3, 4-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып,мөрімен куәландырылған өтінімді;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

Конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 32-үй, №8 кабинет конкурстық құжаттаманың тіркеу және қабылдау үшін жауапты конкурстық құжаттаманың хатшысы Машковцева Наталья Николаевна 2015 жылдың 12 маусымы сағат 10-00 дейін мерзімінде(өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн мен уақытты көрсету) береді.

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды 2015 жылдың 12 маусымы сағат 11-00-де Қостанай облысы Лисаков қаласы Мир көшесі, 32-үй, №8 кабинет мекенжайы бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады.

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

6. Конкурстық өтінімдерді қарау

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді,оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.

23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.

Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерін көздейді.

25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.

26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.

Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.

27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.

31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.

32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудіол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.

34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.

35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда не конкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарынажол берілмейді.

38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.

39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталғанкүннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

Конкурстық құжаттамаға

1-қосымша

 

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 3 мектеп» КММ күндіз болатын мектепалды сауықтыру лагеріндегі оқушылардыңтамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметті жабдықтаушының таңдауы бойынша қызмет алушылар санаттарының тізімі

Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымын

дағы көрсетілетін қызметтіалушылар

дың жалпы саны

Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру

мен қамтамасыз етілетін білім алушылар

Қызметті көрсету мерзімдері

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтанды

руды қамтамасыз етуге

бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома

1

2

3

4

5

6

7

 

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдердің шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

45

45 жетім балалар, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар, мемлекеттік қолдауды мұқтаж ететін, көп балалы, толық емес отбасылардан шыққан, табысы аз отбасылардан шыққан балалар ішінен

2015 жылғы 17-30 маусым аралығы

Қазақстан Республика, Қостанай облысы Лисаков қаласы, 3-шағ.аудан, 23-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 3 мектеп» КММ

206550 (Екі жүз алты мың бес жүз елу) теңге

Күні: 22.05.2015 ж.

Директор_____________________Сычева В.А.

М.О.(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 мектеп» КММ күндіз болатын мектепалды сауықтыру лагеріндегі оқушылардыңтамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметті жабдықтаушының таңдауы бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 мектеп» КММ күндіз болатын мектепалды сауықтыру лагеріндегі оқушылардыңтамақтануын ұйымдастыру бойынша қызмет мекенжай бойынша көрсетіледі: Қазақстан Республика, Қостанай облысы Лисаков қаласы, 3-шағ.аудан, 23-үй, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 3 мектеп» КММ.

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 мектеп» КММ күндіз болатын мектепалды сауықтыру лагеріндегі оқушылардыңтамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметті алушылардың жалпы саны жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы 206550 (Екі жүз алты мың бес жүз елу) теңге сомасына тегін ыстық тамақпен қамтылатын жетім балалардың, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың, мемлекеттік қолдауды мұқтаж ететін, көп балалы, толық емес отбасылардан шыққан, табысы аз отбасылардан шыққан балалардың ішінен 45 оқушыны құрайды.

Балалар саны: 450 құрайды

Қызметті көрсету мерзімі: 2015 жылғы 17-30 маусым аралығы.

Асхана жайы ғимараттың 1 қабатында орналасқан.

Асхана жайы ғимараттың 1 қабатында орналасқан.

Асхана жайларының жалпы ауданы -1 19,9 м2

Асхана жайында:асхана 51,1 м2, асхана 31,9 м2, тоңазытқыш камерасы 5,3 м2, қойма 6,6 м2, дәліз 16,1 м2, дәліз 1,5 м2, санторап 1,7 м2, душ 1,1 м2, шешінетін жер 4,6 м2, ас залы 240 отыратын орынға ескерілген.

Азық блогы: наубайхана шкафы – 1 дана, электр сковорода – 1 дана, ыдыс жуатын машина– 1 дана, электр қазан -1 дана, мармит – 1 дана, электр плита- 1 дана, тоңазытқыш - 2 дана

Қызметтерді көрсету орны: 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 3-шағын аудан,үй

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 мектеп» КММ күндіз болатын мектепалды сауықтыру лагеріндегі оқушылар үшін бекітілген және келісілген екі апталық болашақ мәзірі

1 неделя

ДҮЙСЕНБІ

шығу

Таңғы ас

 

Май қосылған сүттен жасалған ұнтақ ботқасы

10/300

Картоппен піскен самса

85

Қант қосылған шай

200

Нан

45

Түскі ас

 

Қаймақ қосылған үй солянкасы

20/350

Тауықтан жасалған рагу

40/70

Май қосылған картоп езбесі

170

Құрғақ жемістерденжасалған нәрсу

200

Нан

45

СЕЙСЕНБІ

шығу

Таңғы ас

 

