2011 жылы 26 қазан күні №3 қазақ орта мектебінде "Үздік қазақ тілі мұғалімі" қалалық байқауы өтті. Байқауды өткізуге мұрындық болған қалалық білім бөлімі мен тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі. Байқаудың мақсаты: жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, замануи талабына сай мұғалімді анықтау. Байқауға қала мектептерінен 6 қазақ тілі мұғалімі қатысты. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда дегендей байқаудың өз жеңімпаздары да анықталды: 1 орын-Искужинова А.А.,№3 қазақ орта мектебінің мұғалімі, 1орын-Садыбекова С.Н.,№6 орта мектебінің мұғалімі, 2орын-Тоқжанова Р.Б., № 4 орта мектебінің мұғалімі, 3 орын-Ахметова А.К.,№2 орта мектебінің мұғалімі. "Үздік қазақ тілі мұғалімі" облыстық байқауға 1 орынға ие болған мұғалімдер қатысады. Сәттілік тілейміз!