2013 жылы 11 қазан күні «№4 орта мектебі» ММ ағылшын мен қазақ тіл дері мұғалімдері үшін «Critical thinking in Language Teaching» практикалық конференция өтті. Крепышева Вера Александровна- білім беру бағдар- ламасының координаторы Гавай аралына барған іссапары жайлы, 1 ай бойы әлемнің әр елінен келген әріптестерімен ағылшын тілін оқыту бойынша пікір алмасқаны жөнінде айтты. Әр елдің мәдени айырмашылығы туралы айтқан әңгімелері презентация, фотолармен сүйемелденді.
Азьмука Алена Николаевна, «№4 орта мектебі» ММ ағылшын тілі мұғалімі 2013 жылы Орта Азия елдерінің конференциясына қатысқаны туралы айтты. Конференциядан әкелген материалдарынан әріптестеріне сын тұрғысынан ойлаудың 2 тәсілін ұсынды, оларды қазақ және ағылшын тілдері сабақтарында қолдануға болады: шеңбер бойынша оқу, жүгіру диктанты. Мұғалімдер екі шебер-сыныбына белсенді қатысып, кон ференциядан әкелінген материалдар негізінде осындай семинар өткізу керектігі жайлы пікірлерін ортаға салды.