Пицца

120

Кофей сусыны

200

Түскі ас

 

Көк қосылған жаңа піскен қызанақтан жасалған салат

70

Қаймақ қосылған щи

20/350

Тауықтан жасалған палау

25/350

Құрғақ жемістерденжасалған нәрсу

200

Нан

45

Жемістер

 

СӘРСЕНБІ

шығу

Таңғы ас

 

Май қосылған сүттен жасалған тары ботқасы

10/300

Ірімшік қосылған самса

85

Сүт қосылған какао

200

Нан

45

Түскі ас

 

Көк қосылған жаңа піскен қиярдан жасалған салат

50

Көк қосылған балық сорпасы

10/350

Піскен сарделькалар

80

Картоп езбесі +май қосылып пісірілген қырыққабат

150

өрік шырыны

200

Нан

45

Балмұздақ

 

БЕЙСЕНБІ

шығу

Таңғы ас

 

Повидло қосылғанқұймақ с

2шт

Қан қосылған какао

200

Түскі ас

 

Көкөніс винегреті

70

Қаймақ пен көк қосылған рассольник

20/350

Үй қуырдағы

40/350

Жаңа піскен жемістерденжасалған нәрсу

200

Нан

45

Шоколад

 

ЖҰМА

шығу

Таңғы ас

 

Май қосылып пісірілген картоп пісірмесі

10/300

Сүт қосылған шай

200

Түскі ас

 

Жаңа піскен қырыққабаттан жасалған салат

70

Қаймақ қосылған свекольник

20/350

Көкөністермен бұқтырылған ет

75/100

Май қосылған бұршақ езбесі

180

Жаңа піскен жемістерденжасалған нәрсу

200

Нан

45

«Да-Да» шырыны

200

2 апта

ДҮЙСЕНБІ

шығу

Таңғы ас

 

«Дружба» сүт ботқасы

10/300

Ірімшік қосылған батончик

85

Қант қосылған шай

200

Нан

45

Түскі ас

 

Көк қосылған бұршақ сорпасы

10/350

Көкөністермен бұқтырылған балық

40/100

Май қосылған картоп езбесі

170

Құрғақ жемістерденжасалған нәрсу

200

Нан

45

«Да-Да» шырын

200

СЕЙСЕНБІ

шығу

Таңғы ас

 

Май қосылған сүттен жасалған күріш ботқасы

10/300

Қамырдағы сосиска

120

Қант қосылған шай

200

Нан

45

Түскі ас

 

Қаймақ пен көк қосылған «Волна» сорпасы

20/350

Қара мал етінен жасалған гуляш

25/80

Май қосылған қарамық ботқасы

200

Жемістер киселі

200

Нан

45

Шоколад

 

СӘРСЕНБІ

шығу

Таңғы ас

 

Қайнатқа қосылған ірімшік

2шт

Сүт қосылған шай

200

Түскі ас

 

Жаңа піскен қырыққабат пен көк қосылған салат

70

Фрикаделькалар мен көктен жасалған сорпа

10/350

«Еріншек» голубцы

75/100

Майда пісірілген макарон

170

Жаңа піскен жемістерденжасалған нәрсу

200

Нан

45

Жемістер

 

БЕЙСЕНБІ

шығу

Таңғы ас

 

Май қосылған сүттен жасалған күріш ботқасы

10/300

Алма қосылған самса

85

Қант қосылған шай

200

Нан

45

Түскі ас

 

Қаймақ қосылған жаңа піскен қырыққабаттан жасалған борщ

20/350

Тауықтың қуырылған сан еті

150

Май қосылған картоп езбесі

170

Жаңа піскен жемістерденжасалған нәрсу

200

Нан

45

Жемістер

 

ЖҰМЫ

шығу

Таңғы ас

 

Картоппен пісірілген самса

100

Қант қосылған шай

200

Түскі ас

 

Жаңа піскен көкөністерден жасалған салат

70

Қаймақ қосылған жаңа піскен қырыққабаттан жасалған борщ

20/350

Көкөністерден жасалған қуырдақ

75/100

Май қосылған макарон

170

Жемістер иселі

200

Нан

45

Балмұздақ

 

Тамақты ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету барысында жабдықтаушы келесі талаптарды орындау тиіс:

  • 1.Оқушылардың денсаулығы үшін қауіпсіздік жіне сапалы кепілдеме беретін тағамдарды жасау және дайындаудың барлық кезендерінде санитарлық ережелерді сақтау үшін қажетті жағдайларды жасау.

2.Әрбір қызметкердің медициналық кітапшалары бар, кәсіптік, гигиеналық дайындықтардан өткен, денсаулық жағдайы бойынша рұқсаты бар тұлғаларды қабылдауды жүзеге асыру (барлық қызметкерлердің түсу барысында заманауи алдын ала және кезендік медициналық қаралулар).

3.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес, санитарлық ережелермен, гигиеналық талаптармен қызметкерлер үшін еңбек жағдайын жасау;

4.Ас блогының қызметкерлерін арнайы киімдермен және бас киімдермен қамтамасыз етілуі және орталықтырылған кір жууын қамтамасыз етілуі.

5.Қажетті құжаттарды жүргізуімен қамтамасыз ету (бракеражды жорналдар, іріндеген және тыныс органдарының өткір ауруларына қызметкерлерді қарау жорналы және басқа құжаттар).

6.Дезинфекциялау бойынша іс-шараларды өткізуін қамтамасыз ету.

7.Жиһаздар мен басқа аз құнды керек-жарақтардың дұрыс жұмыс істеуін және қолданатын жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету, егер жиһаздарды, жабдықтарды және басқа аз құнды заттарды бұзған жағдайда өз қаражатына жөндеу жасау немесе шығындарын өтеу;

8.Қызметтерді көрсету басталуына дейін объектке (асхана бөлмесі) санитарлық-эпидемиологиялық нәтижесіін алу.

9.Жеткілікті санындағы өндірістік керек-жарақтар, ыдыс-аяқтар, жуатын және дезинфекциялайтын заттар (ҚР қолдануға рұқсат етәілген) және басқа материалдық-техникалық жабдықтардың заттарымен қамтамасыз ету.

10.Өндірістік саладағы заттары болып табылатын жабдықтар, ыдыс-аяқтар, керек-жарақтар қоғамдық тамақтану ұйымдарына талап етілетін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болу және бекітілген тәртіпте тағам өнімдерімен байланысу үшін қолдануға болатын материалдардан жасалуы.

Санитарлық ережеге сәйкес жуу және дезинфекциялау ережелерін сақтау мақсатында бір отыратын орынға үш жинақтан кем емес есебәнде асхана ыдысы мен құралдарының жеткілікті санын қамтамасыз ету.

11. Асханалық ыдыстарының өзгерген күйін, шеттері сынған, жарылған, эмалі құртылған, қалайыдан жасалған ыдыстар, пластмассадан және жұқа тақтайдан жасалған өңдеу тақтайларын, сынған және механикалық бұзылған ағаш жабдықтарымен және өңдеу тақтайларын пайдалану үшін жібермеу;

  • 12.Қандай да бір технологиялық жабдықтардың істемей қалған жағдайда мәзірде өзгерістер енгізу қажет және дайын тағамдарды өндіру барысында санитарлық ережелердің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.

13.Ас блогына түсетін тамақ өнімдері азық-түлік шикізатына және тағам азық-түліктеріне талап етілетін гигиеналық талаптарына сәйкес болу керек және азық-түліктің шығарылған күні, сақтау мерзімімен жағдайы, қауіпсіздігі мен сапасы куәләндыратын құжаттары болу керек. Жолдама құжатты азық-түлікті жүзеге асырудың соңына дейін сақтау керек.

14.Қызметті көрсету барысында қолданатын қоректену тағамдарының сапа сертификатын болуы керек.

15.Дайын тағамдарды беру ін дәмін татқаннан кейін жүзеге асырылады. Тағамдардың сапа бағасын құрамында үш адамнан кем емес брокеражды комиссия жасайды: медициналық қызметкер, ас блогының өкілі және білім мекемесінің өкілі (тағам жасалынған ыдыстан дәмін татады). Бракераж нәтижесі санитарлық ереженің 12 қосымшасына сәйкес «Дайын тағам бркеражының жорналына» тіркеледі. Мәзірде көрсетілген сыбаға тағамдардың өлшемі тағамның шығуына сәйкес болу және гигиеналық мөлшерлерге сәйкес болуы керек. Тағамдарды дайындау технологиясын бұзған жағдайда, сонымен қатар дайын болмау жағдайында табылған аспаздық кемшіліктер жойылмағанға шейін тағам берілмейді.

16.Сақтаудың аса жағдайын талап ететін, тез бүлінетін тағамдардың сақтау мерзімдерін және жағдайларын сақтау үшін бақылау мақсатындасәйкес жорналдарда тіркеу арқылы санитарлық ереженің 11 қосымшасына сәйкес термометрді қолданып тоңазытқыш жабдықтарының сақтау температура режимін бақылау жүргізу.

17.Технологиялық үрдісті сақтауды бақылау мақсатында дайын тағамдардың әрқайсысынан тәуліктік сынау, санитарлық ережелердің 8 пуктісі дәмін таңдау бойынша ұсыныстарға сәйкес ас блогының қызметкері «аспазшы» тәуліктік сынағын жүзеге асырады. Тәіліктік таңдаудың сақтау жағдайларын және таңдау дұрыстығын медициналық қызметкер бақылайды.

18.Оқушылардың тамақтану кесетсін сақтау.

19.Азық-түліктерді әкелу және шикізат тағамдарын Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы органымен берілетін нәтижесімен арнайы машинамен жүзеге асырады.

20.Оқушылардың тыйым салынған тағамдарды тамақтануын жібермеу, сонымен қатар газдалған және энергетикалық сусындар, чипсыйлар, сухариктер және генномодифицитталған қосындылары бар тағамдарды, сонымен қатар шайнау резинкелерін шығаруын болдырмау.

21.Қызметтерді көрсетіп болғаннан кейін мектептің азық блогының жайында жыл сайынғы және қажеттілік шамасында жөндеу жүргізу.

22.Конкурс жеңімпазы болып танылған жағдайда жай мен техникалық жабдықтарды(болған жағдайда) жалға алу, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді тұтыну шартын жасау.

23.Оқушылардың және тәрбиенушілердің тамақтануын ұйымдастыру үшін «ұйымдастырылған ұжымдарда мектеп жасындағы жасөспірімдер және балалар тамақтану үшін аспаздық тағамдарды дайындау бойынша технологиялық нұсқау» пайдалану керек.

Тағамдарды дайындау барысында йодталған тұзды қолдану керек, үшінші және тәтті тағамдарға С-витаминизациясын қолдану.

Сүт тағамдары термиялық өңдеуден кейін қолданылады, салаттар өсімдік майымен араластырылады.

Көкөністермен, жемістермен, ірімшікпен жасалған пісірілген нандар асхананың мүмкіндігінен жасалады.

Күні: 22.05.2015 ж.

Директор_____________________Сычева В.А.

М.О.(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

Конкурстық құжаттамаға

3-қосымша

Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшін)

Кімге __________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

Кімнен ________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)

1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почта мекенжайы және байланыс телефондары

 

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

 

Заңды тұлғаның бірінші басшысының Т.А.Ә.

 

2. _____________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

осы өтініммен _______________________________________________________

(конкурстың толық атауы)

конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес ____________________________________________________________________

(қажетін көрсету керек)

қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді.

3. _____________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

4. _____________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және ________________________________________ көрсетілетін қызметтердің

(қажетін көрсету керек)

өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім ___ күн ішінде қолданылады.

6. _____________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы)

жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.

7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні

Басшының қолы_____________________ М.О.

(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

Конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

Конкурсқа қатысуға өтінім

(жеке тұлға үшін)

Кімге __________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

Кімнен ________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)

1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжатқа сәйкес Т.А.Ә.

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері (№, кім берген)

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің тіркелген мекенжайы

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің нақты тұрғылықты
мекенжайы

 

Тіркеу туралы куәліктің, патенттің
не Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес конкурс мәніне
сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқық беретін өзге де
құжаттың нөмірі

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы

 

Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім
берушінің байланыс телефондары,
почта мекенжайы мен электрондық
почта мекенжайы (болған
жағдайда)

 

2. _____________________________________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі)

осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. _____________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.

4. _____________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім __ күн ішінде қолданылады.

6. _____________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.

Күні

Басшының қолы_____________________ М.О.

(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

Конкурстық құжаттамаға

5-қосымша

Қызметкерлердің біліктілігі туралы

мәліметтер

(әлеуетті өнім беруші толтырады)

1.Әлеуетті өнім берушінің атауы_________________________________

_________________________________________________________________

2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардытамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету үшін ___________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауын көрсету)

әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.

Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының көшірмелері қоса берілген____ аспазшы, ____ технолог,____ диетолог құрайды:

Қызметкердің Т.А.Ә.

Білімі және мамандығы

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

Біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер

Жұмыс істеуге рұқсат берілгендігі туралы мәліметтер (рұқсат беру туралы белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

         

Барлығы

       

3.Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, _________________________________ соңғы бес жыл ішінде конкурста сатып

(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)

алынатын көрсетілетін қызметтерге ұқсас көрсеткен қызметтердің көлемі.

Көрсетiлген қызметтердiң атауы

Тапсырыс берушiлердiң атауы

Қызметтерді көрсету орны және жылы

     

4._____________________________________________________________

(әлеуеттi өнiм берушiнің атауы)

рұқсат беру туралы белгісі бар жұмысқа жіберілген автокөлік пен жүргізушіге растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген, қызмет көрсетуі үшін мамандандырылған автокөлігі (бар болса) бар:

Көлік түрi

Көлік маркасы

Жекеменшiк, жалға алынған (кiмнен)

Жүргізушіге рұқсат беру туралы мәліметтер (рұқсат беру белгісі бар медициналық кітапшалардың көшірмелері)

Рұқсат берубелгісі көрсетілген көліктің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы

         

5.Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: меншікті, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау.
____________________________________________________________________

6.Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсету үшін ресурстардың бар екені туралы қосымша мәліметтерді көрсетеді.

Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.

Күні

Басшының қолы_____________________ М.О.

(Т.А.Ә., лауазымын көрсету)

Конкурстық құжаттамаға

6-қосымша

Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардытамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау критерийлері

Критерийлер

Балдар

1

Конкурстың нысанасы болып табылатын қызмет көрсету нарығындағы тәжірибесі

Әр жылға 1 балдан, бірақ 5 балдан аспайды

2

Экологиялық менеджмент жүйесін қанағаттандыратын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын сәйкестік сертификатының бар-жоғы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(2 балл)

3

Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметке қолданылатын менеджмент сапасы жүйесі сертификатының бар-жоғы

Жоқ

(0 балл)

Бар

(3 балл)

4

Аспазшылардың біліктілігі (10 балдан аспайды)

Арнайы орта білім

3-разряд

(1 балл)

Арнайы орта білім

4-разряд

(2 балл)

5-разряд және (немесе) жоғарғы білім

(3 балл)

5

Технологтың, диетологтың болуы (4 балдан аспайды)

Жоқ

(0 балл)

Бір маман ғана бар

(1 балл)

Бар

(2 балл)

6

Шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесінің бар-жоғы

10-нан кем ас атауы

(1 балл)

10-нан 30-ға дейін ас атауы

(2 балл)

30-дан 50-ге дейін ас атауы

(3 балл)

7

Азық-түлікті санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар арнайы көлікпен жеткізу шарттары

Көлік жоқ

(0 балл)

Жалдамалы көлік

(3 балл)

Жеке көлігінің болуы

(5 балл)

Ескертпе: 4, 5-тармақтарда балдар әр маман үшін қойылады.

Конкурстық құжаттамаға

7-қосымша

Банктік кепілдік

______________________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)

Кімге:________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)

№_________кепілдік міндеттеме

______________________________ ____ж. «___»__________________

(орналасқан жері)

Біз бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын _________________________,

(әлеуетті өнім берушінің атауы)

_____________________________________________________ұйымдастырған

(конкурсты ұйымдастырушының атауы)

Білім беру ұйымдарының білім алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау конкурсына қатысатындығынан және ___________________________________________
(көрсетілетін қызметтердің атауы)

қызмет көрсетуге әзір екендігінен хабардармыз.

________ж. «___»______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.

Осыған байланысты біз_______________________осы арқылы өзімізге
(банктің атауы)

Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ өнім беруші:

конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғанын;

конкурс жеңімпазы деп танылған өнім берушінің қызмет көрсету туралы шарт жасасудан жалтарғанын;

қызмет көрсету туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағанын не уақтылы орындамағанынжазбаша растауды алысымен ________________________________________________________________тең

(сомасы цифрлармен және жазбаша)

соманы Сізге төлеуге қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.

Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді және өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімі қолданылатын соңғы мерзімге дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.

Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Күні

Басшының қолы_____________________ М.О.

(Т.А.Ә., қызметін көрсету)

Конкурстық құжаттамаға

8-қосымша

 

 

 

Берешектің жоқтығы туралы

анықтама

____________________________________________________________________

(банк атауы)

___________ (күнін көрсету) жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгіжоспарына сәйкес аталған Банк қызмет көрсететін
____________________________________________________________________

(заңды (жеке) тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн)

банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан көп созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ екенін растайды.

Күні

Басшының қолы_____________________ М.О.

(Т.А.Ә., қызметін көрсету)

 

 

Яндекс.Метрика
Карта сайта: [1] [2] [3] [4] [5] [6] [7] [8] [9] [10]
© 2008-2024 Образовательная сеть «Lis-edu.kz»
Дизайн и разработка Ormicon SFG.
Все права на размещенные материалы принадлежат лицам и организациям их разместившим.

История Интернета в Казахстане Интересные факты о бритвах Необычные идеи для бизнеса Интересные факты о студентах
pID:
Пароль:


Забыл пароль
Регистрация
 Вход